Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдерін ата

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырып

Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.

Уақыты

45 минут.

Сынып / орын

10-сынып.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Көрнекілік құралдар

  • АӘД оқулығы
  • Компас
  • Сағат
  • Интерактивті тақта
  • Презентация
  • Бейнеүзінділер
  • Бағалау парағы

Әдіс-тәсілдер

  • Топтық жұмыс
  • Сұрақ-жауап
  • Зерттеу
  • Шығармашылық жұмыс

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

Негізгі мақсат

Оқушыларды жергілікті жерде картасыз бағдарлану тәсілдеріне үйрету.

Білімділік

Өз бетімен және топпен оқу арқылы жергілікті жерде картасыз бағдарлануды түсінуге бағытталған теориялық және практикалық сауаттылықты арттыру.

Дамытушылық

Сұрақтар арқылы логикалық ойлау, есте сақтау және қабылдау деңгейін көтеру; танымдық дағдыны дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, тәртіптілікке, әскери жарғы талаптарын құрметтеуге және отаншылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өз бетімен және бөлімшемен жұмыс істей отырып, «Жергілікті жерде картасыз бағдарлану» тақырыбы бойынша жан-жақты түсінік алады және тәжірибеде қолдана біледі.

Сабақ барысы (45 минут)

I. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

  • Оқушылардың сапқа тұруы.
  • Взвод командирінің баяндауы.
  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сыртқы келбетін тексеру.
  • Назарын сабаққа аудару.
  • Топқа бөлу: бірінші және екінші санау арқылы.
  • Бөлімше командиріне бағалау парағын беру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Мақсаты

  • Алдыңғы тақырып бойынша материалды еске түсіру.
  • Белсенді әрекетке жұмылдыру.
  • Ойлау үдерісін ынталандыру.

Тексеру сұрақтары

  1. Бақылау қалай жүргізіледі?
  2. Жергілікті жерді бақылауда нелерге ерекше назар аударылады?
  3. Түнде және дүрбі қолданылған жағдайда бақылау жүргізудің ерекшеліктері қандай?
  4. Нысананы көрсету үшін командирге баяндау тәртібі қандай?
  5. Нысанаға дейінгі арақашықтық қалай анықталады?
  6. Заттың бұрышы мыңдықпен қалай есептеледі?
  7. Заттың бұрыштық шамасы қалай анықталады?
  8. Дүрбінің бұрыш өлшегіш шкаласын пайдалану тәсілдерін түсіндіріңдер.

III. Жаңа тақырып: жергілікті жерде картасыз бағдарлану

1) Зерттеу жұмысы: «Карта деген не?»

Екі топтан екі оқушы жауап береді.

2) «Бағдарлану» термині

Мұғалім түсіндіреді.

3) Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері

Топ мүшелері бір-біріне түсіндіреді.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

1) «Карта» және «компас» ұғымдары

Картамен жұмыс (бейнеүзінді).

2) Қысқаша тарих

Карта мен компастың пайда болу тарихы. Компас туралы (бейнеүзінді).

V. Сабақты бекіту: топтастыру

1-топ

Жергілікті жер бағдарларын атаңдар.

2-топ

Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдерін атаңдар.

Қорытынды сұрақтар мен тапсырмалар

  • Әскери топография нені зерделейді?
  • Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар.
  • Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?
  • Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарға сай болуы қажет?
  • Көкжиек тұстарын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Бағалау парағы арқылы топтық және жеке жұмыс нәтижелері негізінде қорытынды баға шығарылады.

Үй тапсырмасы

«Жергілікті жерде картасыз бағдарлану» тақырыбын қайталау, көкжиек тұстарын анықтау тәсілдерін қысқаша конспект жасау.