Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті бар жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру
Факультатив: «Ғажайып математика»
Тақырып: 7 санын қосу және азайту
Мақсаты
Білімділік
- 7 санын қосу және 7-ге азайту тәсілдері бойынша білімді бекіту.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
- Тіл дамыту, ойлау және толық жауап беру дағдыларын дамыту.
- Шапшаңдық пен дәлдікке баулу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Дамытушылық
- Есеп шығару барысында шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Математикалық таным мен ой әрекетінің сапасын анықтап, жетілдіру.
- Оқушыны шығармашыл, белсенді тұлға ретінде қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбиелік
- Сапалы әрі тиянақты білімге баулу.
- Адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
- Оқушыны пән саласына икемдеу және ынталандыру.
Міндеттері
- Факультатив сабақтары оқушының қажетті математикалық деңгейін қамтамасыз етіп, ойлауын дамытуға жағдай туғызу.
- Математикалық білім мен практикалық әрекеттерді меңгеру арқылы ойлау әрекеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерді және танымдық қызығушылықты дамыту.
- Әр сабақта логикалық ойлауды, шығармашылық мүмкіндіктерді және математикалық тілді дамытуға бағытталу.
- Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі бағалауға және ұжымда әрекет етуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
Білім және дағды
- Өрнектерді амалдар ретіне сай қалпына келтіреді.
- Сызба бойынша есеп құрастырады, берілген мәліметтерді толықтырып жазады.
- 7 санына қосу және азайту амалдарын сенімді қолданады.
Шығармашылық және ынта
- Есептер мен жаттығуларды бірлесіп құрастырып, өз тапсырмаларын ықыласпен орындайды.
- Сайыс, КВН, олимпиада, ринг сияқты жұмыс түрлеріне қажет тапсырмаларды өз бетінше құрастырып, орындай алады.
- Ізденіс дағдысы мен оқу мотивациясы артады.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, сабақ мақсатымен қысқаша таныстыру.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы сабақта 7 саны туралы алған білімді еске түсіру және қателермен жұмыс.
-
3) Жаңа сабақ: +7 және −7
Сабақтың негізгі мақсаты — 7 санына қосу және 7-ге азайту. «Төлдерді өріске шығару» тақырыбы бойынша (бота, құлын суреттері) кіріспе әңгіме жүргізіледі.
а) Плакатпен жұмыс: «7 күн» және «7 ата»
7 күн
- 1. Дүйсенбі
- 2. Сейсенбі
- 3. Сәрсенбі
- 4. Бейсенбі
- 5. Жұма
- 6. Сенбі
- 7. Жексенбі
7 ата
- 1. Бала
- 2. Әке
- 3. Немере
- 4. Шөбере
- 5. Шөпшек
- 6. Немене
- 7. Туажат
Ширату сұрақтары
- Ешкінің төлі — ?
- Жылқының төлі — ?
- Сиырдың төлі — ?
- Қойдың төлі — ?
- Түйенің төлі — ?
ә) Магнитті тақтамен жұмыс: ауызша және жазбаша
Қосу (+7)
- 0 + 7= 7
- 1 + 7= 8
- 2 + 7= 9
- 3 + 7= 10
Азайту (−7)
- 10 − 7= 3
- 9 − 7= 2
- 8 − 7= 1
- 7 − 7= 0
б) Сергіту сәті: мақал–мәтел жарыстыру
Оқушылар мақал–мәтел айтып жарысады, сөйлеу мәдениеті мен белсенділігі артады.
в) Тақтамен және дәптермен жұмыс
№1 тапсырма
- 0 + 7= 7
- 1 + 7= 8
- 2 + 7= 9
- 3 + 7= 10
№2 тапсырма (ауызша және жазбаша)
Азайту
- 7 − 0= 7
- 7 − 2= 5
- 7 − 4= 3
- 7 − 6= 1
- 7 − 1= 6
- 7 − 3= 4
- 7 − 5= 2
- 7 − 7= 0
Қосудың ауыстырымдылығы және жұптар
- 7 + 0= 0 + 7
- 5 + 2= 2 + 5
- 6 + 1= 1 + 6
- 4 + 3= 3 + 4
-
7 санына беретін жұптар
0+7, 2+5, 7+0, 6+1, 4+3, 1+6, 3+4
Сергіту сәті: саусақтарға арналған өлең
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Екі қолды қосқанда,
Болады екен 10 саусақ.г) Плакатпен және оқулықпен жұмыс
№3 тапсырма
- 7 см − 5 см= 2 см
- 6 см + 1 см= 7 см