Жапырақты ағаштарды ата
Саяхат сабақ • Дүниетану
Өсімдік — тірі организм
Бұл сабақ жоспары оқушыларға өсімдіктің тірі табиғатқа жататынын дәлелдеуге, өсімдік мүшелерін және олардың қызметін түсіндіруге, сондай-ақ өсімдікке қажетті жағдайларды нақтылауға бағытталған.
Сабақтың көрнекілігі
- Интербелсенді тақта
- Өсімдік суреттері
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Талдау және жинақтау
- Баяндау, түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Өсімдіктің тірі табиғат екенін дәлелдеу; өсімдік мүшелері, олардың қызметі және өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсінікті кеңейту.
Дамытушылық
Жүйелі ойлауды дамыту, танымдық белсенділікті арттыру, өз бетінше жұмыс істеп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Байқағыштыққа, бір-бірін құрметтеуге, қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың барысы
I кезең
Ұйымдастыру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық: «Күннің бетін бұлттан арылту» тапсырмасы (слайд).
-
Жылдам тапсырмалар
10 онд. = ? бірл.
1 м = ? дм
7 + x = 13
2 сағ = ? мин
7 + a = ?
II кезең
Өткен сабақты қайталау
Сұрақтар
- Біз кімбіз?
- Адамды қоршаған орта қалай аталады?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Өсімдіктер неге тірі табиғатқа жатады?
III кезең
Жаңа сабақ
1) Ой толғаныс: сөзжұмбақ
Жұмбақтарды шешіп, ерекше жолдан шыққан сөзді табыңдар. Сол сөз бүгінгі тақырыпқа жетелейді.
- 1.Көреді бәрін өзгенің, көрмейді бірақ өздерін.
- 2.Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.
- 3.Қай аң тышқаннан қорқады?
- 4.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады?
- 5.Оқушыға күнде еріп жүретін не?
- 6.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
- 7.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.
Қорытынды: «Өсімдік — тірі организм».
2) Кіріспе сұрақтар
- Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Өсімдік жақсы өсуі үшін қандай жағдайлар қажет?
Негізгі қажеттіліктер
3) Оқулықпен жұмыс (топтық)
Әр топ оқулық мәтінін бөліктерге бөліп оқиды. Кейін әр оқушы өз түсінгенін қысқаша айтып береді.
Пысықтау тапсырмалары
- 1.Ағаштың мүшелерін ата.
- 2.Шөптектес өсімдіктің мүшелерін ата.
- 3.Өсімдіктің неліктен тірі екенін дәлелде.
- 4.Жапырақты ағаштарды ата.
- 5.Қылқанжапырақты ағаштарды ата.
4) Дәптермен жұмыс
Терминдерді жазу, мүшелерді белгілеу, қысқа қорытынды жасау.
5) Ойын
«Өсімдіктерді топқа бөл»: ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктерді ажырату.
6) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды жаңарту.
IV кезең
Бекіту: табиғатқа «саяхат»
Саяхатқа дайындық
Табиғат аясына шығу үшін қандай заттар керек?
- Құбылнама — бағытты дұрыс анықтау үшін.
- Карта — орман, өзен, көл секілді нысандарды табу үшін.
Көлікке міну тапсырмасы: субтест
Әр қатардан ортақ белгісіне қарай артық сөзді анықтаңдар (слайд).
- 1.Қызанақ, қарбыз, алма, сәбіз.
- 2.Қайың, бәйшешек, шырша, қарағай.
- 3.Өрік, алмұрт, банан, қияр.
Дала көрінісі
Көзімізді жұмып жазғы даланы елестетейік: қандай гүлдер мен шөптерді көрдіңдер? Көрген өсімдіктеріңнің аттарын атап шығыңдар.
Орманға келдік: «Кірпінің тапсырмасы»
Ағаштарды өз жапырақтарымен сәйкестендіріңдер (слайд): қайың, емен, үйеңкі, қарағай, шырша.
Өзен жағасы: биологиялық диктант
Бос орындарды тиісті сөздермен толықтырыңдар (слайд).
Біз ... жағасына келдік. Онда түрлі ... өсіп тұр. Жақын маңнан ... даусы естіледі. Кенет аспанды ... басты. Жарқ-жұрқ ... ойнады. Сіркіреп ... жауды.
V кезең
Қорытынды және бағалау
Ойын: «Ағаштағы жапырақты жина»
Әр жапырақта сұрақ. Дұрыс жауап берген оқушы жапырақты «жинайды» (слайд).
- 1.Бақшада қандай өсімдіктер өсіріледі?
- 2.Бақта қандай өсімдіктер өседі?
- 3.Жапырақты және қылқанжапырақты ағаштардың айырмашылығы қандай?
- 4.Жапырағын күзде түсіретін қылқанжапырақты ағашты ата.
- 5.Қандай ағаштың жапырағы жүрекке ұқсайды?
- 6.Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі?
Проблемалық сұрақтар
Талқылау арқылы экологиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған сұрақтар:
- Орман неліктен өртенеді?
- Өрт өсімдікке қандай зиян келтіреді?
- Ауаның ластануы өсімдікке әсер ете ме?
- Лас судың табиғатқа әсері қандай?
- Табиғатты қалай қорғау керек?
- Неліктен біз өсімдіктерді қорғауымыз керек?
Қорытынды бөлімінде табиғатты аялауға қатысты тыйым сөздерді айтып, негізгі ойды бекіту ұсынылады.
VI кезең
Үй тапсырмасы
- Оқулық: 34–36-беттерді оқу.
- Шығармашылық жұмыс: ағаштың суретін салу.