Жаңа сабаққа даярлық кезеңі
Сабақтың тақырыбы: Қарағанды
Бұл сабақ Қарағандыны пайдалы қазбаларға бай өңір ретінде танытып, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды және табиғат байлығын ұқыпты пайдалануға тәрбиелеуді мақсат етеді.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Қарағандыны пайдалы қазбалардың қоймасы ретінде таныстыру, негізгі ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық
Сабақтың мазмұны мен маңызын меңгерте отырып, оқушыларды өз ойын нақты айтуға және қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Табиғатты аялауға тәрбиелеу, ел байлығын үнемдеп, тиімді пайдалануға үйрету.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Жинақтау
- Тәжірибе жасау
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- «Алматы» мәтінінің мазмұнын сұрау.
- «Менің сүйікті қалам — Алматы» тақырыбына эссе жазу.
III. Білімдерін жан-жақты тексеру
- «Алматы» сөзінің мағынасы нені білдіреді?
- Алматы қаласында қандай өндіріс орындары бар? Олар не өндіреді?
- Қаладағы үлкен мұз айдыны қалай аталады?
Жұмыс түрі: топтастыру.
IV. Жаңа сабаққа даярлық
Сөзжұмбақ шешу (топтастыру арқылы).
V. Жаңа сабақты түсіндіру
Тақырыпты тәжірибе арқылы түсіндіру: тас көмірдің қасиеттері.
1) Тас көмірді қолмен сындырып көру
Не байқадың?
Тұжырым
Тас көмір қатты.
2) Тас көмірді балғамен ұру
Ол ұсақ кесектерге бөлінеді.
Тұжырым
Тас көмір морт сынады.
3) Тас көмірді суға салу
Не байқадың? Көмір суға бірден батып кетеді.
Тұжырым
Көмір ерімейді, себебі судан ауыр.
VI. Алған білімді жинақтау
Ұйқасын тап
Қарағанды — бар көмірде
Көмір толған — қаласы
Қасиеті — өмірде
Пайдалы ол — даласы
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқиды.
- Оқушылар мәтінді кезекпен оқиды.
- Сөздік жұмысы жүргізіледі.
- Дәптермен жұмыс орындалады.
Сөздік жұмысы
- Террикондар
- Латын тілінен: terra — жер, con — конус.
- Тас көмірден алынатын өнімдер
- Дәрі-дәрмек, бояу, пластмасса.
Шығармашылық жұмыс
I топ
«Көмірлі өлке» тақырыбына эссе жазу.
II топ
«Бес жолды өлең» құрастыру (тақырыбы: Көмір).
Үлгі
- Көмір
- Қара, жылтыр
- Жылтырайды, жанады
- (Сөз тіркесі / сөйлем)
- (Қорытынды сөз)
VII. Қорытынды (тест)
-
1. Қарағанды кен орнын ашқан кім?
- а) Ыбырай Алтынсарин
- ә) Апақ Байжанов
- б) Серік Ахметов
- в) Қаныш Сәтпаев
-
2. Тас көмірден қандай заттар алынады?
- а) Айран
- ә) Парта
- б) Дәрі-дәрмек
- в) Жіп
-
3. Қарағанды қай қаламен көршілес жатыр?
- а) Алматы
- ә) Жамбыл
- б) Астана
- в) Жезқазған
-
4. Қалада қанша ұлт өкілі тұрады?
- а) 113
- ә) 301
- б) 103
- в) 143
-
5. Апақ Байжанов көмірді қай жылы тапқан?
- а) 1934 ж.
- ә) 1845 ж.
- б) 1833 ж.
- в) 1823 ж.
VIII. Үй тапсырмасы
- «Қарағанды» мәтінін мазмұндау.
- Сөзжұмбақ құрастыру.
IX. Бағалау
Оқушылардың жұмыстары бағаланып, белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.