Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді деп жауап берген шешен кім

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, №3 ЖОББҚМ

Дайындаған: Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы

ХХІ ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық ойын)

Тақырыбы: «Ана тілі – сөздің пірі»

Мақсаты

  • Қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру
  • Ақыл-ойын дамыту, сөздік қорын байыту
  • Дүниетанымын кеңейту

Көрнекілігі

  • Ақын-жазушылардың тіл туралы қанатты сөздері
  • Интерактивті тақта
  • Слайдтармен жұмыс

Құрылымы

Сайысқа 6 оқушы қатысады. Жалпы 6 кезеңнен тұрады.

Барысы: ұйымдастыру кезеңі

І жүргізуші

Сүйемін туған тілім — анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

ІІ жүргізуші

Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім — мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.

І жүргізуші: Республикамыздың мемлекеттік тілі — қазақ тілі құрметіне арналған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы негізінде «Ана тілі – сөздің пірі» атты сайысымызды бастаймыз.

ІІ жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті, кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Қазылар алқасымен таныстыру)

І жүргізуші: Әрқашан да білім көптік етпеген, талапсыз жан мұратына жетпеген. Сәлем бердік ұландарға — талапкер, дос көңілден адал, аппақ ниетпен.

(Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады)

І кезең: «Бәйге»

Жауап нақты әрі жылдам болуы керек. Бағалануы: 10 ұпай.

Ереже

Жылдамдық + дәлдік

  1. Сәкен Сейфуллин қай жылы дүниеге келді? Жауабы: 1894 ж.
  2. «Абай жолы» романын кім жазды? Жауабы: М. Әуезов
  3. 2011 жыл қай ақынның туғанына 100 жыл? Жауабы: Қ. Аманжолов
  4. Тіл туралы заң қашан қабылданды? Жауабы: 1989 ж. 22 қыркүйек
  5. «Батыр» сөзінің антонимі? Жауабы: Қорқақ
  6. Абайдың немере ақын інісі кім? Жауабы: Шәкәрім Құдайбердіұлы
  7. Әз Жәнібек ханның «Дүниеде не өлмейді?» деген сұрағына «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп жауап берген шешен кім? Жауабы: Жиренше шешен
  8. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? Жауабы: Ыбырай Алтынсарин
  9. «Мен, мен едім, мен едім, мен Нарында жүргенде, еңіреп жүрген ер едім» — деп айтқан қай ақын? Жауабы: Махамбет Өтемісұлы
  1. «Қамбар батыр» жырындағы Қамбардың сүйген жарының аты кім? Жауабы: Назым
  2. Дауысты дыбыс нешеу? Жауабы: 12
  3. Зат есімнің сұрақтары? Жауабы: Кім? Не?
  4. Абайдың ақын ұлы кім? Жауабы: Мағауия
  5. Абайдың неше қара сөзі бар? Жауабы: 45
  6. 1904 жылы Абаймен бірге отбасынан кімдер қайтыс болды? Жауабы: Мағауия, Ақылбай
  7. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін кім жазды? Жауабы: Ыбырай Алтынсарин
  8. «Қазақ солдаты» романын кім жазды? Жауабы: Ғабит Мүсірепов
  9. «Менің атым Қожа» хикаятын кім жазды? Жауабы: Бердібек Соқпақбаев

Тіл туралы толғаныс

ІІ жүргізуші

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, Ғабит Мүсірепов айтқандай, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай — ғасырлар бойы жинаған сөз байлығын бізге жеткізді.

І жүргізуші

Тілім менің! Осы тілде — шежірем, жырым менің!

Асан қайғы арманы, Қорқыт күйі — тағдырыммен тамырлас мұңым менің!

Тілім менің! Жауға айбарым, ұраным, туым менің!

Найзасымен тең ұстап осы тілді, намысымды қорғады Сырым менің!

Жарқылдап асыл сөздің алдаспаны, қызыл тіл жол бастады, қол бастады.

Даланың өз дауысы деп түсінем: Шалкиіз, Асан қайғы, Марқасқаны.

Қолыңды отты толқын тулататын, ғасырлар қатпарынан үн қататын,

Қазақтың ар-намысы, жан дауысы — Қазтуған, Махамбет пен Дулат ақын.

ІІ жүргізуші: Қазақ тілі — шексіз бай, өте көркем тіл. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Тіл — халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, сайысымыздың екінші кезеңін бастаймыз.