Өңдеу тақтайын дайындау

Сабақтың тақырыбы

Өңдеу тақтайын дайындау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік
Оқушыларға ағаш материалдарынан үй тұрмысында қолданылатын бұйымдар жасауды үйрету, сондай-ақ бұйымды заманауи дизайн талаптарына сай эстетикалық безендіру дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, еңбек дағдыларын, іскерлігі мен икемділігін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Пән аралық байланыс

  • Сызу
  • Сурет
  • География
  • Биология
  • Физика

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайдтар, кесте, үлгі, карта.

Құрал-жабдықтар

Қол ара Сүргі Сызғыш Қарындаш Тік бұрышты сызғыш Ø10 бұрғы Егеу Үлгі Зімпара қағаз Қылқалам Майлы лак

Күтілетін нәтиже

Еркін жұмыс істеуге дағдыланған, сабақ тәсілдерін меңгерген, достық қарым-қатынасқа бейім, қауіпсіздік ережелерін сақтай білетін шебер оқушы қалыптасады.

Сабақтың жоспары

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

  2. II

    Үй тапсырмасын сұрау

    • Сұрақ-жауап әдісі
    • Бұйымды тексеру
    • Технологиялық картаны тексеру
  3. III

    Жаңа сабақ

    • Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру
    • Сарамандық жұмыс
  4. IV

    Сабақты қорытындылау

  5. V

    Сабақты бекіту

  6. VI

    Оқушы білімін бағалау

  7. VII

    Үйге тапсырма

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарды қауіпсіз орналастыру және сабақтың мақсатымен қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ-жауап әдісі

«Ғажайып қоржын» ойыны: қоржындағы асықтардың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беру.

  • а) Симметрия осін не үшін жүргізеді?
  • ә) Асылма жақтауларын қалай анықтаймыз?
  • б) Асылма нұсқасын қандай құралмен қияды?
  • в) Тесікті қандай құралмен теседі?
  • г) Қабыршақтарды қандай құралмен алады?
  • ғ) Қаңылтырмен жұмыс істегенде қандай техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек?

Бұйымды тексеру

Қаңылтыр материалдан құлыптың ілмегін дайындап келу.

Технологиялық картаны тексеру

Дайындалған құлып ілмегінің технологиялық картасын қағаз бетіне түсіру.

III. Жаңа сабақ

Түсіндіру

Жаңа тақырып слайд арқылы түсіндіріледі: өңдеу тақтайының қызметі, материал таңдауы, өлшем дәлдігі және қауіпсіз жұмыс қағидалары.

Сарамандық жұмыс

Өңдеу тақтайын дайындау реттілігі төмендегі технологиялық карта бойынша орындалады.

Қадам Жұмыс мазмұны Құралдар мен жабдықтар
1 Дайындаманы ұзындығы бойымен белгілеп, арамен кесу. Қол ара, аралауға арналған тірек.
2 Қалыңдығын және жиектерін өлшем бойынша сүргілеу. Сүргі, сызғыш, рейсмус.
3 Тақтай жиектерін белгілеп сызу. Сызғыш, қарындаш, тік бұрышты сызғыш.
4 Тақтай сабын аралап шығару және Ø10 мм тесік бұрғылау. Қол ара, Ø10 мм бұрғы.
5 Бетін майда өңдеу, зімпаралау және өлшем бойынша бақылау жүргізу. Зімпара қағаз, сызғыш.
6 Өңдеу тақтайын бояу және лактау арқылы сәндеп безендіру. Қарындаш, қылқалам, майлы лак.

Ескерту: Әр қадамда қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады, ал өлшемдер аралық тексеріспен нақтыланады.

IV. Сабақты қорытындылау

Орындалған жұмыстар талданып, жіберілген қателер мен оларды түзету жолдары түсіндіріледі. Оқушылардың жұмыс мәдениеті, дәлдігі және қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі бағаланады.

V. Сабақты бекіту

а) Өңдеу тақтайын дайындау үшін қандай материал қажет?

ә) Өңдеу тақтайын дайындау үшін қандай құрал-саймандар қажет?

б) Ағаш материалымен жұмыс істегенде қандай техника қауіпсіздігін сақтау керек?

в) Қазақстанның қай өңірлерінде орман-тоғайлар көп кездеседі?

VI. Оқушы білімін бағалау

Бағалау сабақтағы белсенділік, сұрақтарға жауап беру сапасы, технологиялық картаны сақтау, жұмыс дәлдігі және қауіпсіздік ережелерін орындау бойынша жүргізіледі.

VII. Үй тапсырмасы

Тақтай бетіне эскиз суреттерін салып келу.