Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін

8 наурыз • Халықаралық әйелдер күні

Ертеңгілік: «Әжелер — көңілдің ажары»

Мейірімді әжелер, аяулы аналар, құрметті апайлар және біздің кішкентай ару қыздарымыз! Бүгін біз көктемнің алғашқы күндерінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне жиналып отырмыз. Әр отбасына береке әкелетін асыл аналар мен қадірлі әжелер ортамызда көп болсын!

Жыл құсындай көктем сайын аралап,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Іс-шараны бастау үшін сөз меңгеруші Ғ. Б. беріледі.

Ертеңгілік Сайыс Концерттік номерлер

Сайыс форматы

Бүгінгі көктемнің ерекше мерекесіне орай «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушілері әжелерімен бірге «Әжелер — көңілдің ажары» атты сайысқа қатысады. Сайыс 6 шарттан тұрады.

1

Тегін білу — тектілік

Өзін таныстыру.

2

Өнерлі өрге жүзер

Өнерін көрсету.

3

Шебер қолдар

Тұс киіз жасау.

4

Жақсы сөз — жарым ырыс

Мерекеге байланысты құттықтау сөз.

5

Қонақжайлық — ата дәстүріміз

Үйден салат дайындау (үй тапсырмасы).

6

Папка дайындау

Ұйымдастыру және таныстыру материалы.

Әділқазылар алқасы

Қатысушылардың өнерін сараптап бағалайтын қазылар:

  • Нұғманова Ержамал Ақайдаровна
  • Тлеубаева Күляш Аязбаевна
  • Тажгарина Нұрия Қасымовна

Сайысқа қатысушылар

Әжелер мен бүлдіршіндер жұп болып қатысады:

Насырова Дария

Нұрзада әжеймен

Еделова Анель

Гүлімжан әжеймен

Байдеш Радмир

Әлима әжеймен

Жиенғалиева Ақбота

Света әжеймен

Өнер қуған әжелер, немерелерімен бірге сайысқа түсіп, өз шеберлігін, даналығын және жүрек жылуын көрсетеді. Бұл кезеңде қатысушылар кезекпен шығып, өздерін таныстырады.

Көркем бағдарламадан үзінділер

Би — сұлулықтың символы

«Би дегенің — әдемілік жайнаған, сұлулықпен сәнге толар айналаң» деген оймен көрермендер назарына қазақ биі ұсынылады.

Қатысушы:

«Құлыншақ» тобының бүлдіршіні Аманғос Жүзім — қазақ биі.

ІІ шарт: Өнерін көрсету

«Бүгінгі күн — ән айтып, би билейтін, өнерге құштар күн» деген ниетпен сайыскерлердің өнер көрсету кезеңі басталады.

Кезекпен шақырылады:

  • Насырова Дария — Нұрзада әжеймен
  • Еделова Анель — Гүлімжан әжеймен
  • Байдеш Радмир — Әлима әжеймен
  • Жиенғалиева Ақбота — Света әжеймен

Қуыршақ биі

«Аққудай қалықтаған бишілер өнерін көрсетеді» деген көңіл күймен келесі би номері ұсынылады.

Қатысушы:

Жұмабек Күмісай — «Қуыршақ» биі.

IV шарт: Құттықтау сөз

«Жақсы сөз — жарым ырыс» қағидасымен сайыскерлер мерекеге арналған жылы лебізін білдіреді.

Көктем келіп, көңіл тербеген сәтте көрерменге үнді биі де сыйға тартылады.

Қатысушы:

Аяна — үнді биі.

V шарт: Үй тапсырмасы

«Қонақжайлық — ата дәстүріміз» тақырыбымен сайыскерлер үйден дайындап әкелген салаттарын таныстырады.

«Анаға қарап қыз өсер» — ұрпақ тәрбиесіндегі өнегені көрсететін кезеңдердің бірі ретінде бағаланады.

III шарт: «Шебер қолдар» — тұс киіз жасау

Қатысушылар қолөнердегі икемін көрсетіп, тұс киіз жасау бойынша жұмысын таныстырады.

Насырова Дария

Нұрзада әжеймен

Еделова Анель

Гүлімжан әжеймен

Байдеш Радмир

Әлима әжеймен

Жиенғалиева Ақбота

Света әжеймен

Қорытынды

Осылайша «Әжелер — өмірдің ажары» атты сайысымыз мәресіне жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, бүлдіршіндеріміз ортаға шығып, би тарту етеді.

Құрметті қонақтар, аналар! Сіздермен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сайыс та аяқталды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі жарыстың жеңімпазын анықтау үшін сөз сарапшылар алқасына беріледі.

Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар!

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!