Жазушының бір шығармасынан үзінді оқу
Тақырыбы
Алтайдың Кербұғысы
Мақсаты
Оқушыларға қазақтың кемел жазушысы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын таныту, олардың бойындағы патриоттық сезімді, эстетикалық талғамды және сөйлеу мәдениетін дамыту.
Міндеттері
- Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алу.
- Жазушыға арналған әдеби-танымдық қабырға газетін шығару.
- Жазушының бір шығармасынан үзінді оқу.
- Оқылған үзінді арқылы шығарманың атауын таба білу.
- Драмалық шығармаларынан қысқаша сахналық қойылым көрсету.
- Оралхан Бөкейге арнап өз туындысын оқу немесе өзге ақындардың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу.
Жүргізуші сөзі
Армысыздар, әдебиет сүйер қауым! Қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы аясында өтіп жатқан «Алтайдың Кербұғысы» атты әдеби-танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымыз Өр Алтайдың құнарлы топырағынан нәр алған, табиғаттың тылсым тынысын жүрегіне сіңірген, санасында сағынышқа толы хикаяттар мен әңгімелердің өзегін өрген, Алтайда жүріп-ақ асқақ үнімен алты алашты елең еткізген Оралхан Бөкей ағамызға арналады.
«Осы айтам-ау, адамның адамнан несі артық? Адамның адамнан мінезі мен білімі артық». Ендеше, бүгінгі сайысқа мінезімен де, білімімен де ерекшеленген оқушыларымыз қатысады.
Топтар
-
Бірінші топ
Мұзтау
-
Екінші топ
Шыңғыстай
-
Үшінші топ
Қамшыгер
Әдебиет майданындағы оқушыларымыздың білім-білігі мен тапқырлығы сыналатын сайысымыздың шарттарымен таныс болайық!