Қазақстанның спорт шеберлері

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушыларға спорт шеберлері туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйелеу және бекіту; грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.

2) Дамытушылық

Ойлау, есте сақтау, ауызша сөйлеу және көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту.

3) Тәрбиелік

Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Түрі
Аралас сабақ
Типі
Жаңа білімді меңгерту
Әдісі
Интерактивті оқыту, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта

    Видео, тапсырмалар, сұрақтар.

  • Суреттер

    Спортшылар, олимпиада сәттері.

  • Ойындар

    Қайталау және белсендіру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.

II. «Ұяшықты таңда» ойыны

Өткен сабақты еске түсіру және пысықтау.

Қайталау
  1. Спорттық ойындарды атап шығыңдар.
  2. Етістік дегеніміз не?
  3. Қандай ойындар ойлауға үйретеді?
  4. Тиді, қозғайды, соғады, айналысады етістіктерін болымсыз түрге айналдырыңдар.
  5. Саған қандай спорт түрлері ұнайды?
  6. Қай ойын жылдамдық пен ептілікті талап етеді?

III. Жаңа сабаққа дайындық

Кіріспе: ҚР туы көтерілгені туралы бейнені көру, Әнұран орындау.

Жетелеуші сұрақтар

  • Бейнеде біз кімді көрдік? — Илья Ильинді.
  • Илья Ильин кім? — Олимпиада жеңімпазы.
  • Олимпиада жеңімпаздары кімдер? — Спорт шеберлері.

Мәтінмен жұмыс: Қазақстанның спорт шеберлері

Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Сондықтан спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз емес.

Мысалы, Ермахан Ибраимов — шебер спортшы. Ол бокстан бірнеше рет чемпион атанған. 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиадада алтын жүлде алды.

Денис Тен — мәнерлеп сырғанау спорт шебері. Ол Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Илья Ильин — зілтеміршілер арасындағы белгілі спорт шебері. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын жүлдені иеленді.

Осындай спорт шеберлері елімізді бүкіл әлемге танытты.

Тілдік тапсырмалар

Сөздік

шебер
мастер
барлық түрі
все виды
дамыған
развиты
танылған
признанный
мәнерлеп сырғанау
фигурное катание
зілтемірші
штангист
жүлдегер
призер
жүлде
медаль
әлемдік
мировой

Аударма және сөз тіркестері

Орысша берілген сөздерді қазақшаға аударыңдар, кейін сөз тіркестерін құрастырыңдар.

  • Все виды спорта развиты — Спорттың барлық түрі дамыған.
  • признанный в мире — әлемге танылған.
  • золотой призер — алтын жүлдегер.
  • мастер спорта по фигурному катанию — мәнерлеп сырғанау спорт шебері.
  • известный штангист — белгілі зілтемірші.
  • получил золотую медаль — алтын жүлде алды.
  • чемпион мира — әлем чемпионы.

Грамматикаға назар

  • «Спорттың» сөзі қай септікте тұр? — Ілік септікте.
  • Ілік септіктегі сөз қандай жалғаулы сөзбен байланысады? — тәуелдік жалғауының III жағы арқылы.

Сұрақтарға жауап беріңдер

  1. Қазір Қазақстанда не дамыған?
  2. Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз ба?
  3. Ермахан Ибраимов кім?
  4. Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында қандай жүлде алды?
  5. Денис Тен кім?
  6. Денис Тен қай Олимпиаданың күміс жүлдегері?
  7. Илья Ильин кім?
  8. 2012 жылы Лондондағы Олимпиадада қандай жүлдені иеленді?

Тыңдалым/айтылым: жолдасыңды қостама

Диалог

Тапсырма: жолдасың айтқан пікірге алдымен қарсы жауап беріп, кейін дұрыс нұсқасын раста.

Үлгі

«Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған емес.» — «Иә, қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған.»

Түзетілетін сөйлемдер

  • Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз.
  • Ермахан Ибраимов күрестен бірнеше рет чемпион болған.
  • Ермахан Ибраимов 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтын жүлде алды.
  • Денис Тен жеңіл атлетиканың спорт шебері. Оның жасы 26-да.
  • Ол Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері.
  • Илья Ильин мәнерлеп сырғанау спорт шебері.
  • 2000 жылы Сидней Олимпиадасында күміс жүлде иеленді.

Нақты дерекке сүйенген дұрыс нұсқалар

  • Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз емес.
  • Ермахан Ибраимов бокстан бірнеше рет чемпион болған.
  • Ермахан Ибраимов 2000 жылы Сидней Олимпиадасында алтын жүлде алды.
  • Денис Тен — мәнерлеп сырғанаудан спорт шебері.
  • Ол Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері.
  • Илья Ильин — зілтемірші, 2012 жылы Лондонда алтын алды.

Жұптық жұмыс: сұрақ-жауап (қазақша)

А. Жолдасыңнан сұра, жауабын тексер

  1. Сен спортты ұнатасың ба?

    Иә, мен спортты ұнатамын.

  2. Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған?

    Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған.

  3. Саған спорттың қай түрі ұнайды?

    Маған бокс, биатлон, мәнерлеп сырғанау ұнайды.

  4. Қандай спорт шеберлерін білесің?

    Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Серік Сапиев, Илья Ильин.

  5. Олимпиада ойындары қайда өтті?

    Олимпиада ойындары Сиднейде, Афинада, Лондонда өтті.

Ә. Сұрақтарды түсін, қазақша жауап бер

  1. Сен спортты ұнатасың ба?

    Иә, мен спортты ұнатамын.

  2. Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған?

    Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған.

  3. Саған спорттың қай түрі ұнайды?

    Маған бокс, хоккей, биатлон, мәнерлеп сырғанау ұнайды.

  4. Сен қандай спорт шеберлерін білесің?

    Мен Ермахан Ибраимовты, Ольга Шишигинаны, Серік Сапиевті, Илья Ильинді білемін.

  5. Олимпиада ойындары қайда өтті?

    Олимпиада ойындары Сиднейде, Афинада, Лондонда өтті.

Топтық жұмыс

Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер: берілген жапсырма материалдарын дұрыс қолданып, тірек сызба құрастырыңдар және соның негізінде мәтінді әңгімелеңдер.

Кейбір оқушыларға қосымша материал бойынша дайындалып келу тапсырылды: Александр Винокуров, Серік Сапиев, Светлана Подобедова.

IV. Қорытындылау: тест

  1. 1) Қазір Қазақстанда спорттың қандай түрі дамыған?

    • A) кейбір
    • Ә) жеңіл атлетика
    • Б) барлық
  2. 2) Ермахан Ибраимов кім?

    • A) боксшы
    • Ә) хокейші
    • Б) шаңғышы
  3. 3) Ермахан Ибраимов Сидней Олимпиадасында қандай жүлде алды?

    • A) қола
    • Ә) алтын
    • Б) күміс
  4. 4) Денис Тен ненің спорт шебері?

    • A) жеңіл атлетика
    • Ә) күрес
    • Б) мәнерлеп сырғанау
  5. 5) Ол қай олимпиаданың күміс жүлдегері?

    • A) Лондон
    • Ә) Сидней
    • Б) Афина
  6. 6) Илья Ильин кім?

    • A) боксшы
    • Ә) зілтемірші
    • Б) футболшы
  7. 7) Ол қай жылы Лондон Олимпиадасында алтын жүлдеге ие болды?

    • A) 2000
    • Ә) 2004
    • Б) 2012

V. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді әңгімелеу.
  • Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.

VI. Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларға қатысуы, мәтін бойынша жауаптарының дәлдігі, сөздікпен жұмысы және жұптық/топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.