Өлеңді мұғалімнің оқуы
ШҚО • Семей қаласы
№25 ЖОББМ КММ • Бастауыш сынып
Сабақ форматы
Дәстүрлі сабақ • Жаңа білімді меңгерту
Мұғалімдер
- Жетімекова Анаргүл
- Болесова Гүлназ
- Жексенбекқызы Ерсінғазы
Тақырып
З. Шүкіров «Ақша қар» • Нақ осы шақ
Сабақтың мақсаты
Негізгі мақсат
Өлеңнің негізгі идеясын ашу және оқушылардың нақ осы шақ туралы түсінігін кеңейту.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Әңгіме
Міндеттері
- 1) Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқуға төселдіру; жыл мезгілдері, қыс және қыстағы табиғат құбылыстары туралы түсінікті тереңдету. Сөйлем құрау арқылы нақ осы шақты бекіту.
- 2) Көркем сөйлеу, ойын жүйелі жеткізу, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту; сөздік қорды байыту.
- 3) Табиғатқа ізгі қарым-қатынасты қалыптастыру; табиғатты қорғауға және сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ауызша жұмыс (English speaking)
Мұғалімнің сұрағы
Good morning, boys and girls. Look at the window and answer my question: What can you see?
Оқушының жауабы
I can see a tree. What colour is it? It is grey and white.
ІІ. Негізгі бөлім
1) Үй тапсырмасын тексеру
М. Жұмабаев «Балапан қанат қақты…» мәтіні бойынша әңгімені өз бетінше аяқтау. (3–4 оқушы оқиды, қалған шығармашылық жұмыстар жиналады.)
2) Жаңылтпаштар оқу
а) Жаңылтпаш
Бұл қар — сұр қар.
Сұр қар — кір қар.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
ә) Жаңылтпаш
Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қар да құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
Жаңылтпаштар арқылы қардың түрлерін ажыратып аламыз: сұр (grey), кір (dirty), қырбық (wet), құрғақ (dry). Жауаптарды тақтамен салыстырып, дәптерге жазып аламыз.
3) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіп алып, сабаққа назарды қайта шоғырландыру.
4) Жаңа тақырып
Бүгінгі сабақта қар және оның түрлері туралы ой қозғаймыз. Осыған байланысты жаңа тақырып — З. Шүкіровтің «Ақша қар» өлеңі. Өлеңді оқымас бұрын автормен қысқаша танысамыз.
Шүкіров Зейнолла (1927–1979)
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген елді мекенінде дүниеге келген. Бастауыш білім алғаннан кейін ауыр науқасқа шалдығып, ұзақ уақыт төсек тартып жатады. Соған қарамастан қайсарлық танытып, өздігінен білім алып, өмірін жазушылыққа арнайды. Өмірінің соңына дейін қаламын қолынан түсірмей, оқырманға ондаған кітап ұсынған.
Оқу әрекеттері
- Мұғалімнің оқуы
- Оқушылардың іштей оқуы
- Мәнерлеп дауыстап оқу (3–4 оқушы)
- Сұрақтарға жауап беру
Талқылау сұрағы
Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен тауып дәлелдеңдер.
ІІІ. Қорытынды бөлім
а) Суретпен жұмыс (English speaking)
Мұғалімнің нұсқауы
Look at the blackboard. What can you see?
Үлгі жауап
I can see a village. It is winter. There is a lot of snow, trees, and houses. There is a road. Rabbit is jumping near a tree. Birds are sitting in the tree. Children are riding a sledge. What a lot of snow! It’s snowing.
Thank you very much.
Сұрақтар
- Қандай қар жауып тұр?
- Тау-тас, сай-сала не жамылған?
- Ауыл қандай күйде?
Нақ осы шақты бекіту
Сурет бойынша сөйлем құрап, нақ осы шақ формаларын қолдану.
Ұйқас бойынша өлең құрау
Аппақ _____ қар жауар,
_____ қуанар.
Аққала соғып, жарысып _____ _____ балалар.
Қыс мезгілі туралы әңгіме
Жағымды жақтары
- Қысқы ойындар, аққала жасау
- Табиғаттың әсем көрінісі
Жағымсыз жақтары
- Суық, боран, жолдың тайғақтығы
- Киімнің қалыңдығы, қозғалыстың қиындауы
Рефлексия кестесі
| Нені білдім? | Не үйрендім? | Нені білгім келеді? |
|---|---|---|
| Оқушы жауабы: | Оқушы жауабы: | Оқушы жауабы: |
Үй тапсырмасы
«Ақша қар» өлеңін жаттау.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.