Жыныс жасушаларының аталуы

Сабақтың тақырыбы

Балдырлар. Көпжасушалы жасыл балдырлар.

Білімділік мақсаты

Көпжасушалы жасыл, қоңыр және қызыл балдырлармен, олардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызымен таныстыру. Балдырлардың әртүрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың тіршілік әрекетін түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты

Алдыңғы сабақтардағы білімді байланыстырып, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Көпжасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызын аша отырып, оларды тиімді әрі ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Тақта, маркер
  • Суреттер
  • Үлестірмелер
  • Тірек-сызбалар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құралдарын реттеу, оқу мақсатын қысқаша хабарлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Балдырлар туралы білімді «топтау» әдісі арқылы жинақтап тексеру:

Негізгі ұғымдар

  • Тіршілік ортасы: теңіз, өзен, көл, тоқтау сулар.
  • Құрылысы: біржасушалы және көпжасушалы түрлері болады.
  • Жасушалық ерекшеліктері: хроматофор, бір/көп ядролылық, таллом.

Салыстыру тапсырмасы

Хлорелла мен хламидомонаданы Венн диаграммасы арқылы салыстыру: ортақ белгілерін және айырмашылықтарын анықтау.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Спирогира

Спирогира — ұзын жасушалар бір қатарға тізіліп орналасатын жіпше түзетін көпжасушалы жасыл балдыр. Жасушадағы таспа пішінді хроматофор орама (спираль) тәрізді орналасады; атауы осы белгісіне байланысты.

Көбеюі

  • Өсімді көбею: жіпшенің бөлшектенуі немесе жасушалардың бөлінуі арқылы. Әр бөлшектен жаңа жіпше дамиды.
  • Жынысты көбею: екі жіптегі жасушалардың цитоплазмасы қосылып, зигота түзіледі.

Улотрикс

Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекініп өседі, кейде су түбіндегі қайыр балшықтың бетін жауып жатады. Ол қысқа жасушалардан түзілген жіп тәрізді таллом құрайды.

Спирогирадан айырмашылығы: әр жасушадағы жасыл хроматофор жалпақ білезік (сақина) тәрізді болады.

Көбеюі

  • Жыныссыз көбею: жасыл жасушаларда 2 немесе 4 талшықты зооспоралар түзіледі; олар қозғалып, субстратқа бекінеді де жаңа жіпше қалыптастырады.
  • Жынысты көбею: жасушалардан екі талшықты гаметалар пайда болып, қосылып зигота түзеді.

Қоңыр және қызыл балдырлар

Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар тұщы судағы жасыл балдырлардан өзгеше. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде кең аумақты алып өседі. Бұл топқа қоңыр және қызыл балдырлар жатады.

Қоңыр балдырлар

Өкілдері: ламинария, саргассум және т.б. Ламинария теңіз жағалауындағы 5–10 км аймақты қамтып, 20–30 м тереңдікте өседі.

Қызыл балдырлар

Кейбір көпжасушалы қызыл балдырлар теңіздің терең қабаттарында, шамамен 270 м-ге дейінгі тереңдікте өседі.

Таллом (дене) пішіндері

Талломы таспа, тақташа, жіп тәрізді болады; кейде жіптері тарамдалады.

Модель арқылы түсіндіру

Түрлі-түсті қағаз, қатты қағаз, файл және жіптерді қолдана отырып, балдырларда спора, зооспора, зоогамета және зиготаның түзілу жолдарын көрсету (жынысты және жыныссыз көбею).

IV. Сабақты пысықтау

1) Тест сұрақтары

  1. 1. Хламидомонада қайда тіршілік етеді?

    а) тоқтау суларда   ә) теңізде   б) өзенде   в) көлде

  2. 2. Жыныс жасушалары қалай аталады?

    а) зигота   ә) гамета   б) спорофит   в) гаметофит

  3. 3. Біржасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған?

    а) 2 млрд жыл бұрын   ә) 1,5 млрд жыл бұрын   б) 3 млрд жыл бұрын   в) 1 млрд жыл бұрын

  4. 4. Топырақта және ағаш діңінде өсетін балдыр:

    а) хламидомонада   ә) хлорелла   б) хлорококк   в) улотрикс

  5. 5. Хлорококк балдырлары қалай көбейеді?

    а) жынысты   ә) жыныссыз   б) жынысты және жыныссыз   в) бөліну арқылы

2) Тікелей сұрақтар

  • 1. Балдырлар қайда тіршілік етеді?
  • 2. «Таллом» дегеніміз не?
  • 3. «Хроматофор» дегеніміз не?
  • 4. Балдырлар қалай көбейеді?
  • 5. Хлорелла балдырын ғалымдар қандай себептен жан-жақты зерттейді?
  • 6. Суда тіршілік ететін балдырлардың маңызы қандай?

Қорытындылау және бағалау

Көршілес отырған оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағалау парағы алдын ала таратылады.

Бағалау көрсеткіші 5 4 3
Үй жұмысы (қате саны) 0–1 қате 2 қате 3 қате
Сандық тест (қате саны) 0–3 қате 4 қате 5 қате
Қосымша жауап/белсенділік Елеулі үлес Тұрақты Төмен
Қорытынды баға Жиынтық Жиынтық Жиынтық

V. Сандық тест (кодтау тапсырмасы)

Берілген балдырлардың бір түрі үшін дұрыс жауаптарды таңдап, жауап кодын кестеге түсіріңіз.

Таңдау блоктары

1) Балдыр атаулары (түрі)

  1. Хламидомонада
  2. Улотрикс
  3. Порфира
  4. Хлорелла
  5. Ламинария

2) Балдырлар бөлімі

  1. Қоңыр балдырлар
  2. Қызыл балдырлар
  3. Жасыл балдырлар

3) Балдырлардың сипаттамасы

  1. Шоғырланған организмдер
  2. Біржасушалы организм
  3. Көпжасушалы организм

4) Сыртқы құрылысы

  1. Денесі жіңішке, жіп тәрізді қаптама
  2. Денесі шар тәрізді, сілемейлі, торлы, талшықты жасушалардан тұрады
  3. Денесі сопақша, ұшы сүйірлеу, жанында екі талшығы бар
  4. Денесі кең, жалпақ қаптама
  5. Денесі шар тәрізді, талшығы жоқ
  6. Денесі ұзын, таспа тәрізді қаптама

5) Тіршілік формасы

  1. Субстратқа ризоидтары арқылы бекінеді
  2. Талшықтары арқылы қозғалып тіршілік етеді
  3. Су ағысымен пассивті қозғалады

6) Тіршілік ету ортасы

  1. Тұщы суда тіршілік етеді
  2. Теңіздер мен мұхиттарда тіршілік етеді

7) Хроматофор ерекшелігі

  1. Жұлдыз тәрізді; жасыл және қызыл пигменттері бар
  2. Сопақша; жасыл пигменті бар
  3. Диск пішінді; жасыл-қоңыр пигментті және бірнеше хлоропластты
  4. Жасыл; жартылай сақина пішінді

8) Көбеюі

  1. Төрт жаңа жасуша түзеді; жынысты және жыныссыз көбейеді
  2. Екі және төрт зооспора арқылы көбейеді; әр зооспора субстратқа бекіп, жаңа организм бастамасын береді
  3. Зооспора арқылы көбейіп, субстратқа бекиді
  4. Төрт зооспора арқылы көбейіп, шоғыр түзеді

9) Маңызы

  1. Балыққа қорек; ақуызға бай мал азығын алу үшін пайдаланылады
  2. Мал азығын және агар-агар өндіру үшін
  3. Адам тағамына пайдаланады, сондай-ақ ауыл шаруашылығында мал азығы ретінде қолданылады
  4. Су жануарлары үшін азық

Жауап коды кестесі

Таңдалған нұсқалардың нөмірлерін төмендегі кестеге белгілеңіз.

Тармақ 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Жауап                  

Ескерту

Бұл тапсырмада бір ғана балдыр түрін таңдап, оған сәйкес келетін бөлім, сипаттама, құрылым, тіршілік формасы, орта, хроматофор, көбею және маңызын кодтау қажет.

VI. Үй тапсырмасы

Есеп №1

1 л суда 55 г хламидомонада бар. 7 л суда қанша грамм балдыр болады?

Есеп №2

500 г хлорелла алу үшін неше литр су қажет? (1 л — 55 г)

Есеп №3

1 т қоңыр балдырдан 4 кг таза йод алынады. 100 т йод алу үшін неше тонна балдыр керек?

Оқу

Оқулық: §15–16.