Түйенің сүті

Сайыс кешінің сценарийі

«Ал, кәнекей, қыздар-ай!» — талай ақын жырға қосқан, әуел бастан-ақ аруды күн мен жұлдыздай нұр шашқан сұлулықтың символы еткен байқау. Сұлулыққа қанша мадақ арнасаң да, «ару» деген ұғым — таусылмайтын ән-дастан.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Ал, кәнекей, қыздар-ай!» атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше, кеш сахнасына байқауға қатысушы аруларымызды шақырайық.

Әділқазы алқасы

Байқау болған соң, сайыскерлердің өнері мен біліміне әділ баға беретін әділқазы алқасы тағайындалады. Бүгінгі кештің әділ әрі лайықты бағасын беретін қазылармен таныс болыңыздар:

  • Негімбетова Э. А.

    Тәрбие ісінің меңгерушісі

  • Ашығалиева Р. А.

    Оқу ісінің меңгерушісі

  • Құрақов А. С.

    Технология пәні бірлестігінің жетекшісі

  • Өтебалиев М. С.

    Технология пәнінің мұғалімі

Байқау шарттары

Байқауды бастамас бұрын, кезеңдердің шарттарымен таныстырып өтейін:

  1. 1

    «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» — таныстыру

    Сайыскерлер өздерін таныстырады: есімі, шыққан жері, қызығушылығы, мақсат-мұраты.

  2. 2

    «Өнер өрге жетелейді» — өнер сайысы

    Ән, би, күй немесе басқа өнер түрі. Сахна мәдениеті мен орындау шеберлігі бағаланады.

  3. 3

    «Дәм думан» — тағам таныстыру

    Үйден әзірлеп әкелген тағамын көрерменге жарнамалау, жасалу жолын түсіндіру.

  4. 4

    «Сән думан» — көктемгі сән және шаш үлгісі

    Үйлесімділік, талғам, ұтымды идея және тапқырлық бағаланады.

  5. 5

    «Жеті құпия» — технология пәні бойынша сұрақтар

    Ой ұшқырлығы, жылдамдық, білімдарлық бағаланады.

  6. 6

    «Тілек шоғы» — түлектерге тілек

    Мектеп түлектеріне арналған жүрекжарды тілектер мен сенім хат.

I кезең: Таныстыру

Арулар келіп жетті ортамызға, бойындағы бар өнерін танытуға. Сәттілік серік болсын, әдеппен, ізетпен танысуға.

Сайыскерлерге ақ жол тілей отырып, алғашқы таныстыру бөлімін бастаймыз. Таныс болдық сайыскердің тегімен, туып-өскен мекенімен. Сұлулардың бәрі ақын секілді әсер қалдырды — таныстыруларын өлеңмен өрнектеді.

Ескерту

Таныстыру бөлімінің бағаларын әділқазылар белгілеуге кіріседі.

II кезең: «Өнер өрге жетелейді»

Армысың, ауылымның асылдары! Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би — сендер үшін мерекенің шашуы.

Бүгінгі сайыста әр қатысушы барын салады: бірі би билейді, бірі ән шырқайды, бірі күй төгеді. Ендеше, аруларымыздың тамаша өнеріне куә болайық.

Бағалау

Әділқазылар орындау мәнері мен сахна мәдениетін ескере отырып бағалайды.

III кезең: «Дәм думан»

Тағам сырын түсінем, тәтті тағам пісірем. Бәрі қуат алады — дәмді астың күшінен.

Бұл бөлімде сайыскерлер үйден дайындап әкелген тағамдарын көрерменге таныстырып, жасалу жолын қысқаша түсіндіреді. Бүгінгі ұсынылған дәмдер — нағыз еңбек пен шеберліктің жемісі.

Қорытынды

Шабыттарына шабыт қосып, әділ бағамызды берейік.

IV кезең: «Сән думан»

Шебердің қолынан өнер тамады, ата-баба жолы жаңылмай жалғасады. Ендеше, көктемгі сән үлгісі мен шаш үлгісін тамашалайық.

Бұл бөлімде үйлесім, талғам, көркемдік шешім және тапқырлық бағаланады. Аруларымыздың жинақы бейнесі мен тың идеялары көңілден шықты.

Бағалау

Әділқазылар сән мен шаш үлгісінің жарасымын ескере отырып ұпай қояды.

V кезең: «Жеті құпия»

Өнер-білім негізінен өтеді енді сынақтар: ойлантатын, мазалайтын сұрақтар қойылады. Бұл кезең — технология пәніне байланысты білім сайысы. Сайыскердің ой ұшқырлығы мен білгірлігі бағаланады.

Сұрақтар (1–4)

  1. 1) Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдары?

    Айран, қымыз, шұбат, көже, уыз, құрт.

    Шайдың отаны?

    Қытай, Үндістан.

  2. 2) Тігін машинасының «әкесі» деп кімді айтамыз?

    Элиас Хоу.

    Піскен сүттің беті?

    Қаймақ.

  3. 3) Жіп иіру құралы?

    Ұршық.

    Құрамында міндетті түрде қызылша болатын салат?

    Винегрет.

  4. 4) Тіл-көзден сақтайтын бұйым?

    Тұмар.

    Сүттің ұйытылған түрі?

    Айран.

Сұрақтар (5–7)

  1. 5) Ұзатылған қыз киетін аса қымбат, кәделі, әсем баскиім?

    Сәукеле.

    Жаңа туған сиырдың алғашқы сүті?

    Уыз.

  2. 6) Биенің сүті?

    Қымыз.

    Іс тіккенде саусаққа киілетін темір қалпақ?

    Оймақ.

  3. 7) Түйенің сүті?

    Шұбат.

    Матаның екі бөлігін беттестіріп, инемен сирек тігу қалай аталады?

    Көктеу, жапсыру, жөрмелеу.

Қошемет

Аруларымызды қол соғып қолдап, әділқазылардан білімдерін бағалауын сұрайық.

VI кезең: «Тілек шоғы»

Сайысымыздың соңғы бөлімі — «Тілек шоғы». Бұл бөлімде аруларымыз мектеп түлектеріне арнап жүректен шыққан тілектерін, сенім хаттарын ұсынады.

Кішкентай ғана ақ тілектеріңіз аға-әпкелеріңізге алдағы өмір жолында үлкен демеу, жарқын жолдама болсын. Ендеше, сөз кезегі — аруларымызда.

Бағалау

Тілек мазмұны, әсерлілігі және жеткізу мәдениеті ескеріледі.

Көрермендерге арналған сұрақтар

Әділқазы мүшелері шешім шығарып жатқанда, көрермендерге шағын сауалдар:

1) Киіз үйдің қабырғасы

Кереге

2) Қыз жасауы

Сандық

3) «Пэчворк» сөзінің аудармасы

Құрақ

4) Бізді қоршаған орта

Табиғат

5) Ағаш көркі

Жапырақ

6) Дәмді ас пісіретін маман

Аспаз

7) Бейнелеу өнерінің жанры

Натюрморт

8) Көйлектің сыртынан киілетін жеңіл, жеңсіз киім

Камзол

9) Қыз әшекейі

Сырға

10) Түйе баласына қатысты ою

Ботакөз

Қорытынды

Бүгінгі байқау барысында аруларымыздың өнеріне тәнті болдық. Барлығы да өнері мен білімін ортаға салып, өз қырын көрсетті. Кім білсін, бәлкім ортамызда Мәншүк пен Әлиядай, Аққұштап пен Фаризадай, Нұрғаным мен Хиуаздай, Сарадай жұлдызы жарқырайтын арулар отырған шығар.

Арулар, алар белестеріңіз биік болсын, жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!

Әділқазы шешімі

Байқау болған соң жеңімпаз анықталады. Ендеше, әділқазылар алқасының шешімін тыңдайық. Сөз кезегі — өздеріңізде.

Бүгінгі байқауымыз өз мәресіне жетті. Сіздермен бірге болған жүргізуші — Алия Ерқайқызы. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Бай-қуатты болайық!