Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат

1-кезең Мотивациялық-қозғаушы

Таңертеңгі шеңбер

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолын ұстап, жылы лебіз білдіреді.

Өлең жолдары

Біз қандаймыз, қандаймыз —

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді біз білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан таңға.

2-кезең Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Табиғатты танып-білуге бағытталған әңгіме

Сабақ сұрақ-жауап арқылы басталып, балалардың күнделікті өмірден көретін құбылыстарын табиғат ұғымымен байланыстыруға жетелейді.

Жетелеуші сұрақтар

  • Балалар, таңертең ұйқыдан тұрғанда кімді көресіңдер?

    Әке, ана, ата, әже.

  • Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?

    Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер, қар.

  • Күн, су, ауа бізге керек пе?

    Иә, күн, су, ауа бізге керек.

  • Осының барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

    Табиғат.

Негізгі ұғым

Табиғат екіге бөлінеді: өлі табиғат және тірі табиғат.

Өлі табиғат

  • су
  • ауа
  • жер
  • күн
  • бұлт
  • жаңбыр
  • құм

Тірі табиғат

  • адамдар
  • құстар
  • өсімдіктер
  • ағаштар
  • гүлдер

Қайталайық: өлі табиғат және тірі табиғат.

Бақылау: қар

Нысан

Ыдыстағы қар

Түсі

Ақ

Мезгілі

Қыс

Жұмбақтар арқылы бекіту

Дәмі де жоқ, түсі жоқ, пайдаланбас кісі жоқ.

Жауабы: су

Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.

Жауабы: күн

Өмірде одан мол ештеңе болмайды, құшақтасаң құшағың тең болмайды.

Жауабы: ауа

«Су» туралы шағын зерттеу

Сұрақ-жауап

  • Мынау не? Су.
  • Түсі қандай? Мөлдір, таза, сұйық зат.
  • Дәмі бар ма? Дәмі жоқ.
  • Суды қалай пайдаланамыз? Ішеміз, кір жуамыз, тамақ дайындаймыз.

Неге су маңызды?

  • Судың пайдасы мол, адам тіршілігінің барлық саласында қажет.
  • Су өзгеріске ұшырайды: буға айналады, кейін жаңбыр болып қайта түседі.
  • Су мұз болып қатады.
  • Су отты өшіре алады.

Мақал-мәтел

Судың да сұрауы бар.

Су — тірліктің көзі.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Қанатты жазайық.

Құс болып ұшайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Тәжірибелік жұмыстар: бақылау және қорытынды

1) Құмды суға салайық: ери ме?

Құм суға ерімейді. Құм бізге қажет: құмға ағаш отырғызуға, өсімдіктер мен гүлдер өсіруге болады.

Қорытынды: су — өлі табиғатқа жатады, ал ағаш, құс, гүл, өсімдік — тірі табиғатқа жатады.

Тақырып

Еру/ерімеу

Ойланайық

Біз нені жұтамыз, немен тыныс аламыз?

Тәрбие

Құстарды атуға бола ма?

Қамқорлық

Ағаштың талын кесуге бола ма?

2) Гүл отырғызу: құмды қопсытып, гүлді отырғызамыз да, су құямыз

Гүл су арқылы өседі, көркейеді. Өсімдіктер оттегін бөліп, ауаны тазартады.

Сұрақ: Бұлар қандай табиғатқа жатады? Жауап: Тірі табиғат.

3) Қантты суға салайық: ери ме? Дәмі қандай?

Қант суда ериді. Су тәтті дәмге ие болады.

4) Тұзды суға салайық: ери ме? Дәмі қандай?

Тұз суда ериді. Су тұзды дәмге ие болады.

Қорытынды сұрақ

Балалар, қар қай мезгілде болады?