Аудио ертегі сұрақ

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың математикалық білім-білік дағдыларын тексеру, алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық

Өлең есептер, ертегі есептер және сөзжұмбақ арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Пәнге қызығушылықты арттыру, өз ойын еркін айтуға үйрету, ұйымшылдыққа баулу және туған жер табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 3-сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер. Сайысымыздың мақсаты — түрлі математикалық ойын тапсырмаларын орындау арқылы білімді тереңдетіп, меңгергенді пысықтау.

Сайыс барысында өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар және бейнелі сөздер ұсынылады. Жауаптардың дұрыстығын әділқазылар алқасы бағалап отырады. Ең көп ұпай жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады, ал белсенді қатысқан топ Алғыс хатпен марапатталады.

Сабақты көңіл күймен бастау

Көзімізді жұмып, әсем әуенге құлақ түрейік: жасыл дала, құлпырған қызыл гүлдер, сарқыраған мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқыраған күн сәулесі... Енді көзімізді жаймен ашып, осы әсермен тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындайық.

Шақыру өлеңі

Уа, халайық, халайық,

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып, шалқысып —

Көңілді кеш жасайық.

Топтар және ұрандар

«Алғырлар» тобы

Ұран

Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз.

Озып шығып бәйге аламыз,

Аты аңызға айналған алғыр бала атанып,

Біз де ғалым боламыз.

«Білгірлер» тобы

Ұран

Қандай сынақ болса да беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Мақтанбаймыз білгірміз деп,

Таудай бірақ талабымыз.

Білгір бала атанып,

Келешекте өскенде үлкен ғалым боламыз.

2-бөлім: Сөзжұмбақ шешу

Тапсырма: сөзжұмбақ сұрақтарына жылдам әрі дәл жауап беру.

«Алғырлар» сұрақтары

  1. Ең кіші үш таңбалы сан: жүз
  2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш: шаршы
  3. Ондықтан құралған сан: қырық
  4. Бір таңбалы сан: үш
  5. Кеміту амалы: азайту

«Білгірлер» сұрақтары

  1. Бір таңбалы сан: бір
  2. Геометриялық фигура: төртбұрыш
  3. Бұрыш түрі: сүйір
  4. Уақыт өлшем бірлігі: ғасыр
  5. Дөңгелектің басқа атауы: шеңбер

3-бөлім: Математикалық бейнелі сөз (ребус)

Тапсырма: ребустардың шешуін табу.

Ребус 1

Қаз + Ай + Ту Азайту

Ребус 2

Мысық + Етік + Р Метр

4-бөлім: «Ұшқыр ой» ойыны

Тапсырма: 1-ден 9-ға дейінгі сандардың орнын ауыстырмай, «+» амалын қойып, нәтижені 99 ету. Қажет болса, екі таңбалы сан қолдануға болады.

Мысал нұсқалар

  • 12 + 3 + 4 + 56 + 7 + 8 + 9 = 99
  • 1 + 23 + 45 + 6 + 7 + 8 + 9 = 99
  • 1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 67 + 8 + 9 = 99

5-бөлім: «Кім жылдам?» ойыны

Ойын шарты: шаршыдан 2 үшбұрыш және 2 төртбұрыш шығатындай етіп екі түзу сызық сыз.

6-бөлім: Аудио ертегі сұрағы

Бұл бөлімде Шарбану Батталова атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушысы Рахат Бақытжан ертегі-есеп жасырады.

«Ұрылар мен кемпір» ертегі-есебі

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасыз жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде ұрылар кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болады. Кемпір оларды алдауды ойлап, бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтады:

Сапырып-сапырып Арманға бер,

Құйып-құйып Алмасқа бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те маған бер.

Мұны естіген ұрылар: «Үй толы кісі екен, әрі бізден екі есе көп. Кетейік», — деп тайып тұрады.

Сұрақ: Үйде адам нешеу?

Жауабы: 10 адам

7-бөлім: «Құстар тапсырмасы»

Бізге қонаққа жылы жаққа қайтып бара жатқан құстар келіпті. Олар білімдеріңді тексеру үшін бірнеше тапсырма ала келген. Тапсырмаларды орындап, білімдеріңді көрсетуге дайынсыңдар ма?

Өлең жолдары

Құстар — біздің досымыз,

Біз қамқоршы боламыз.

Құстарға ұя саламыз,

Жем-су беріп жаз бойы,

Балапанын бағамыз.

1-құс: Аққу тапсырмасы

Математикалық викторина: үш шаршы шығатындай етіп, төрт таяқшаның орнын ауыстыр.

2-құс: Кептер тапсырмасы

Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады. Қай топтың ойы жүйрік екенін анықтаймыз.

Өлең есептер

  • Көлден ұшты 50 қаз,

    Қайтып қонды 20 қаз.

    Қонбағаны нешеу? 30

  • Аулада 60 үйрек, 11 түйе, 5 жылқы.

    Қорада 20 үйрек, 2 сиыр, 1 ешкі.

    10 үйрек тығылды, 2 қоян, 3 түлкі, 10 үйрек жығылды.

    Қорада нешеуі болды? 24

    Қалғаны неше үйрек? 70

  • Табақта 55 алма,

    Қолымда 5 алма.

    Барлығы неше алма? 60

3-құс: Торғай тапсырмасы

Қызықты логикалық тапсырмалар:

  1. Аяқ саны 10

    Аулада бұзаулар мен тауықтар жүр. Барлық аяқ саны — 10. Неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

    Жауабы: 2 бұзау, 1 тауық

  2. «Ұшып келген балық»

    Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

    Жауабы: балықтар ұшпайды

  3. Дөңгелек саны 10

    Аулада әртүрлі көліктер бар (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед). Дөңгелек саны — 10. Неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұруы мүмкін?

  4. Қайыңдағы алма

    Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-еуі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды?

    Жауабы: қайыңда алма өспейді

4-құс: Қаз тапсырмасы

Сурет бойынша: неше үшбұрыш және неше төртбұрыш бар екенін анықта.

8-бөлім: Бейне сұрақ

Бейне сұрақты мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Күміс апай қояды. Мұқият тыңдайық.

Тапсырма: әр бөлікте бір қара фигура болатындай етіп, суретті тең төртке бөл.

9-бөлім: Топ басшылар жарысы

«Алғырлар» капитанына сұрақтар

  1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
  2. 1 сағатта неше минут бар? 60
  3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. 70
  4. Шарты мен сұрағы бар шағын әңгіме қалай аталады? сөз есеп
  5. Мектептегі 45 минут қалай аталады? сабақ
  6. Оқу жылының алғашқы айы? қыркүйек
  7. Азайту амалының компоненттері: азайғыш, азайтқыш, айырма
  8. 3 пен 9-дың көбейтіндісі: 27
  9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяқ саны: 30
  10. Санды өзіне бөлсе: 1 шығады

«Білгірлер» капитанына сұрақтар

  1. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
  2. 1 ғасырда неше жыл бар? 100
  3. 9 ондық 8 бірліктен тұратын санды ата. 98
  4. Периметрді қалай табамыз? барлық қабырғаларын қосамыз
  5. Мектептегі 10 минут қалай аталады? үзіліс
  6. Қыс айларының алғашқы айы? қаңтар
  7. Бөлу амалының компоненттерін ата.
  8. 3 пен 7-нің көбейтіндісі: 21
  9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелек саны: 28
  10. Кез келген санды 1-ге көбейтсек: сол санның өзі

Қорытынды ой

Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрің де — математика ең маңызды ғылым.

Сондықтан сол ғылымның тілін біл.

Марапаттау және қорытынды

«Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сабағы осымен аяқталды. Енді әділқазылар ұпайларды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңімпаздарға «Жас математиктер» номинациясы табысталады.

Ұпайы аз болған топ та назардан тыс қалмайды: сайысқа белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталады.

Сау болыңыздар!