Шайды сүт
Мұғалім: Қымбат Айтжанова
Сабақтың тақырыбы
Қонақ келсе — құт
Бұл сабақта оқушылар қонақ күту мәдениеті туралы түсінігін кеңейтіп, жаңа сөздерді меңгереді және тақырып аясында еркін сөйлеуге машықтанады.
Сабақтың мақсаты
Сабақ барысында дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері
-
Білімділік
Қонақ күту тақырыбы бойынша түсінік беру, жаңа сөздерді меңгерту, тақырып аясында еркін сөйлеуге жағдай жасау.
-
Дамытушылық
Тақырып төңірегіндегі сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдануға машықтандыру.
-
Тәрбиелік
Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, орыс тілі
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, домино, кластер сызбасы, фишкалар
Негізгі идея
Қазақ халқында «қонақ келсе — құт келеді» деген түсінік бар: қонақты құрметтеу — береке мен ізгіліктің белгісі.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1.Амандасу
- 2.Оқушыларды түгендеу
- 3.Сабаққа дайындығын қадағалау
- 4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II–IV. Кіріспе бөлімі
- •Сабақтың мақсатын түсіндіру
- •Үй тапсырмасын тексеру
- •Жаңа тақырыпты, мақсатты және өтілу барысын хабарлау
Назар аудару
Сабақ форматы ойын-сайыс түрінде ұйымдастырылады: оқушылар белсенді қатысып, топпен жұмыс істейді, сөздік қоры мен сөйлеу дағдыларын дамытады.
Жаңа сөздер
Алдымен оқушылар жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
| Қазақша | Орысша |
|---|---|
| жерлес | земляк |
| әзірлеу | приготовить |
| қонақжай | гостеприимный |
| домбыра тарту | играть на домбре |
| мал сою | резать скот |
| кез келген | любой |
| құт | счастье |
Тапсырма
Жаңа сөздерді қолданып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.
Мәтінмен жұмыс
Мәтін: «Қонақ келсе — құт»
Қазақтар — өте қонақжай халық. Олар қонағын құдайындай сыйлаған.
Қонақ келсе, малын сойып, құрметпен қарсы алған. Өйткені қазақта «Қонақ келсе — құт келеді» деген ұғым қалыптасқан.
Үйге кірген адам дастарқаннан дәм татпай кетпейді. Қазақтың ұлттық дастарқанында тағамның үш түрі болады: ет, сүт және нан тағамдары. Қазақтың басты ұлттық тағамы — ет.
Дастарқан басында қонақтар өлең айтып, домбыра тартады. Тамақ ішіліп болған соң, бата беріледі.
Сұрақ-жауап
- 1.Қазақтар қандай халық?
- 2.Қазақтар қонағын қалай қарсы алған?
- 3.Қазақтың ұлттық дастарқанында қандай тағамдар болады?
- 4.Қазақтың басты ұлттық тағамы қандай?
Кластер тапсырмасы
«Ұлттық тағамдар» тақырыбында кластер құрастырыңдар:
- •I топ — сүт тағамдары
- •II топ — ет тағамдары
Практикалық тапсырмалар
Кітаппен жұмыс
124-бет, 1-тапсырма бойынша диалог құрастырыңдар.
Сөйлем құрастыру
Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар:
Жалғаулықтармен толықтыру және аудару
Интерактивті тақтадағы сөйлемдерді жалғаулықтармен толықтырып, аударыңдар:
- 1) Қазақ халқы қонақ күтуді ..., қонақ болып қыдыруды ... қызық көрген.
- 2) Қонақ ... өлең айтып, домбыра тартуы керек, ... ертек айтуы керек.
- 3) Шайды сүт ... қаймақ қосып береді.
- 4) Қонақ шақырудың ..., дастарқан жасаудың ..., тойды көңілді өткізудің ... өзіндік үлгісі бар.
- 5) Қазақ халқының қонақжайлығын саяхатшылар ... ғалымдар жоғары бағалаған.
Мақал-мәтелдер сайысы
Қай топ қонақ тақырыбында ең көп мақал-мәтел біледі? Топтар кезекпен айтады.
Сабақты бекіту
- •Бүгін қандай жаңа сөздерді үйрендік?
- •Қазақтар қонақты қалай қарсы алады?
- •Сендер қонаққа жиі барасыңдар ма?
- •Ұлттық тағамдарды атаңдар.
Қорытынды және бағалау
Рефлексия
- Бүгін сендер не білдіңдер?
- Қай тапсырманы орындау қиын болды?
- Қай тапсырма қызықты болды?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
Үй тапсырмасы
- •Жаңа сөздерді жаттау.
- •Мәтінді әңгімелеу (мазмұндау).
Оқушы мәтіндегі негізгі ойды сақтап, қонақ күту дәстүрінің мәнін өз сөзімен жеткізуге тырысады.