Қазақ билері
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандары мен билері
Бұл сабақта хан — ел билеушісі ұғымы, сондай-ақ Қазақ хандары мен Қазақ билерінің қоғамдағы орны қарастырылады. Мақсат — тарихи деректерге сүйене отырып, Қазақ мемлекетінің саяси өміріндегі билік құрылымын түсіндіру және оқушылардың ойлау, талдау дағдыларын дамыту.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
- Ханның ел билеушісі екенін түсінеді.
- Қазақ хандары мен билері туралы білімін кеңейтеді.
Тілдік мақсат (негізгі ұғымдар)
Сабақтан күтілетін нәтиже
1-деңгей (білу, түсіну)
Оқушылардың барлығы: Қазақ хандары мен Қазақ билері туралы негізгі мәліметтерді біледі және түсіндіреді.
3-деңгей (жинақтау, бағалау)
Оқушылардың кейбірі: жаңа сабақты өмірмен байланыстырып, Қазақ мемлекетінің саяси өміріндегі хандар мен билердің орнын дәлелдейтін қосымша материалдар тауып, шығармашылық жұмыс орындайды.
Ресурстар
АКТ, карта, атлас, карта-суреттер.
Пәнаралық байланыс
География.
Алдыңғы оқу
§12. Қазақ халқы мен Қазақ хандығының қалыптасуы.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут- I Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушылар ақ тілектерін айтып, бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.
- II Топқа бөлу: «Хан», «Би», «Жүз» атаулары арқылы.
- III Сабаққа дайындықты тексеру: оқу құралдары мен қажетті жабдықтарды бақылау.
Үй тапсырмасын сұрау
10 минут1-деңгей (білу, түсіну)
«Ыстық орындық» ойыны: әр топ бір оқушыға сұрақ қояды.
- «Қазақ» этнонимі қандай мағына береді?
- Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
2-деңгей (қолдану, талдау)
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
- «Этнос» ұғымын қалай түсінесіңдер?
- Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне тайпаларды атаңдар.
- Қазақ хандығы қай жылы құрылды және 2015 жылы хандықтың неше жылдық мерейтойы аталып өтті?
3-деңгей (жинақтау, бағалау)
- Әлеуметтік мағынада «қазақ» этнонимі алғашында кімдерге қолданылған?
- Саяси тұрғыда «қазақ» атауы қандай мағына берді?
- Керей мен Жәнібек бастаған тайпалардың Әбілқайыр ханға бағынбай, Шу бойына үдере көшуіне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
- Алғашқы Қазақ хандығы құрылған аумақты картадан көрсетіңдер.
Жаңа сабақ
5 минутМұғалім слайдтар мен атлас картасындағы суреттерді, мәліметтерді пайдаланып түсіндіреді. «Қарап шығу» әдісі қолданылады.
Оқушыларға мәтін бөліктері таратылады: оқып шығып, өз ойларын ортаға салады.
- Хан — ел билеушісі.
- Қазақ хандары: шығу тегі, билік жүйесіндегі орны.
- Қазақ билері: қоғамдағы әділдік пен құқықтық дәстүрді сақтаудағы рөлі.
Сабақты бекіту
12 минут1-деңгей (білу, түсіну)
«Суреттер сөйлейді»: әр топқа суреттер беріледі. Оқушылар сурет бойынша ойларын қағазға түсіріп, сынып алдында қорғайды.
Мысал:
«Жошы хан хикаясы» (сурет бойынша әңгімелеу).
2-деңгей (қолдану, талдау)
Тақырыптық тапсырма
«Қазақ билері» тақырыбы бойынша қысқа талдау: би институтының қызметі мен қоғамдағы орны.
Тест тапсырмалары
-
1. Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім?
а) Бұрындық ә) Шағатай б) Мөңке в) Жошы
-
2. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан әдет-ғұрып құқық нормаларын жүйелеген заң жинағын атаңдар:
а) Төре бітігі ә) Жеті жарғы б) Қылмыстық заң в) Жарғы
-
3. Даналығы мен әділдігімен атағы шыққан хан:
а) Бұрындық ә) Тәуке б) Жошы в) Салқам Жәңгір