Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде
Биология · 8-сынып
Тақырып: Жасушаның құрылысы
Мақсаты
- Білімділік: жасуша туралы оқушыларға тереңірек мағлұмат беру.
- Тәрбиелік: жасуша — тірі ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші бірлік өлшемі екенін түсіндіру.
- Дамытушылық: жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерекшеліктеріне назар аударту.
Ұйымдастыру
- Көрнекілігі: кесте, тірек-сызба.
- Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
- Сабақ түрі: жаңа сабақ.
- Пәнаралық байланыс: (көрсетіледі).
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
2) Үй жұмысын тексеру
Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар:
- а) Гуманизмнің басты қағидасы — ______________________
- ә) Адам табиғаты дегеніміз — ______________________
- б) Антропология ғылымы ______________________ зерттейді.
- в) Адамның пайда болуында оның _________ шешуші рөл атқарады.
- д) Адам _________, _________ арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып біледі.
- г) ___________ адамның негізгі көрсеткіші болып саналады.
- ғ) Адам денсаулығын ___________ болмайды.
3) Жаңа сабақ
Жасуша — тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі.
Жасушаның құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым — цитология.
Тірек ұғымдар
Цитоплазма
Плазмалық жарғақша
Ядро
Органоидтар
Кесте толтыру: кестеде жасушаның құрамдас бөліктері берілген. Сол бөліктердің белгілерін келесі бағанға жазыңдар.
| Жасушаның құрамдас бөлігі | Белгілері |
|---|---|
| 1) Ядро | Жасушаның реттеуші орталығы. Эритроциттер мен тромбоциттерде болмайды. |
| 2) Плазмалық жарғақша | Майлар мен нәруыздардан тұрады. Өсімдік жасушасында сыртында қалың қабықша болады, ал жануар мен адам жасушаларында жарғақша жұқа келеді. |
| 3) Цитоплазма | Іркілдек сұйықтық. Үздіксіз қозғалыста болады. Температура жоғарылағанда зат алмасу үдерісі жылдамдайды. |
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді табыңдар
- а) ____________ — тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі.
- ә) __________ жасушаның сыртын қаптайды, __________ мен __________ заттардан түзілген.
- б) Плазмалық жарғақшаның тесігі бар жерін ___________ дейді.
- в) _________ жасушаның ішінде үздіксіз қозғалады.
- г) Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ____________ болады.
- ғ) Хромосоманың ____________ бөліктерін ген дейді.
- д) Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде __________, ал басқа кезеңінде қайта түзіледі.
4) Қорытындылау
- 1 Жасуша деген не?
- 2 Цитология қандай ғылым?
- 3 Жасушаның құрылысы қандай?
5) Үй тапсырмасы
§ 3 оқу. Кестені толтыру.
| Құрамдас бөліктері | Құрылысы | Қызметі |
|---|---|---|
| Ядро жарғақшасы | — | — |
| Ядро шырыны | — | — |
| Хромосомалар | — | — |
| Ядрошықтар | — | — |