Айт неше құс ұшып жүр, неге екенін түсіндір

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» сайысы

Қайырлы күн, қадірменді көрермендер! «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс топтық форматта өтеді. Математика мен жаратылыстану ғылымдарының қызықты қырларын бірге зерделеп, білімімізді жинақтап, қорытынды жасаймыз.

Мақсаты

  • Математика және жаратылыстанудан алған білімді жүйелеу, қорытындылау.
  • Ой-өрісті кеңейту, есте сақтау қабілетін шыңдау.
  • Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар

Ортаға «Алғырлар» және «Тапқырлар» топтарын шақырамыз.

Әділқазы алқасы сайыстың әр кезеңіне әділ баға береді.

Топтардың ұраны

«Алғырлар» тобы

Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты,
«Тапқырлар» командасын қарсы алады.

«Тапқырлар» тобы

Осындай алғыр достар кез келгенде,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де.

Көңілді тапқыр, білгіштер бар өнерін ортаға салады. Кім көп оқып, білімін нақты дәлелдесе — бүгінгі күннің жеңімпазы сол болады.

Сайыс кезеңдері

Төменде сайыстың негізгі турлары мен тапсырма үлгілері берілген.

I тур — «Бәйге»

Жылдам сұрақтарға жауап беру.

  1. Өсімдіктер неше класқа бөлінеді?
  2. Қазақстанның неше экономикалық ауданы бар? Атаңдар.
  3. Бір тәулікте неше сағат бар?
  4. Сүтқоректілер класы неге бұлай аталады?
  5. Дүниежүзілік мұхиттарды атаңдар.
  6. Төрт қойдың неше аяғы бар?
  7. Алты құрлықты атаңдар.
  8. Балықтың жүрегі неше қуысты?
  9. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмас бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан қалды?
  10. 7 майшам жанып тұр. Төртеуін сөндірсек, неше майшам қалады?
  11. Бұрышты өлшейтін құрал қалай аталады?
  12. Адам ағзасында шамамен неше литр қан болады?

II тур — «Ойымды жалғастыр»

Мақал-мәтелдің жалғасын табу.

  • 1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл.
  • 2. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
  • 3. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
  • 4. Бір елі ауызға — екі елі қақпақ.
  • 5. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
  • 6. Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды.
  • 7. Білгенің — бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз.
  • 8. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

III тур — «Полиглот»

Жұмбақтың жауабын қазақ және орыс тілдерінде айту.

1. Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.

Жауабы: қоян

2. Оңға оқы — сол санмын, солға оқы — сол санмын. Бес әріптен тұрамын, айтшы, мен қай санмын?

Жауабы: қырық

3. Кіп-кішкентай екі көзі, қалай көреді өзі? Қолы екеу, ұзын мұрны — сол мұрнымен тамақ тауып жүреді.

Жауабы: піл

4. Екі аяқпен кезек-кезек тебеді, ол тынымсыз домалап, зыр жүгіре береді.

Жауабы: доп

5. От басында құмған, екі көзін жұмған.

Жауабы: мысық

6. Бір қораға қамалғандар, жану үшін жаралғандар.

Жауабы: сіріңке

7. Бар екен үш қанатым — ұшып кетпес, егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес. Өзінің мекенімен шығып кетсе, тіршілік көремін деп үміт етпес.

Жауабы: балық

8. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар.

Жауабы: (көрсетілмеген)

IV тур — Үй тапсырмасы

«Ән шашу» — әр топ өз өнерін көрсетеді.

V тур — «Тірі сұрақ»

Ойлануды, дәлелдеуді талап ететін есептер.

1. 11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 5 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі. Таба алмасаң — бол күлкі.

2. Тал басында тізіліп 10 жапырақ тұр еді. Жел соғып, біреуі ұшып кетті. Ізінше тағы 5-еуі үзіліп түсті. Әлі де ілініп тұрған жапырақ нешеу?

3. Ағаш басында 7 шымшық отыр еді, оған тағы 5-еуі қосылды. Бір кезде ұры мысық бұқпантайлап кеп біреуін ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?

Жауабы: ағашта шымшық қалмайды, өйткені қалғандары ұшып кетеді.

4. Су құйып ем астауға, 3 қаз ұшты аспанға. 3 қасқалдақ, 1 бірқазан, 2 үйрек, 1 көксерке, 1 сазан, 1 қарға да қосылды. Айт: неше құс ұшып жүр? Неге?

Жауабы: 10 (балықтар құс емес).

5. Бір тауық 5 балапан шығарды. 10 жұмыртқа бастырған еді. Тауықтың астында әлі қанша жұмыртқа жатыр?

Жауабы: 5

VI тур — «Жұмбақ-сурет»

Жануарлардың атын табу үшін суреттер мен кішкентай дөңгелекшелер пайдаланылады. Суретті дұрыс түсініп, дөңгелекшелерге әріптерді орнымен орналастырсаңдар, жұмбақталған жануарлардың атын білетін боласыңдар.

Әр топқа үлестірмелі қағаз таратылады. Екі топ тапсырманы орындағанша, көрермендер де жұмбақ шешеді.

1. Тұмсығымен ояды, ұя салып қояды. Бұл қандай құс?

Жауабы: тоқылдақ

2. Көктемде құстар қайтқанда, ең алдымен келетін. Ұя жасап беретін. Бұл қандай құс?

Жауабы: қараторғай

3. Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талдаңдап.

Жауабы: балапан

4. Ауылда да, қалада да мекені бар; жолаушы жүрсең шығарып салады. Алдыңнан шығып, жаныңды еркелетеді.

Жауабы: қарлығаш

5. Көңілдің көркі, сәні екен; ұшқанда сазды әні екен. Адамдар қорғап сақтаған. Бұл қандай құс?

Жауабы: аққу

6. Маң-маң басқан жүрісі, барлық құстың ірісі. Қашқанда құстай ұшпайды, қуғанын бірақ ұстайды.

Жауабы: түйеқұс

VII тур — «Кім жылдам?» ойыны

Балалар, сендер балық аулауға шықты деп елестетіңдер. Қармақтың орнына қысқыш беріледі. Белгілі уақыт ішінде балықтың суреттерін қысқышпен қысып алып, шелекке салу керек.

Сайыс соңында қорытынды шығару үшін сөз әділқазы алқасына беріледі.