Ата - анаңа қарсы келме
Сабақтың мақсаты
Балаларды өз отбасын, жеті атасын, қазақ халқының салт-дәстүрін танып-білуге баулу; ұлттық құндылықты құрметтеп, сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Слайдтар
- Нақыл сөздер
Сабақтың барысы
Құрметті балалар! Ата-тегін біліп, тілін, дәстүрін, салтын құрметтеп, сақтайтын ұрпақ — еліміздің болашағы.
Ұсақ болма, ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да әйтеуір,
Азаматтың бірі бол.
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы, парқын сез,
Ата сөзі — алтын сөз.
Бүгінгі сабағымыз қазақ халқының салт-дәстүрін тереңірек танып, өз тегімізді білуге арналады. Ендігі сөз кезегі — сендерде.
Балалардың тақпақтары
1-бала
Бұтағы — бабасының,
Ұрпағы — атасының,
Шуағы — әжесінің,
Тұяғы — әкесінің,
Тілегі — анасының,
Тірегі — ағасының,
Түлегі — даласының,
Дарытқан бар асылын —
Мен қазақ баласымын!
2-бала
Бабамнан басталар,
Өз жұртым мыналар:
Ең жақын адамдар —
Әкем мен анам бар.
3-бала
Әкемнің әкесі —
Ақ басты атам бар.
Әкемнің шешесі —
Ақ шашты әжем бар.
4-бала
Әкеге мен — бала,
Атаға — немере.
Немере баласы —
Болады шөбере.
Мақал-мәтел сайысы
Енді балалар, мақал-мәтелден жарысайық.
Ақ шашты ана
Жастығым — балам дейді.
Ақылды бала
Ай-күнім — анам дейді.
- Ана алдында — құрмет, ата алдында — қызмет.
- Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді; атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.
- Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Ердің көркі — елімен, Отан көркі — жерімен.
- Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса кішіден сұра.
- Адам болатын бала алысқа қарайды.
- Адам баласының ең жаманы — талапсыз.
- Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме.
Жарайсыңдар, балалар! Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы және басқа да ата-бабасының нақты есімдерін кішкентайынан жаттап өседі.
Жеті ата
Кім маған жеті атаға кімдер жататынын айтып береді?
-
1
Ата
-
2
Әке
-
3
Бала
-
4
Немере
-
5
Шөбере
-
6
Шөпшек
-
7
Немене
Тыйым сөздер — тәрбиенің тірегі
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі — тыйым сөздер. Бұл сөздер балаларды жаман әдеттен, жат пиғылдан, орынсыз қылықтан сақтандыруға қызмет еткен. Келесі кезек тыйым сөздерге беріледі.
-
Ата-анаңа қарсы келме.
Үлкенді сыйлау — әдептің негізі.
-
Адамға қарап керілме.
Бұл — әдепсіздік белгісі.
-
Кісі айыбын бетіне баспа.
-
Көп сөйлеме.
-
Жаңа өсіп келе жатқан көкті жұлма.
-
Далада не жолда тұрған жалғыз ағашты кеспе.
Жаңылтпаш — тіл шынықтыру
Жаңылтпаш — жас ұрпақтың тілін ұстарту, сөзді анық әрі жылдам айтуға үйрету үшін айтылатын мұра. Ендеше, шапшаңдығымызды сынап көрейік.
Жаңылтпаш 1
Жағажай, жағажайда — Қамажай.
Жаңылтпаш 2
Іске іскер, істі іскер істер.
Жарайсыңдар, балалар!
Жайнатар кең өлкені —
Болашақтың ертеңі,
Біз бақытты балдырған —
Ата-ананың өркені.
Осымен сабағымызды аяқтаймыз.