Жемістер мен тұқымдардың таралуы
Сабақ жоспары
6-сынып биология: жемістер және тұқымдардың таралуы
- Мұғалім
- Шерипова Мөлдір Қазыбайқызы (химия және биология пәні мұғалімі)
- Мекеме
- Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Сарыкөл орта мектебі
- Пән
- Биология
- Сынып
- 6
- Тақырып
- Жемістер. Жемістер мен тұқымдардың таралуы
Мақсаты
- Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамыту және ақпаратпен жұмыс істеуге ынталандыру.
- Проблеманы көрнекі сызба арқылы қоя білуге және ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасауға үйрету.
- Меңгерілген ақпаратты сыныптастарына түсінікті әрі жүйелі жеткізе алу дағдысын қалыптастыру.
Түйінді идея
Дәрумендер — денсаулық кепілі.
Күтілетін нәтиже
Дағдылар
- Мәтінмен жұмыс жасау дағдысы дамиды.
- Ақпаратты талдау, сұрыптау және қорытындылау қабілеті артады.
- Проблеманы сызба арқылы ұсына алады.
Коммуникация
- Топта талқылау арқылы өз ойын дәлелдеп айта алады.
- Тақырыпты сыныптастарына түсінікті түрде жеткізе алады.
- Топ басшысы арқылы өзін-өзі және өзара бағалауға қатысады.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Ынтымақтастық атмосферасы
«Жүрек жылуы» тренингі: оқушылар оң алақанын жүрек тұсына қойып, жүрек соғысын бір сәт тыңдайды. Одан кейін әрқайсысы: «Менің жүрегім ...» деп бастап, мейірімді тілегін жалғастырады. Сабаққа жылы көңіл күймен кірісу үшін жылуды айналасына «үрлеп» таратады.
ә) Топқа бөлу
Оқушыларға үш сөз жазылған үлестірме беріледі: «Сабақ», «Жапырақ», «Гүл». Әр оқушы өзіне түскен сөз жазылған партаға барып отырады.
б) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы «Суретпен жұмыс» және «Орнына апар» әдістері арқылы тексеріледі: интерактивті тақтадағы тапсырма бойынша оқушылар білгенін жылдам жазып, дұрыс жауаппен салыстырады.
2) Тұсаукесер және мағынаны ашу
ЖИГСО әдісі
Оқушылар мәтінді бөліктерге бөліп оқиды, топта талқылайды және маңызды тұстарын бір-біріне түсіндіреді. Әр топ өз бөлігін меңгеріп, кейін басқа топтарға жеткізеді.
Мұғалімнің түсіндірмесі
«Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің» қағидасына сүйене отырып, жемістер туралы қосымша мәліметтер интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы түсіндіріледі.
3) Негізгі бөлім
Сергіту сәті
«Ғажайып өсімдіктер» тақырыбындағы 3 минуттық бейнеролик көрсетіледі.
Көзбен көру ақиқаты
Әр топқа жемістерге байланысты суреттер беріледі. Оқушылар суреттерді өз принципі бойынша топтастырып, не үшін солай жіктегенін басқа топтарға түсіндіреді.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Интерактивті тақтада жеміс түрлері мен олардың таралу жолдарын сәйкестендіру тапсырмасы орындалады.
Семантикалық карта
Оқушылар негізгі ұғымдарды бекіту үшін семантикалық карта толтырады.
4) Қорытынды
Шығармашылық жұмыс
Әр топқа тірек сөздер беріледі. Тірек сөздерді қолданып, жемістер мен тұқымдардың таралуына байланысты қысқа өлең құрастырады.
Тірек сөздер (I топ)
- Шие
- Сүйекті шырынды жеміс
- Жануарлар арқылы таралу
Тірек сөздер (II топ)
- Қайың
- Қанатты жеміс
- Жел арқылы таралу
Тірек сөздер (III топ)
Қызғалдақ
Қауашақ
Таралу түрі
Өздігінен таралу
Нәтиже
Өлең мәтінінде байланысын көрсету
Үй тапсырмасы
- §23–24 оқу.
- 66, 67, 68-суреттерді салу.
- 87-бет: «Біліміңді тексер» тапсырмасын орындау.
Бағалау және рефлексия
Бағалау
«Үш шапалақ» және «От шашу» әдістері қолданылады. Қосымша бағалауды топ басшысы жүргізеді.
Рефлексия
«Үміт ағашы» әдісі бойынша оқушылар сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша жазады және ортақ қорытынды жасалады.