Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту
Қысқа мерзімді жоспар (Дүниетану, 4-сынып)
Сілтемелер: «Дүниетану» оқулығы (4-сынып), интернет желісі, Қазақстанның физикалық картасы, ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, презентация, орта мерзімді жоспар.
Сабақтың тақырыбы
Өзен және көлЖалпы мақсат
Оқушыларды өзеннің негізгі бөліктерімен таныстыру, көлдердің жасанды және табиғи түрлерін, сондай-ақ тұщы және тұзды көлдердің ерекшеліктерін түсіндіру. Қазақстандағы өзендер мен көлдер туралы білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже
- Оқушының білімі тереңдейді.
- Тақырып мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағдысы қалыптасады.
- Оқудағы проблемаларды шешу қабілеті артады.
Әдіс-тәсілдер және оқыту модульдері
1) Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- «Кір жаятын жіп» әдісі
- Топтық жұмыс
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Миға шабуыл
- Сәйкестендіру
- Семантикалық карта
- Концептуалды кесте
- «Алтын балыққа арналған аквариум»
2) Бағалау (оқыту үшін және оқуды бағалау)
- Қолпаштау
- «Басбармақ» әдісі
- «Смайликтерді сөйлету»
- Бірін-бірі ауызша бағалау
- «Алма тарату»
3–6) Қолдау және ұйымдастыру
- АКТ: презентация, магнитофон
- Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс: ғаламтор материалдарын пайдалану, Мюнстенберг әдісі, тьютор-оқушы
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Сабақ құрылымы және тапсырмалар
Үй тапсырмасы
Алдыңғы тақырыпты қайталау және тексеру.
Қызығушылықты ояту
Тақырыпқа кіріспе сұрақтар, бағыттау.
Мағынаны тану
Негізгі ұғымдарды ашу, талдау, бекіту.
Сергіту сәті
Қысқа қозғалыс-ойын элементтері.
Ой толғаныс
Қорытындылау, пікір айту, дәлелдеу.
Рефлексия және бағалау
Кері байланыс, өзін-өзі және өзара бағалау.
Құрал-жабдықтар
- Интернет, мультимедиа
- Қазақстанның физикалық картасы
- Плакат, постер
- Түрлі түсті бояулар
- Стикерлер, ресурстар
- Топ ережесі
Мұғалімнің іс-әрекеті (сабақ барысы)
1) Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасы
Шаттық шеңберін ұйымдастыру, оқушыларды сабаққа жұмылдыру.
Топқа бөлу
- Оқушыларды өз есімдері арқылы топқа бөлу
- Әр топтың көшбасшысын сайлау
- Бағалау парақшаларын тарату
2) Үй тапсырмасын сұрау және бекіту
Үй тапсырмасы: «Жерасты сулары» тақырыбы. Мазмұнын сұрау және «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы пысықтау.
Бекіту сұрақтары
- 1 Табиғатта су неше күйде болады?
- 2 Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?
- 3 Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?
- 4 Судың қандай ғажайып қасиеттері бар?
- 5 Сарыағаштың шипалы суы қай жылы ашылды?
- 6 Терек бір жазда шамамен қанша литр суды буға айналдырады?
- 7 Жерасты сулары қалай пайда болады?