Ата - анаға сөз

Тәрбие сағатының мақсаты

Білімділік

Оқушылардың білім шыңына талпынудағы алғашқы қадамдарына қандай қасиеттер қажет екенін анықтау, қандай дағдыларға бейімделу керектігі туралы пікір алмасу.

Дамытушылық

Жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін дамыту, тұлға қалыптастыруға бағытталған дүниетанымды кеңейту.

Тәрбиелілік

Терең білімге ұмтылуда үздіксіз еңбек етуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру.

Көрнекіліктер

  • Қанатты сөздер
  • Техникалық құрылғылар
  • Кітап көрмесі және басқа материалдар

Барысы

Ашылуы

Би

«Қылыш биі»

Гүлсая

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, аяулы аналар, оқушылар! Сіздерді алда келе жатқан көктемнің жайма-шуақ мезгілімен тұстас келген 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Мирас

Бүгін 2 «Б» сыныбының «Бүгінгі мектеп түлегі — ертеңгі елдің тірегі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мұғалім

Құрметті оқушылар! Сендер сәбилік пен балалық шақты артқа тастап, есейіп қалдыңдар. Әрқайсыңның алдарыңа қойған басты мақсаттарың бар: білім шыңына талпыну, келешекте білімді ұрпақ болып, елдің ертеңі мен тірегі атану.

Мектеп туралы жыр

Гүлсая

Мектеп деген — киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Балалықтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай-талай азамат.

Мирас

Мектеп — сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп — сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп — сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп — сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

Гүлсая

Мектеп деген — білім кені, жыр кені,
Мектеп деген — ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген — тәрбиеші адамға,
Мектеп деген — даналардың мекені.

1-оқушы

Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.

2-оқушы

Мектебім — мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.

3-оқушы

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

4-оқушы

Тәуелсіз Қазақстан — байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Балалар аманатын алға тартар,
Жас ұрпақ алдарыңда міне бүгін.

Хор

«Қазақстаным»

Өнер көрсетілімдері

Мирас

Бойларыңда от барын байқадым,
Жүректеріңде шоқ барын байқадым.
Сол шоқты өшірмей әрдайым,
Жалындатып, шарықтаңдар қашанда!

Гүлсая

«Дүние ойдан шығады, өзімді-өзім ұмытып. Көңілім әнді ұғады, жүрегім бойды жылытып…» — келесі кезекті әнге береміз.

Би

«Кеңжайлау»

Ән

Дарабоз бен Ақгүлдің орындауында «Балдәурен»

Негізгі ой: Білім бе, байлық па?

Мұғалім

«Іргелі іс — ізденістен туындайды, бар ізгілік — білімнен алынады», — деген ойды негізге ала отырып, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Білімді игеру — әрбір мұсылманның міндеті» дейді. Ата-бабамыз да: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» сияқты нақыл сөздер қалдырған.

Ертеде бір адам данышпаннан: «Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрапты. Данышпанның жауабы төмендегідей болған екен:

  1. Дамир

    1) Білім артық, өйткені ол — пайғамбарлардан қалған мирас, ал байлық — өзгелерден қалған мұра.

  2. Жания

    2) Білім артық: білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында — пайдакүнем достар көп болады.

  3. Дамир

    3) Білім артық: ол достарыңды көбейтеді, ал байлық дұшпандарыңды арттырады.

  4. Жания

    4) Білім артық: оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні түгесіледі.

  5. Дамир

    5) Білім артық: оны ұры-қарыдан қорғаудың қажеті жоқ, ал жиған дүниеңді сырт көзден қызғыштай қорғайсың.

  6. Жания

    6) Білімің көп болса, ел саған қызығады; байлығың көп болса, ел сені қызғанады — білімнің артықтығы да осында.

  7. Дамир

    7) Білім артық: ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық сараңдық пен қомағайлықты арттыруы мүмкін.

  8. Жания

    8) Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі артады. Ал байлығы мол адам мастанып, мақтанға салынып, астамдық көрсетуі мүмкін. Сондықтан білім артық.

Диалог

Гүлсая: Мирас, сен қалай ойлайсың: білім артық па, байлық артық па?

Мирас: Әрине, білім артық. Елбасының «Ұлт болашағы — білімді ұрпақ қолында» деген сөзі де білімді терең меңгерудің маңызын айқын көрсетеді.

Би

«Торсық би»

Тәуелсіздік және жас ұрпақ

Гүлсая

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты — мен жастарға сенемін», — деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, сыныбымыздың жас сөз шебері Алтынбекқызы Айқынды ортаға шақырамыз.

Мәнерлеп оқу: «Тәуелсіздік»

Би

«Ата толғауы»

Ұстазға құрмет

Диалог

Мирас: Біз білім туралы айтып жатырмыз. Ал бізді білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарымызды неге айтпасқа?

Гүлсая: Дұрыс айтасың. Мен үшін ең құрметті мамандық — ұстаздық.

Мирас: Неге олай ойлайсың?

Гүлсая: Себебі ұстаздар жас ұрпаққа білім беруде бар күш-жігерін аямай еңбек етеді. Алғашқы ұстазымызға алғысымыз шексіз. Өзім де болашақта мұғалім болғым келеді.

Ән

Орынбасарова Айдананың орындауында «Ұстазым»

Мирас

Қоңыр үнді даусы әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай!
Мейірлене қарап біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

Хор

Мүбаракова Ақниеттің орындауында «Мектебім»

Анаға тағзым

Мұғалім

Ақ сүт беріп аялаған, бізден ештеңесін аямаған, жанашыр болып саялаған — ол кім?

Бәрі: Аяулы анамыз.

Иә, жарық дүниеге әкеліп, өмір сыйлаған ата-анамызға қандай жақсылық жасасақ та артық болмайды. Ендеше, анаға арналған өлеңдерімізді бастайық.

Мирас

Сыныбымыздың үздік оқушысы, мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы Ерниязов Қанжарбекті ортаға шақырамыз.

Баубек Бұлқышов: «О, Ана, Ана!» (мәнерлеп оқу)

5-оқушы

Ана — өмірдің қуанышы, тірегі,
Бала — оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар әрдайым тыныштықты тілейді.

6-оқушы

Ана десем — алғыс алам халқымнан,
Ана десем — теңіз болам шалқыған.
Ана десем — ашылады қабағым,
Ана десем — әділдікті ұғамын.

7-оқушы

Аяулы менің анашым,
Өсірдің мені мәпелеп.
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
«Қошақаным», «Әкем» деп.

8-оқушы

Айналайын анашым,
Ақ сүт беріп өсірген.
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Қате кетсем кешірген.

Мирас

Жылы жүзің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша, аяулы ана, тына аламын —
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Ән

Мүбаракова Ақниеттің орындауында «Ақ мамам»

Би

«Неміс биі»

Ән

Орынбасарова Айдана — «Анашым»

Би

«Одесей биі»

Би

«Өзбек биі»

Ата-анаға сөз

Гүлсая

Ата-анаға қымбат — бала заты,
Естілмесін дейді екен жаман аты.
Бүгінгі күні ата-анаға сөз береміз,
Біздерге айтар аманаты бар ма екен?

Жас ұрпақтың жүрекжарды қуанышын бөлісіп, шашуын ақ тілек, батамен өріп ортамызға келген ата-аналарға сөз беріледі.

Ата-анаға сөз: __________________________

Ән

Мүбаракова Ақниеттің орындауында «Ақ мамам»

Қорытынды бөлім

Мұғалім

Ұрпағы мен ұландары текті елдің — қашанда болмысыңа сенемін. Келешек ғалымдар да, даналар да өздеріңнің араларыңнан шығады деп білемін!

Құрметті ата-аналар! Сіздің ұрпағыңыз бүгінгі шәкірт, мектеп түлегі болса — егемен еліміздің ертеңгі болашағы!

Гимнастика

Тұрғанбай Аруназ

Тілек

Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір —
Қанаттар балғын талмасын.

Қорытынды сөз

Ашық тәрбие сағатымыз аяқталуға таяп қалды. Білім жолындағы қанаттарың талмай, білім көгіне самғай беріңдер!

Ән

Сағындық Айдана мен Жеңісбекұлы Димаштың орындауында «Аяулым мектебім»

Қорытынды ой

Жандары қаламайтын аласаны —
Өрендер алда талай бел асады.
Әлемге туған халқын танытатын —
Шәкірттер — еліміздің болашағы!

Назарларыңызға рақмет!