Сызықтық функцияның анықтамасы

Сан сұраққа саяхат

Мақсаты

  • Әртүрлі ойындар арқылы математикаға қызығушылықты арттыру.
  • Математика ғалымдарымен таныстыру, көне математикадан қысқаша мәлімет беру.
  • Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
  • Есте сақтау мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекі құрал

Интерактивті тақта.

Сабақ форматы

Турлар бойынша ұйымдастырылған ойын-сабақ: командалық таныстыру, сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар, ән байқауы, көрнекі-кеңістіктік тапсырмалар және көрініс.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Сыныпты ретке келтіру.

II. Кіріспе

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар. Математикадан басталмақшы — «Сан сұраққа саяхат» кеші.

I тур — Топтардың өзін-өзі таныстыруы

Әр топ өз атауын, ұранын және мүшелерінің рөлдерін қысқаша таныстырады.

II тур — «Біз алғыр және тапқырмыз»

Сұрақтар топтар бойынша қойылады. Мақсат — ұғымдарды дәл әрі қысқа түсіндіру.

1-топ

  1. Жай сандар деп қандай сандарды айтамыз?
  2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтамыз?
  3. Қандай санның модулі 0-ге тең?
  4. Қандай сандар 0-ден кіші?
  5. Жиын деп нені айтамыз?

2-топ

  1. Екі теріс санның қосындысы неге тең?
  2. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады?
  3. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атаймыз?
  4. Теңдеу дегеніміз не?
  5. Қандай теңдеу бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады?

3-топ

  1. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
  2. Функция дегеніміз не?
  3. Перпендикуляр түзу дегеніміз не?
  4. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?
  5. Сызықтық функцияның анықтамасы қандай?

III тур — «Қай бағытты қалайсың?»

Топтар өздері таңдаған бағыт бойынша тапсырмалар орындайды. Деңгейі әртүрлі сұрақтар арқылы стратегия мен дәлдік бағаланады.

IV тур — «Ойлан, тап»

1-топ

Үшке бөлгенде 1 қалдық, 4-ке бөлгенде 2 қалдық, 5-ке бөлгенде 3 қалдық, 6-ға бөлгенде 4 қалдық қалатын қандай сан?

2-топ

1*2*3*4*5 сандарының арасындағы жұлдызшалардың орнына амал таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданыңдар. Шыққан өрнектің мәні 100-ге тең болсын.

3-топ

Квадраттарының қосындысы 77-ге тең болатын тетелес үш санды тап.

V тур — Математикалық ән байқауы

Әр топ математикаға қатысты мазмұны бар ән немесе ұран ұсынады. Бағалау өлшемдері: мазмұн, орындау, сахналық мәдениет.

VI тур — «Білдік, ойымызға сақтадық»

Координаталары берілген нүктелерді тауып, оларды ретімен қосыңдар. Соңында қандай сурет шықты?

Жанкүйерлер сайысы

Оңғар тапқан он жаңғақтан,
Екі-екіден ептеп санап,
Әлжан алды, Қалжан алды,
Балжан алды — қанша қалды?

Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бір ешкі,
Екі қоян, үш түлкі —
Таба алмасаң, бұл күлкі.

Бағалау

  • Жауаптың дұрыстығы мен дәлелдемесі.
  • Жылдамдық және топтық жұмыс.
  • Тапсырманы рәсімдеу және ұқыптылық.

VII тур — «Кім жылдам?»

Әр топ берілген бөліктерден фигура құрастырады. Құрастырылған фигураның ішінен нақыл сөз шығуы керек.

VIII тур — Көрініс

Қысқа көрініс арқылы математиканың өмірмен байланысы көрсетіледі.

Қорытынды

Соңында әділқазылар алқасына сөз беріледі: әр тур бойынша қорытынды жасалып, жеңімпаздар анықталады.