Сабақтың тақырыбы. Үйге тапсырма
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
«Кімнің мекені жақсы?»
Сабақтың типі
Өткен сабақты қайталау
Көрнекілігі мен құрал-жабдықтары
Мәтін, суреттер, топтық тапсырма парақтары, сахналауға арналған қарапайым реквизиттер.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздері анықтатып, ойын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Жаңа мысалды талқылау.
2) Дамытушылық
Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, қиялын және ойлау өрісін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, туған жерін сүюге баулу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, өйткені сыныбымызға қонақтар келді.
Қане, қазақы дәстүрімізбен қонақтармен сәлемдесейік.
Бүгін қонақтарға сыныбымыздың үлгілі, тәртіпті әрі білімді екенін көрсетеміз. Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру
Стратегия
«Миға шабуыл»
- Бұл кімнің шығармасы?
- С. Жүнісов кім?
- Қандай жаңылтпаш жаттадық?
Балалар, біз бұл тақырыптың екі бөлімін оқып шықтық.
Өткен сабақта 4 орталыққа бөлініп, әр орталыққа арнайы тапсырма берілген еді. Барлығымыздың ортақ міндетіміз — мәтінді түсініп оқу және тапсырмаларды орындау.
Қане, әр топтан бір-бір оқушы шығып, түсінгенін айтыңдар.
Орталықтар бойынша тапсырмалар
- Зерттеу орталығы: Көкқұтан туралы не білесің? Бізге таныс үш кейіпкер туралы мәлімет жинақтау.
- Көркем әдебиет орталығы: Суретке қарап әңгіме құрастыру.
- Бейнелеу орталығы: Мәтін бойынша сурет салып келу.
- Театр орталығы: Мәтінді сахналап көрсету.
Қорытынды (өткен бөлім)
Дұрыс, балалар. Бұл бөлімде үш кейіпкерімізге жайлы қоныс, жақсы мекен табылмады.
Назар аударайық
Әр кейіпкердің ізденісі бізді бір ойға жетелейді: адамның өз мекені — ең қымбат әрі ең жайлы орын.
Жаңа сабақ
Бүгін біз осы тақырыптың үшінші бөлімін оқимыз.
Қане, 4 орталықтан бір-бір оқушы кезекпен оқып берсін. Оқығаннан кейін мәтінді қысқаша түсіндіріп шығамыз.
Сөздікпен жұмыс
Мәтіндегі жаңа сөздер мен тіркестердің мағынасын талдап, сөйлем ішінде қолдану.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.
Негізгі ой
Мәтіннің соңғы сөйлемі С. Жүнісов әңгімесінің негізгі ойын білдіреді. Негізгі ой бір оқиғамен басталып, бірнеше оқиғамен жалғасып, қорытындыға әкеледі.
Топтық жұмыс (4 орталық)
Әр орталық мәтінмен жұмыс істеп, бір оқушы шығып қорғайды.
Зерттеу орталығы
- С. Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтініндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын анықта.
Көркем әдебиет орталығы
- Мәтін неше бөлімнен тұрады?
- Әр бөлімге тақырып қой.
Бейнелеу орталығы
- Мәтін бойынша сурет сал.
Театр орталығы
- Мәтінді оқып, әр кейіпкердің сөздерін мәнерлеп айтуға дайындал.
Проблемалық сұрақ
«О, шіркін! Дүниеде мен тұрған жерден…»
Осы ойды жалғастырып, мақал-мәтелдерді пайдалана отырып шағын әңгіме құрастырыңдар.
Сабақты қорытындылау
Сонымен, әркім үшін өз мекенінен артық жайлы қоныс, жақсы мекен жоқ.
Түйінді ой
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.»
«Әркімнің туған жері — Мысыр шаһары.»
Үй тапсырмасы
«Кімнің мекені жақсы?» мәтінін оқып келу.