Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрау

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы

Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы Майланова Тойдушат Елемесовна

Пәні: Ағылшын тілі Бөлім: Қызықты грамматика Сабақ тақырыбы: Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрау

Сабақтың мақсаты

  • Тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлем құрауға машықтандыру.
  • Сөздерді байланыстырып, еркін сөйлеуге үйрету.
  • Оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрай алады.
  • Өз ойын ашық әрі еркін жеткізе алады.
  • Сөйлеу дағдысы дамиды.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап Эссе «Қар үйіндісі» «Қар үстіндегі доп» Сәйкестендіру

Көрнекілік

Интерактивті тақта

Тапсырмалар, сәйкестендіру, сөздік жұмыс.

Суреттер

Қысқы ойындар мен табиғат құбылыстарын бейнелеу.

Сабақтың барысы

Құрылымы айқын, оқушы белсенділігін арттыруға бағытталған.

  1. 1) Ұйымдастыру бөлімі

    Оқушылар ағылшын тілінде бір-бірімен амандасады. Фигуралардың түстеріне сәйкес (ақ, сары, жасыл) үш топқа бөлінеді.

  2. 2) Ой шақыру

    Сары, ақ, жасыл түстер туралы не білесіңдер? Осы үш түс ретімен келетін өмірде қандай нәрселер бар?

    Оқушылардың ойы тыңдалады, талқылау жүргізіледі.

    Үш түстің жыл мезгілдерімен байланысы анықталады. Әр топ күз, қыс, көктем туралы ағылшын тілінде қысқа әңгіме жазып, оны сурет арқылы бейнелейді.

  3. 3) Ойлан, дәлелде

    Осы үш түстің ішінде қай түс асыл?

    Ақ түс — оқушылар мысал келтіріп, өз ойларын дәлелдейді.

    Ендеше, қазір жылдың қай мезгілі?

    Қыс.

  4. 4) Сәйкестендір: қысқы ойындар

    Оқушылар суреттерді ағылшын тіліндегі атауларымен сәйкестендіріп белгілейді.

    Тірек сөздер

    snow sky the sun winter sled sledding skiing snowboarding skating skate
  5. 5) «Қар үстіндегі доп» (сұрақ-жауап)

    Мұғалім ағылшынша сөздер айтады, оқушылар олардың қазақша аудармасын табады. Жауаптар жедел, кезекпен беріліп, белсенділік қолдау табады.

  6. 6) Сергіту сәті

    Ағылшын тіліндегі ән орындалады. Мақсаты — назарды жаңартып, сөйлеу ырғағын табиғи түрде қалыптастыру.

  7. 7) Ойлан, құрастыр

    Әр топ қысқы табиғат құбылыстарына қатысты жұмбақтар құрастырады: аяз, қар, боран.

  8. 8) «Егер мен…» (образға ену)

    Әр оқушы қыс мезгіліндегі бір табиғат құбылысының бейнесіне еніп, қысқа мәтін құрайды.

    Үлгі

    Мен — боранмын. Мен қыста соғамын. Мен салқынмын, қатты ұйытқимын.

  9. 9) Бес жолды өлең

    Әр топ қыс мезгіліне байланысты бес жолды өлең (синквейн) құрастырады. Негізгі мақсат — жаңа сөздерді мағыналы құрылымда қолдану.

  10. 10) Бекіту: «Қар үйіндісі» ойыны

    Әр оқушы жеке парақшаға қыс тақырыбында бір сөйлем жазады. Келесі оқушы сол мәтінді жалғастырады. Осылайша сыныптағы әр оқушы бір сөйлемнен қосып, соңында жиналған мәтін дауыстап оқылады.

    Дағды

    Сөйлем құрау

    Тірек сөздер арқылы құрылымды сөйлеу.

    Нәтиже

    Командалық мәтін

    Бірігіп жазылған қысқы тақырыптағы әңгіме.

    Бағалау

    Қатысу және дәлдік

    Аударма, грамматика, байланыстылық.