Бүгінгі біздің Инорматика әлемінде атты сайысымызға қош келдіңіздер
Ақмола облысы, Аршалы ауданы
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі — Сиздикова Айгүл Қаратаевна.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін және логикалық сауаттылығын дамыту; пәнге қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейту.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, ойын элементтері, баяндау
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, кеспе қағаздар
Сайыстың кезеңдері
-
1-кезең
Таныстыру
Командалар өзін таныстырады.
-
2-кезең
Ой ашар
Топтар кезекпен жұмбақтарға жауап береді.
-
3-кезең
Ғажайып алаң
Ұяшықтағы ұпай саны қосылады.
-
4-кезең
Кім мықты?
Жылдамдық пен білім сыналады.
-
5-кезең
Тапқыр болсаң, тауып көр
Екі топқа венгр сөзжұмбағы беріліп, жасырын сөздер табылады.
-
6-кезең
Қорытынды
Әділқазылар ұпайды шығарып, нәтижені жариялайды.
Сайыстың барысы
Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу моделінен өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз», — деп атап өткен.
«Білімді азамат — ел ертеңі», «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», «Білім мен даналық — адам көркі» сияқты нақыл сөздер бекер айтылмаған. Құрметті оқушылар, сіздерді ойнай отырып ойлы, сайыса отырып саналы болуға шақырамын.
Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын бекітіп алайық. Қатысушы командаларды ортаға шақырамыз!
I кезең — Таныстыру
Топтар өздерін таныстырады. Мақсат — ұйымшылдықты, сөйлеу мәдениетін және командалық рухты көрсету.
«Топ алдына шыққан басын иіп, сәлемдесу — әрбір жастың парызы. Білімдерін паш етер оқушылар, сәті келіп қалғандай танысатын…»
II кезең — Ой ашар (жұмбақтар)
Топтар кезекпен жұмбақтардың жауабын табады. Әр дұрыс жауап — ұпай.
-
Қағаз бетінен алады, бірден компьютерге салады.
Жауабы: Сканер
-
Компьютермен енеді, қағазға басып береді.
Жауабы: Принтер
-
Мәліметті сұраған, экранға шығарған.
Жауабы: Монитор
-
Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың.
Жауабы: Тінтуір
-
Экран бетінде оның тұрағы, қашан болсын жыпылықтап тұрады.
Жауабы: Меңзер
-
Өшірілгенді жинаған, уақытша сақтаған.
Жауабы: Себет
«Мынау ұшқыр заманда жаңалық енді ғаламға. Компьютер тілін меңгеру — қажеті туды адамға.»
III кезең — Ғажайып алаң
Бұл бөлімде сұрақтар «ұяшықтарға» жасырылып, таңдалған ұяшықтағы ұпай саны есепке қосылады.
«Дүниедегі құбылыстың мәнін де, интернеттің жаңалығын да информатикасыз түсіну мүмкін емес. Компьютер — дүние кілті бүгінде.»
IV кезең — Кім мықты?
Уақытпен санасатын тапсырмалар арқылы білімнің ұшқырлығы тексеріледі: дәлдік, жылдамдық және логикалық ойлау басты назарда.
V кезең — Тапқыр болсаң, тауып көр
Екі топқа венгр сөзжұмбағы беріледі. Міндет — жасырын сөздерді тауып, берілген уақыт ішінде жауапты дәл ұсыну.
Топ басшыларының пікірсайысы
Тақырып: «Компьютерлік ойын баланың ақыл-ойын дамытады» және «Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді» деген пікірлер бойынша ой бөлісу.
Позиция 1
Компьютерлік ойындар логика, реакция жылдамдығы, кеңістіктік ойлау дағдыларын дамытуы мүмкін.
Позиция 2
Шамадан тыс ойнау эмоцияны басқаруға, тәртіпке және жүйелі ойлауға кері әсер етуі мүмкін.
Қорытынды
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанды 2030 жылы барысқа апаратын — бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстайық.
Ел сенімін ақтауға ұмтылып, дәл осындай зияткерлік сайыстарда білімімізді көрсетіп, биіктерден көріне берейік.
Әділқазылар алқасы қорытынды ұпайды шығарып, жеңімпаздарды жариялайды. Кешіміз осымен аяқталды. Баршаңызға көп рақмет!
Бағалау парағы
| Сайыс кезеңдері | Бағалау |
|---|---|
| Таныстыру | Ең жоғары ұпай — 5 |
| Ой ашар | Әр дұрыс жауап — 5 ұпай |
| Ғажайып алаң | Ұяшықтағы ұпай саны қосылады |
| Кім мықты? | 10 ұпай |
| Тапқыр болсаң, тауып көр | Әр дұрыс жауап — 5 ұпай |
| Қорытынды ұпай саны | Жиынтық нәтиже |