Айманда болды бес алмұрт, Әселге берді екі алмұрт
Сабақтың тақырыбы
8 саны және цифры
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың мақсаттары
- Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру.
- Танымдық ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, есептеу дағдыларын қалыптастыру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Талдау-жинақтау
- Түсіндірмелі-көрнекілік
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Жұмбақтар
- Интерактивті тақта
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сыныптың дайындығын тексеру, назарды сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
III. Өткенді қайталау
а) «Алма теру» ойыны
Жылдам есептеу мен зейінділікті дамытуға арналған қысқа ойын.
ә) Сандарды тура және кері санау
Осы сандардың ішінен бүгін біз өзімізге бұрын таныс емес 8 саны туралы оқып-үйренеміз.
IV. Жаңа сабақ: 8 саны
7 санына 1 санын қоссақ, 8 саны шығады:
Дәптерімізді ашайық, 8 цифрын көркем жазайық.
Сегіз саны құрылған
Қос дөңгелек — шеңберден.
Үлкен шеңбер үстіне
Кіші шеңбер жанасқан.
8 санына байланысты сұрақтар
- 8 санына байланысты қандай мереке бар?
- 8 наурыз.
- 8 наурыз қандай мереке?
- Аналар мерекесі (Халықаралық әйелдер күні).
- Дүниедегі ең жақын адам — кім?
- Ана.
Оқулықпен жұмыс
а) №1. Теңдіктер құрастыру
Теңдіктерді дұрыс құрастырсақ, ана туралы өлең оқимыз.
Ана — деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
ә) №3. Фигураларды ата
Кесінділерді өлшеп, сыз және салыстыр.
см — * см
Өлшемдерді дәптерге түсіріп, ұзын-қысқасын салыстырыңыз.
V. Сергіту сәті
Бір, екі, үш — қарлығаш боп ұш,
Төрт, бес, алты — қарлығаш боп қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он —
Қайта орныңа қон.
VI. «Көршіңді тап» ойыны
Берілген сандардың көршілерін (алдыңғы және кейінгі санды) тауып жазыңыз.
6 санының көршілері: □, □
5 санының көршілері: □, □
3 санының көршілері: □, □
7 санының көршілері: □, □
2 санының көршілері: □, □
Математикалық диктант
Осы өрнектердің мәнін табайық. Жауаптарды жұптық жұмыс арқылы тексереміз.
VII. Қызықты математика
Саянда 8 алма болды. Сайданға 4 алма берді.
Саянда қанша алма қалды?
Бәйгеге жануарлар шықты. Алға бесеуі шықты, оған екеуі қосылды.
Мәреге нешеуі келді?
Айманда 5 алмұрт болды. Әселге 2 алмұрт берді.
Айманның қолында неше алмұрт қалды?
Сәлімжан базардан 8 қияр сатып алды. 5 қиярды алғанда, дорбада қанша қияр қалды?
VIII. Қорытынды
Үй тапсырмасы
Оқулық: 72-бет, №5 есеп.
Бағалау
Бағалау матрицасы бойынша.