Қазақша рефераттар
Күннен күнге көркейеді жас қала
Астанам – мақтанышым.
Бар қазақтың мақтанышы – Астана.
Күннен күнге көркейеді жас қала.
Елбасымыз өз ойымен қалаған
Гүлдене бер, әсем қала, бас қала!
Мейірімді ұстазым
Келгенімде ең алғаш мектебіме
Клара апай қарсы алды мейірлене.
Білімге бастау болған Әліппені
Ұстатты қолымызға тебірене.
Анама.
Ризамын мен анама,
Дүниеге әкелген.
Мынау ғажап ғаламда,
Жан жоқ оған тең келген.
Әкешім – қамқоршым.
Ұрпағы үшін бір тынбай,
Еңбек еткен шаршамай.
Құрметтейік әкені
Бар арманын еш қылмай.