Есептің шарты
Сабақ тақырыбы
«Тік бұрышты параллелепипед»
Мақсаты
1) Білімдік
Тік бұрышты параллелепипед туралы толық түсінік беру; көлем ұғымын енгізу және көлемнің өлшем бірліктерімен (см³ және т.б.) таныстыру. Текше мен параллелепипедтің айырмашылығы мен ұқсастығын нақтылау.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту; өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру; математикаға қызығушылығын арттыру.
3) Тәрбиелік
Тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу; достық қарым-қатынас пен ұжымдық іс-әрекет мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ түрі және әдіс-тәсілдері
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері
- Көрсету, түсіндіру
- Сұрақ-жауап, ой қозғау
- «Кубизм» тәсілі
- Салыстыру
- Жұптық және топтық жұмыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Семантикалық тақта
- Венн диаграммасы
- Суреттер мен тік бұрышты параллелепипед модельдері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Біз кімдерміз? Оқушымыз.
Қандай оқушымыз? Әдепті, тәртіпті, білімді, үлгілі.
Бір-бірімізге кімбіз? Доспыз.
Достардың қарым-қатынасы қандай? Жылы, мейірімді, адал.
Сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастау
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос.
II. Үй тапсырмасын қайталау
«Ой шақыру» әдісі арқылы қысқаша сұрақтар қойылады («сұрақ бізден — жауап сізден» қағидасы).
- Арифметикалық төрт амалды ата.
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тұжырымда.
- 4³ дәрежесі неге тең?
- 2 сағат 10 минут — бұл қанша сағат?
- Кез келген санды 1-ге көбейтсек, қандай сан шығады?
- Фигураның ауданын қалай табамыз?
- 72-ні 8-ге бөл.
- Азайтудың компоненттерін ата.
Тест жұмысы
Тест карточкалары таратылады, оқушылар орындайды, нәтижесі тексеріледі.
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
«Егеменді ел» деп қай елді айтамыз? — Қазақстан.
Еліміздің тәуелсіздігіне 22 жыл толды.
22 — екі таңбалы сан, себебі ол екі цифрдан тұрады.
III. Жаңа сабақ
Тік бұрышты параллелепипед — бізге өте таныс кеңістік фигура, өйткені көптеген тұрмыстық заттардың пішіні осындай болады. Мысалдар: кітап, кірпіш, сіріңке қорабы.
Анықтама
Барлық жақтары тіктөртбұрыш болатын фигура — тік бұрышты параллелепипед.
Өлшемдері
Бір төбеден үш қабырға шығады: ұзындығы, ені, биіктігі.
Белгіленуі
Ұзындығы, ені, биіктігі латын әріптерімен: a, b, c.
Салыстыруға сұрақ
Тіктөртбұрыш пен шаршының өлшемі нешеу? — 2 (ұзындығы мен ені). Ал тік бұрышты параллелепипедтің өлшемі — 3 (a, b, c).
1-мысал (ауызша): Текше
Суреттегі фигуралардың барлығы — текше. Текше — барлық өлшемдері тең тік бұрышты параллелепипед.
- 6 жағы бар
- 8 төбесі бар
- 12 қабырғасы бар
Көлем формуласы
V = a · a · a = a³
a = 7 мм
V = 7·7·7 = 343 мм³
a = 2 см
V = 2·2·2 = 8 см³
a = 2 дм
V = 2·2·2 = 8 дм³
2-мысал (ауызша): Тік бұрышты параллелепипед
Суреттегі фигуралардың барлығы — тік бұрышты параллелепипед. Оның үш өлшемі бар, бірақ олар әртүрлі болуы мүмкін.
Мысал
Егер сынып бөлмесінің ұзындығы 9 м, ені 5 м, биіктігі 3 м болса, онда көлемі:
V = a · b · c = 9 · 5 · 3 = 135 м³
Пысықтау: Венн диаграммасы
Текше мен тік бұрышты параллелепипедтің ұқсастығы мен айырмашылығы салыстырылады.
3-мысал: Топтық жұмыс
Әр қатар дәптерге бір текше сызады да, көлемін табады (қалаған өлшемді таңдайды).
V = 7·7·7 = 343 мм³
V = 2·2·2 = 8 см³
V = 2·2·2 = 8 дм³
4-мысал: Жеке жұмыс (параллелепипед)
Оқушылар өздері таңдаған параллелепипедтің өлшемдерін алып, суретін сызады және көлемін есептейді.
V = 2 см · 1 см · 3 см = 6 см³
V = 1 см · 2 см · 1 см = 2 см³
V = 2 см · 4 см · 2 см = 16 см³
V = 4 см · 2 см · 2 см = 16 см³
5-мысал: Кестемен жұмыс
Әр оқушы кестені өз бетінше толтырады. Жауап интерактивті тақта арқылы тексеріледі.
6-есеп: Есеп құрылымын талдау
Есептің бөліктері талданады: шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.
Шарты: Жүрген жолы — 230 м және 230 м; қосымша жол — 600 м. Барлығы қанша метр жүрді?
Шешуі: (230 × 2) + 600 = 1060 м
Жауабы: оқушы барлығы 1060 м жүрді.
Түсіндіру сызба арқылы көрсетіледі.
7-есеп: Қозғалысқа есеп
Берілгені
- S = 21 км
- V (велосипед) = 15 км/сағ
- t (велосипед) = 1 сағ
- V (жаяу) = 3 км/сағ
Шешуі
1) 15 км/сағ × 1 сағ = 15 км
2) 21 км − 15 км = 6 км
3) 6 км ÷ 3 км/сағ = 2 сағ
4) 2 сағ + 1 сағ = 3 сағ
Жауабы: барлық жолға 3 сағат кетті.
8–9-мысалдар: Тақтамен жұмыс
Екі оқушы тақтада орындайды. Отырған оқушылардың ішінен жылдам орындаған 5 баланың дәптері тексеріледі.
Сабақты қорытындылау
Бүгін біз қандай фигуралармен таныстық және нені үйрендік? — текше мен тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табуды.
Көлемді табу үшін: V = a · b · c, ал текше үшін V = a³.
Көлемнің өлшем бірліктері
- Куб миллиметр (мм³) — қабырғасы 1 мм текше
- Куб дециметр (дм³) — қабырғасы 1 дм текше
- Куб метр (м³) — қабырғасы 1 м текше
- Куб километр (км³) — қабырғасы 1 км текше
Бағалау
Оқушылардың жұмысы қорытындыланып, бағаланады.
Үй тапсырмасы
9-мысалдың 2-бағаны.