Жер шарының полюстері

Дүниетану апталығы: ашық сабақ жоспары

Пән / Сынып

Дүниетану, 4-сынып

Сабақ тақырыбы

Глобустың градус торы

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларға глобустың градус торы туралы мағлұмат беру.
  • Дамытушылық: ой-өрісін, есте сақтау қабілетін және дүниетанымын дамыту.
  • Тәрбиелік: Отанын аялауға, ұқыптылыққа, сыныпта және көпшілік ортада дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың сипаты

Типі
Жаңа материалды меңгерту
Түрі
Саяхат-сабақ
Әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, тест

Құрал-жабдық және байланыс

Көрнекілігі
Оқулық, глобус, карта, интерактивті тақта, смайликтер, үлестірмелер
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты дайындау

  • Оқушыларды түгелдеу
  • Оқу құралдарын тексеру
  • Назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Табиғат! Тіршіліксің тұнып тұрған.
Сен — Күнсің! Көтерілген күліп қырдан.
Сен — Көлсің! Сен — Ормансың! Сен — Бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Топқа бөлу және ынталандыру

Сынып екі топқа бөлінеді, топ басшысы сайланады. Белсенді жауап берген оқушыларға смайликтер үлестіріледі.

1-топ

Астрологтар

Ұранымыз: «Біз астрологпыз, астрологпыз, аспан әлемін зерттейміз!»

2-топ

Жұлдыздар

Ұранымыз: «Біз жұлдызбыз, жұлдызбыз, жарқыраймыз түнде біз!»

Сабақтың кіріспе ойы

Бүгін сабақта барлығың зерттеуші болып, ғарыш әлеміне және Жер планетасына саяхатқа шығамыз. Ол үшін алдарыңдағы «жолдамаға» аты-жөніңді жаз.

Ғарышкерлер туралы әңгіме

Тақтадағы суретке назар аударайық: суреттегі ғарышкерлер кімдер? Олар туралы не білеміз?

Т. Әубәкіров

1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшып, 1991 жылы 10 қазанда Жерге қайтып оралды. Ұшу ұзақтығы: 7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секунд.

Талғат Мұсабаев

1994 жылы 1 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМ-19» кемесімен ұшты. Орбитада 126 тәулік жұмыс істеді. Ашық ғарышта 11 сағат 7 минут болды.

Ю. А. Гагарин

1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа ұшты. Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қонды.

II. Үй тапсырмасын пысықтау (тест)

Сапарға шықпас бұрын ғарышкерлеріміздің тапсырмаларын орындайық. Ю. Гагариннің тапсырмасы — интерактивті тақтадағы тест. Жауаптар көрсетілгеннен кейін оқушылар өз жұмыстарын тексереді.

  1. 1) Алғашында адамдар Жерді қандай деп ойлады?

    A) тегіс • Ә) қыратты • Б) таулы

  2. 2) Жер бетінің су басып жатқан аса кеңістігін не дейміз?

    A) өзен • Ә) мұхит • Б) көл

  3. 3) Жер шарында неше мұхит бар?

    A) 4 • Ә) 5 • Б) 7

  4. 4) Жер шарында қанша материк бар?

    A) 4 • Ә) 6 • Б) 7

  5. 5) Қазақстан қай материкте орналасқан?

    A) Африка • Ә) Америка • Б) Еуразия

  6. 6) Жан-жағын төрт бірдей мұхит қоршап жатқан материкті тап.

    A) Еуразия • Ә) Антарктида • Б) Аустралия

  7. 7) Масштаб дегеніміз не?

    A) белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін сан • Ә) кез келген заттың бейнеленген көрінісі • Б) бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі

  8. 8) Глобус дегеніміз не?

    A) шар тәрізді жұлдыз • Ә) Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі • Б) Жер шарының полюстері

  9. 9) Күннің беткі температурасы қанша градус?

    A) 4000°C • Ә) 6000°C • Б) 5000°C

  10. 10) Жер мен Күннің арақашықтығы неше километр?

    A) 150 млн • Ә) 140 млн • Б) 160 млн

III. Білімді жан-жақты тексеру

Т. Әубәкіровтің тапсырмасы — қысқаша сұрақтар:

Сұрақтар

  1. Жерге ең жақын жұлдыз қандай? (Күн)
  2. Жерді қоса есептегенде Күнді қанша планета айналып жүреді? (9)
  3. Планета дегеніміз не? (Өзінен жарық шығармайтын салқын дене)
  4. Жердің серігі қандай? (Ай)
  5. Глобус дегеніміз не?

Назар аударатын дағды

Жауап беру барысында анық, қысқа және дәл сөйлеуге үйренеміз: ұғымды атау, белгісін айту, бағытты көрсету.

VI. Жаңа сабақты бекіту

«Кім зерек?» ойыны — сұрақтарға жауап бер.

  1. 1) Жер шарында неше полюс бар?
  2. 2) Жер өз білігінен айналғанда полюстер айнала ма?
  3. 3) Полюстер глобуста немесе жарты шарлар картасында қалай бейнеленеді?
  4. 4) «Экватор» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
  5. 5) Жерді тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық?
  6. 6) Жер экваторының ұзындығы қанша километр?
  7. 7) Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар қалай аталады?
  1. 8) «Параллель» қандай мағынаны білдіреді?
  2. 9) Параллель қандай бағытты көрсетеді?
  3. 10) Оңтүстік және солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтар қалай аталады?
  4. 11) «Меридиан» қандай мағынаны білдіреді?
  5. 12) Глобуста меридиан қай бағытты көрсетеді?
  6. 13) Глобустың градус торы дегеніміз не?

VII–IX. Қорытынды, бағалау, үй тапсырмасы

Қорытынды

  • Не үйрендім?
  • Не білдім?
  • Нені білгім келеді?

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және топтық жұмыстағы қатысуы ескеріледі.

Үй тапсырмасы

«Глобустың градус торы» тақырыбын қайталау. Қосымша: глобустың суретін салып келу.