Сызықтық алгоритмдер

Информатика · 6-сынып

Тақырып: Алгоритмнің түрлері

Бұл сабақта алгоритмнің негізгі түрлері қарастырылады: сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер. Мақсат — оқушыларға осы түрлердің мәнін түсіндіріп, күнделікті өмірдегі әрекеттерге алгоритм құра білу дағдысын қалыптастыру.

Білімділік

Алгоритм типтері туралы жалпы мәлімет беру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылықты, іскерлікті, танымдық және логикалық дағдыларды дамыту; пәнге қызығушылық пен белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

Тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақ түрі
Аралас
Сабақ типі
Жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар

  • ДК (компьютер), презентация
  • Оқулықтар, дәптерлер
  • Көзге арналған жаттығу
  • Таратпа карточкалар

Мұғалімнің негізгі іс-әрекеттері

  1. 1 Амандасу және оқушыларды түгендеу.
  2. 2 Сабаққа дайындықтарын тексеру, зейінді сабаққа аударту.
  3. 3 Сабақтың мақсатымен таныстыру.
  4. 4 Сұрақ-жауап арқылы алдыңғы білімді еске түсіру.

Кіріспе сұрақтар (сұрақ-жауап)

1

Алгоритм дегеніміз не?

2

Алгоритм тілі дегеніміз не?

3

Программа дегеніміз не?

4

Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

5

Алгоритм тілі дегеніміз не?

Алгоритмнің негізгі түрлері

Сызықтық алгоритм

Тізбектей орындалу

Сызықтық алгоритм — қарапайым командалар тізбегінен тұратын, әрекеттердің бірінен кейін бірі орындалуын сипаттайтын алгоритм. Яғни қадамдар белгілі бір ретпен орындалып, ешқандай шартқа тәуелді болмайды.

Тармақталу алгоритмі

Шартқа тәуелді таңдау

Күнделікті өмірде көптеген әрекеттер шартқа байланысты әртүрлі бағытта орындалады. Тармақталу алгоритмінде алдымен логикалық шарт (көбіне арифметикалық теңсіздік түрінде) тексеріледі.

  • Егер шарт орындалса — алгоритм 1-ші тармақ (1-ші серия) бойынша орындалады.
  • Егер шарт орындалмаса — алгоритм 2-ші тармақ (2-ші серия) бойынша орындалады.

Циклдік алгоритм

Қайталану

Көптеген есептерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет қайталанып орындалады. Мысалы, математикада есеп шығару кезінде айнымалы мәні өзгерген сайын бірдей қадамдарды қайта орындауға тура келеді. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанса, бұл процесс цикл деп аталады.

Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритмдер деп аталады. Циклдік алгоритмдерді қолдану арқылы программаны қысқа әрі ықшам жазуға болады. Қайталану бөлігіне циклдік командалар қолданылады.

Арифметикалық цикл

Қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда қолданылады.

Итерациялық цикл

Қайталану саны белгісіз болып, процесс шарт орындалғанға дейін жалғасатын жағдайда қолданылады.

Негізгі ой

Алгоритмдер — күнделікті әрекеттерді жүйелеудің тиімді тәсілі. Әр тапсырмаға сәйкес дұрыс түрін таңдай білу: сызықтық (қадамдар тізбегі), тармақталу (шартқа байланысты таңдау), циклдік (қайталану) — программалау мен логикалық ойлаудың негізгі тірегі.