Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аударту

Сабақ жоспары Топтық жұмыс АКТ

Мақсат, міндет және күтілетін нәтиже

Бұл сабақта қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлі мен жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктері таныстырылады. Оқушылар қыстырма сөздерді сөйлем ішінен табуға және олардың тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйренеді. Сонымен қатар қыстырма сөздерді орынды қолдану дағдысы қалыптасып, дұрыс әрі мәдениетті сөйлеу мәдениеті дамытылады.

Міндеттері

  • Жаттығу жұмыстары арқылы қыстырма сөздің ойға қосатын мағыналық реңктерін ажыратуға үйрету.
  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту және пікір айту дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

  • Топтық жұмыс арқылы оқушының ізденіс және шығармашылық дағдысы артады.
  • Талдау барысында еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдеу, тыңдау және тұжырым жасау қабілеті дамиды.
  • Әр оқушы өзін-өзі бағалап, өзіндік пайым жасайды және тәрбиелік мәнін түсінеді.

Сабақтың өту барысы

Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады: ұйымдастыру, көркем жазу, зерттеу және жаттығу жұмыстары, оқулықпен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар, қорытынды және кері байланыс.

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мақсат қою, топқа бөлу, бағалау критерийлерімен таныстыру

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу, қатысуды қадағалау.
  • Сабақтың мақсат-міндеттерін нақтылау.
  • Тренинг арқылы топқа бөлу: «Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді…» (өз-өзіне сенім, бір-біріне қолдау, жорамал жасау, пікір айту).

Оқушының іс-әрекеті

  • Сабаққа дайындалып, назарын шоғырландырады.
  • Топқа бөлініп, топ ережесін бекітеді.
  • Бағалау критерийлері жазылған кестемен танысады.

Ресурстар

Қыстырма сөздер жазылған үлестірмелі карточкалар, стикерлер, бағалау парақтары.

2) Көркем жазу

Дыбыс-әріп, сөздік қор және сөйлем құрау

  1. 1 Дәптерге В әрпін көркем жазу.
  2. 2 В дыбысынан басталатын сөздерді жазу.
  3. 3 Сол сөздерге қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
  4. 4 Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
Бір-бірін бағалау

3) Зерттеу жұмысы (АКТ қолдану)

Топтық тапсырмалар, талқылау және ортақ шешім

Ресурс

№156 «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ материалдары, интерактивті тақта.

1-тапсырма

Әр қатардан қыстырма сөзді тауып, бос ұяшыққа жазыңыз.

Әрине
Тайынша
Бірге
Шындық
Әркім
Жеңеше
Біреу
Шын
Әрекет
Көрпеше
Бірнеше
Меніңше
Біріншіден
Шынын айтсам

Ескерту: «Шын» сөзі барлық жағдайда қыстырма сөз бола бермейді; сөйлемдегі қызметіне қарай ажыратыңыз.

2-тапсырма

Бос орынға тиісті қыстырма сөзді қойып, тыныс белгісін дұрыс қойыңыз.

1) ________, бұл мәселе бүгін шешілетін сияқты.

2) Болашақта аты шыққан әнші болар, ________.

3) ________, биыл қыс жылы болады.

4) Осының бәрін, ________ ме, жалғыз істей алмассың.

Керекті сөздер

меніңше, шамасы, бәлкім, әрине

3-тапсырма

Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздерді теріп жазыңыз. Қыстырма сөздердің құрамы жағынан бір сөзден ғана емес, бірнеше сөзден де жасалатынын дәлелдеңіз.

4-тапсырма

Бос орынға қыстырма сөзді қойыңыз (тыныс белгісін сақтаңыз).

1) ________, сені бір жерден көрдім.

2) ________, мына киноны көрсем ғой!

3) ________, бұл туралы айтуды ұмытып барады екенмін.

4) ________, сапқа тұруға дайындалыңдар.

Құралдар: флипчарт, маркерлер, түрлі-түсті қағаз, желім және т.б.

Сауаттылық минуты: тыныс белгісі

Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аударыңыз. 2-тапсырманы дәптерге диктант түрінде жазыңыз: сөйлем ішінен қыстырма сөзді тауып, тыныс белгісін қойыңыз. Соңында ережені тұжырымдап, қорғаңыз.

Мәтін (жеке жұмыс)

Әрине, ол шаттанып айқайлаған жоқ, айқайлап жүгірмеді де. Керісінше, көнетоз күпәйкесінің жеңімен көзін сүртіп, қорсылдап жылап келе жатты. Неге екенін өзі білген жоқ. Тек әйтеуір, туған ауылды көргенде елжіреп, көңілі босап сала бергені анық. Туған жерін көп жыл көрмегеннен шығар, бәлкім.

Өзін-өзі тексеру Бірін-бірі бағалау

4) Оқулықпен жұмыс

Қыстырма сөздің сөйлемдегі орнына қарай тыныс белгісін байқау

1-жаттығу

Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздердің сөйлемдегі орнын анықтаңыз. Қыстырма сөз сөйлемнің басында, ортасында, соңында келгенде тыныс белгісінің қалай қойылатынын аңғарыңыз.

3-жаттығу

Өлеңді оқып, қыстырма сөздерді табыңыз. Тыныс белгісін қойып, көшіріп жазыңыз.

Мұғалім әр топтың жұмысын бақылап, бағыт-бағдар береді. Оқушылар тапсырманы тақтада тізбектей орындайды.

5) Шығармашылықпен жұмыс

Қыстырма сөздерді орынды қолданып, сөйлем құрастыру

Әр топ берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды, флипчартқа түсіреді, ой-пікірлерін ортақ шешімге келтіріп қорғайды.

1-топ

Бір сөзбен айтқанда

Қорытындылау мәнін беретін сөйлемдер құрау.

2-топ

Менің ойымша

Пікір білдіретін сөйлемдер құрау.

3-топ

Дұрысын айтқанда

Нақтылау, түзету реңкі бар сөйлемдер құрау.

4-топ

Оның ойынша

Біреудің көзқарасын жеткізетін сөйлемдер құрау.

6) Қорытындылау және үй тапсырмасы

Нәтижені бағалау, рефлексия және келесі қадам

Бағалау

Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалайды. Мұғалім қорытынды бағаны шығарады.

Үй тапсырмасы

5-жаттығу.

Кері байланыс (рефлексия)

Бүгін мен не үйрендім?

Қыстырма сөзді табу және тыныс белгісін дұрыс қою.

Маған не ұнады/ұнамады?

Топтық талқылау, дәлелдеу және бірін-бірі тыңдау.

Сұрақ немесе пікір

Қыстырма сөздің сөйлем басында/ортасында/соңында келуіне қарай үтірдің қойылуын нақты мысалдармен бекіткім келеді.

Қысқа еске салу

Қыстырма сөз сөйлемнің негізгі мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейді, сондықтан сөйлем мүшесі бола алмайды. Ол сөйлеушінің сенімін, жорамалын, пікірін, қуанышын не бағасын білдіріп, сөйлемге қосымша мағыналық реңк береді.