Балалардың тіл байлығын дамыту, табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу
Берекелі алтын күз
Мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту, күз мезгілінің ерекшеліктерін таныта отырып, әңгімелеу. Балалардың тіл байлығын дамыту, табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Құрметті ата-аналар, қонақтар және сүйкімді бүлдіршіндер! Табиғатымыздың берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді. Алтын күз мерекесі құтты болсын!
Жылдың қай мезгілі болса да, табиғатты сүйіп, аялау — әрбір адамның міндеті. Өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, көңіліміз де әрдайым көтеріңкі болады.
Төңірек толы сары алтын,
Күз келді туған жеріме.
Шуағы нұрлы, жайнаған,
Алтын күз — әсем айналам.
Осы орайда ІІ кіші «Балапан» тобының «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Барлығы бірге:
Көбейсін құт-береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын береке —
Күз мейрамын тойлаймыз!
Әңгіме: «Күз мезгілі»
Сұрақ-жауап
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілі.
— Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
— Күн салқындайды, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, көкөністер піседі.
— Күз мезгілі неше айдан тұрады?
— Үш айдан: қыркүйек, қазан, қараша.
Жарайсыңдар! Енді күз туралы тақпақтарымызға кезек берейік.
Тақпақтар: «Күз көркі»
Назым
Алқаптағы бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырналары тізілген —
Ұнатамын күзді мен.
Әбдінұр
Күншуақта маужырап
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ.
Ағила
Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз мектепке баратын —
Алақай-ау, күн жақын!
Азиза
Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті —
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрболат
Көрініп еліме —
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
«Күз» дейтін мереке.
Ән
«Біз өмірдің гүліміз»
Жұмбақтар
1) Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары.
Жауабы: жапырақ
2) Көтеріліп теңізден аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде өңі кірер даланың.
Жауабы: жаңбыр
Тақпақтар: «Алтын күз әуені»
Еркін
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Аяулым
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі —
Күз әуені төгілді.
Мирас
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін —
Жомарт екен күз деген.
Жаннэль
Алақай, күз келді,
Қарық қып жеміске!
Сарғайды түз белде,
Толқысын егісте.
Ертай
Алтын, сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ойындар мен сергіту
Ойын: «Дәмінен таны»
Шарты: ортаға көзі байланған бір бала шығады. Алдында жемістер мен көкөністер қойылған екі ыдыс тұрады. Балаға кезекпен жеміс немесе көкөніс дәмін татқызып, оның не екенін табады.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкене ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
Енді бәріміз «Алтын күз» өлеңін бірге айтып жіберейік.
Тақпақтар жалғасы
Н. Каусар
Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі.
Астық, жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс —
Алдық өнім сыйыңды!
Ж. Каусар
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге
Қызық көп күзде.
Ерасыл
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Махамбет
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Айсана
Берекелі, мерекелі
Келді жомарт алтын күз.
Қала да, дала да —
Жанның бәрі жарқын күз.
Ерназ
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді.
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз!
Айша
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Несібелі
Жапырақтар сап-сары,
Қонып жатыр жерге көп.
Қызықтап бау-бақшаны,
Шаттанады бал-бөбек.
Ербақыт
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Тағы бір ойын
Ойын: «Жемістер мен көкөністерді жина да, атын ата»
Балалар жемістер мен көкөністерді жинап, әрқайсысының атауын атап шығады.
Ата-аналарға тапсырма: метаграммалар
1) Қ-дан мені бастасаң — шөлің басар асыңмын. Ж-ға айырбастасаң — тамшы болып тасындым.
Жауабы: қауын — жауын
2) Бір бауыңда кәріңмін, екіншісінде нәріңмін. Қосылғанда екеуі — көкөніс болып табылдым.
Жауабы: шал — қан
Қорытынды
Ән
«Қошақан»
Жарайсыңдар, балалар! Осымен алтын күзге арналған «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!