Жарыс кезеңдері

Сабақтың тақырыбы

«Шынықсаң шымыр боларсың»«Көңілді старт» форматындағы командалық спорттық жарыс.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және білімін кеңейту.

Спорттағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың денсаулығын нығайтып, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.

Түрі

Командалық жарыс

Әдісі

Ойын

Өтетін орны

Спорт залы

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1

    Командаларды ортаға шақыру.

  2. 2

    Әділқазылар алқасымен таныстыру.

  3. 3

    Жарыстың кезеңдері мен ережелерін түсіндіру.

Жарыс кезеңдері

1-кезең. «Шегірткелер»

Әр топтың ойыншысы бір аяғын бүгіп, оны бір қолымен ұстап, секіріп отырып белгіленген межеге дейін жетуі керек.

2-кезең. «Қасықпен су тасу»

Ойыншы ыдыстағы суды қасықпен қарсы жақтағы бос ыдысқа тасып, мүмкіндігінше тезірек тауысуы қажет.

3-кезең. «Күштілер жарысы»

Екі-екіден жұптасып, бір-бірін арқалап жүгіріп жарысады.

4-кезең. «Доппен жүру»

Баскетбол добын жерге соғып (дриблинг жасап) жүріп, белгіленген бағытпен өту керек.

5-кезең. «Секіртпе»

Командадағы бірінші ойыншы секіртпемен секіріп, айналып қайта келіп, эстафетаны келесі ойыншыға береді.

6-кезең. «Кім жылдам»

Екі оқушы белгі бойынша шеңбердің ішіне жүгіріп келуі қажет. Кім бұрын жетсе, сол ұпай алады.

7-кезең. «Алма жинау»

Жетекшінің белгісімен әр командадағы бірінші ойыншы шеңберге жүгіріп барып, ішіндегі «алманы» алып, тізбектің соңына тұрады. Ойын шеңбердегі алма толық жиналғанша жалғасады.

ІІ. Қорытынды және марапаттау

Жарыс аяқталғаннан кейін әділқазылар алқасы қорытынды сөз сөйлеп, нәтижелерді жариялайды.

Марапаттау

Қатысқан командаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталады.