Оңтүстік Американың халқы мен елдері

География Жаңа сабақ СТО технологиясы

Сабақтың бағыты мен міндеттері

Бұл сабақ Оңтүстік Американың халқы мен елдері туралы түсінікті жүйелеуге бағытталған. Материк халқының қалыптасу жолын, байырғы тұрғындар — үндістердің тарихи тағдырын, сондай-ақ халықтың әркелкі орналасу себептерін талдау көзделеді. Қосымша мақсат — оқушыларды материктің қазіргі саяси картасымен таныстыру және деректерді карта арқылы дәлелдеуге үйрету.

Білімділік

Халықтың қалыптасуы, нәсілдік-ұлттық құрам, байырғы үндістердің тағдыры.

Дамытушылық

Қазіргі саяси картамен жұмыс, салыстыру және дәлелдеу дағдылары.

Тәрбиелік

Халықтың таралуына әсер ететін факторларды түсіну, мәдени көптүрлілікті құрметтеу.

Қолданылатын ресурстар

  • Оңтүстік Американың саяси картасы
  • Тірек сызба, слайдтар, плакаттар
  • Бағалау парағы, оқулық
  • Смайликтер, интерактивті тақта

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал: оқушылар шеңберге тұрып, әр ұлттың сәлемдесу дәстүріне сай бір-бірімен амандасады. Кейін таңдап алған суреттері бойынша үш топқа бөлінеді.

Топ атаулары

  • Үндістер
  • Еуропалықтар
  • Негрлер

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Сен білесің бе?» әдісі арқылы қысқа сұрақтар қойылып, өткен материал бекітіледі.

Тексеру сұрақтары

  • Оңтүстік Америкада қандай табиғат зоналары таралған?
  • Экватордың екі жағын қандай орман алып жатыр?
  • Амазония ормандары неліктен «ғаламшардың өкпесі» деп аталады?
  • Мексика таулы қыраты неліктен «кактустың екінші отаны» деп аталады?
  • Бай мәдени мұраларымен адамзатты таңдандырған өркениеттерді атаңыз.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Льянос Пампа
Компас Қалың орман
Жазық дала Ориноко саваннасы
Сельвас Бразилия саваннасы
Гаруана Соқыр тұман

«Ең, ең, ең...» (талқылауға)

  • Ең ірі су шошқасы
  • Ең үлкен жылан
  • Ең кішкентай құс
  • Ең ірі жыртқыш құс

III. Мағынаны ажырату (жаңа мазмұн)

Сабақтың тақырыбы қысқа видеоролик арқылы ашылады. Көрген материал бойынша оқушылар «халық» ұғымын анықтайды.

Үш тұғырлы тіл: «Халық» сөзін үш тілде айту: халықнародpeople.

Оқулықпен жұмыс жүргізіліп, әр топқа жеке бөлімдер бөлінеді.

I топ

§43 (163-бет): Халқы мен елдері

II топ

Анд елдері және шығыстағы жазық елдер

III топ

Бразилия

Топтардың қысқаша қорытындылары (картамен жұмыс)

Әр топтың елшісі жауап беріп, негізгі деректер картада көрсетіледі.

I топтың жауабы

Оңтүстік Америкада 320 млн-нан астам халық тұрады. Халықтың қалыптасуы мен нәсілдік-ұлттық құрамы алуан түрлі. Материкке адамдар 15–17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған.

Нәсілдік араласу (мысалдар)

  • еуропалық + негр мулат
  • мулат + үндіс самбо

Оңтүстік Америка елдері

Тәуелсіз елдер

  • Аргентина
  • Боливия
  • Бразилия
  • Венесуэла
  • Гайана
  • Колумбия
  • Парагвай
  • Перу
  • Суринам
  • Уругвай
  • Чили
  • Эквадор

Тәуелді аумақтар

  • Фолкленд аралдары (Құрама Патшалық)
  • Оңтүстік Георгия және Оңтүстік Сандвич аралдары (Құрама Патшалық)
  • Француз Гвианасы (Франция)

II топтың жауабы

Анд елдері: Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили.

  • Колумбия

    Алтын мен асыл тастарға, әсіресе жақұттарға бай қорымен танымал.

  • Эквадор

    Экватор сызығы өтетін аймақта әрекет етуші көптеген жанартаулар орналасқан.

  • Перу

    Инктер мәдениетінің ескерткіштері сақталған; «ежелгі өркениет елі» әрі «археологиялық мұражай» деп аталады.

Шығыстағы жазық елдер

Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Аргентина және Француз Гвианасы.

III топтың жауабы

Бразилия Федеративтік Республикасы — Оңтүстік Американың шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет.

Аумағы

8,5 млн км²

Халқы

189 млн адам (2007)

Этникалық құрамы

  • Ақ нәсілділер54,7%
  • Негрлер5,89%
  • Мулаттар38,45%

Сонымен қатар 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз және т.б.) тұрады.

  • АстанасыБразилиа
  • Мемлекеттік тіліпортугал тілі
  • Дініхристиандық (көпшілік)
  • Ұлттық мейрамы7 қыркүйек — Тәуелсіздік күні

IV. Ой толғаныс және қорытындылау

«Ой қозғау» кезеңінде топтар постер дайындап, өз тұжырымдарын қорғайды. Кейін карта бетіне аймақ елдерін жапсырып, кеңістіктік байланыстарды нақтылайды.

Бағалау

Оқушылар бүгінгі жұмысты ескере отырып, топтардың бір-бірін смайлик арқылы бағалауына мүмкіндік беріледі.

Кері байланыс

  • Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
  • Сабақты толық меңгердіңіз бе?
  • Неліктен қиын болды?

Үй тапсырмасы

§43. «Халқы мен елдері» тақырыбын оқу.

  • Суретті пайдаланып, кескін картаға елдерді астаналарымен белгілеу.
  • Елдердің біріне 163-беттегі жоспар бойынша сипаттама жазу.

Автор туралы

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №28 орта мектебінің география пәні мұғалімі — Билібаева Нұрсауле Мирашовна.