Кезең Кім жылдам

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу.

  • Дамытушылық

    Жаңа әдіс-тәсілдер мен қосымша мәліметтерді пайдаланып, сапалық сипаттағы білімдерін дамыту.

  • Тәрбиелік

    Білімін, білігін және эстетикалық талғамын қалыптастыру; шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Пән
Информатика (7-сынып)
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі
Аралас сабақ
Көрнекілік
Интерактивті тақта, презентация

Сайыстың ашылуы

Құрметті әділқазылар, ұстаздар, сайыскерлер және оқушылар! «Қызықты информатика» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысқа 7А сыныбынан екі топ қатысады: «Ақпарат» және «Компьютер». Бүгінгі жарыстың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына сәттілік тілейміз.

Кезеңдер тізімі

  1. I Кім жылдам?
  2. II Құпия жәшік
  3. III Полиглот
  4. IV Бұл не?
  5. V Жұмбақтар сыр шертеді
  6. VI Жарыстыра жарысу

I кезең. «Кім жылдам?»

Ұпай: 5 ұпай

Бұл кезеңде әр топқа бір сөз беріледі. Топ мүшелері берілген сөзді FSII коды кестесі бойынша жылдам әрі қатесіз кодтауы қажет.

I топ: «Ақпарат»

ПРИНТЕР (8F, 90, 88, 8D, 92, 85, 90)

II топ: «Компьютер»

СКАНЕР (91, 8F, 80, 8D, 85, 90)

II кезең. «Құпия жәшік»

Ұпай: әр сұраққа 5 ұпай

Экраннан әр топқа арналған сұрақ беріледі. Егер топ жауап бере алмаса, жауап беру құқығы келесі топқа өтеді.

Сұрақ

1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасы — арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнына цилиндрді қолдану арқылы бұл құрал қосу мен алумен қатар, көбейту, бөлу және квадраттау амалдарын орындайтын болды.

Осы арифмометрдің негізін ала отырып, орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Жәшіктің ішінде қандай құрал болуы мүмкін?

Жауап форматы

  • Құралдың нақты атауын жазыңыз.
  • Қысқаша сипаттама беруге болады (1–2 сөйлем).

Ескерту

Егер топ жауап бере алмаса, келесі топ жауап береді.

Автор туралы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі — Рыскалыев Жанболат Ондасынович.