Қимастарын қан майданға ұзатып, Қарсы айрылған аналардың жүрегі

Сабақтың мақсаты

1) Білім беру

Ұлы Жеңіс туралы, сұрапыл соғыс жылдарындағы ата-әжелеріміздің ерен ерлігі туралы, бүгінгі бейбітшіліктің оңайлықпен келмегенін түсіндіру.

2) Тәрбиелеу

Үлкенге құрмет, кішіге ізет дағдыларын ояту, отансүйгіштік сезімді нығайту.

3) Дамыту

Тарихтан алған білімді өмірде қолдануға, ардагерлерді қадірлеуге, азаматтық жауапкершілікке баулу.

Кіріспе: Жеңіске тағзым

Жүргізушілер сөзі

Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Баршаңызды ерлік туын желбіретіп, бүкіл әлемге тыныштық сыйлаған Жеңіс күнімен және соғыстың аяқталғанына 69 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектептің 6 «Ә», 7 «Ә» сыныптары дайындаған «Өткенін білмеу – болашаққа қиянат» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Уақыт өткенмен ұмытылмайтын ақиқат

Қанша жыл өтсе де, сұрапыл жылдардың оқиғалары, әкелеріміз бен аталарымыздың қасиетті Отанды шетелдік басқыншылардан қорғауда көрсеткен қайтпас қайсарлығы халық жүрегінде мәңгі сақталады.

Жылдар жылжып, сол қанды қырғынды көзімен көріп, белуардан қан кешкен ержүрек жауынгерлер қатары сиреп барады. Алайда Жеңіс күнін жақындатқан — дәл солар.

Тарихқа көзқарас: «Ел үшін, жер үшін!»

Тарихта «Екінші дүниежүзілік соғыс» деген атпен қалған Ұлы Отан соғысы миллиондаған жазықсыз жанның өмірін жалмады. Қазақстандықтар жауға қарсы «Ел үшін, жер үшін!» ұранымен соңғы деміне дейін күресті. Небір боздақ хабар-ошарсыз кетті.

Бір минут үнсіздік

Шейіт болған ата-ағаларымызды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланады.

1941–1945 жылдар аралығындағы алапат соғыста қазақ батырлары фашизмге қарсы тұрып, адамзатты қорғауда ерекше ерлік көрсетті.

Қонақтармен сұхбат: тірі куәгерлердің сөзі

Ардагер

Қонағымыз — Шафигуллин Темірхан ата. Сол кезеңнен есіңізде қалған оқиғалар туралы әңгіме өрбиді.

Тыл еңбеккерлері

Құрметті қонақтар — Қайнұр апа мен Камила апа. Соғыс жылдарындағы тыл тіршілігі мен еңбек туралы естеліктер айтылады.

Азаматтық бастама

Оразбеков Әшімхан Ізтайұлы — ауыл өркендеуіне үлес қосқан, ардагерлерге арнап ескерткіш орнату ісін бастаған азамат.

Қорытынды сөз: «Елім деп соққан жүрегі, іске ассын көптің тілегі. Достық пен бейбітшіліктің қазақ елі — тірегі». Одан әрі оқушылардың концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Концерттік бағдарлама: ән, жыр, көрініс

Хор: «Майданға»

Қара түнек серпілді, серпілді, Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды. Атқа мін, қазақ, атқа мін, Майданға, майданға. Шық күреске, жолдастар, жолдастар, Жарқырасын алмастар, алмастар. Желбіреп қызыл туы тұр, Майданда, майданда.

Әдеби монтаж: ерлік пен аманат

  • Сонау жылы жер көкті соғыс бұлты торлаған. Сонда Мәншүк апамыз жаудан елді қорғаған.
  • Қош айтып оқу-ойынға, әжесін тастап қария, қол бұлғап туған ауылға, майданға кетті Әлия.
  • Соғыс жалмап аға-іні, бауырды, зар жылатты тыныш жатқан ауылды. Бірақ біздер сендердің арқаларыңда сол қырғынды көрмедік.
  • Болдырмай соғыс сұмдықты, қорғайық достар шындықты. Болмасын мәңгі қан төгіс — ұраның болсын: ел мықты!
  • Отан үшін отқа төсеп өр кеудесін, жап-жас ғұмыр. Қан майданды төсек қылған майдангерлер — бір-бір тұғыр.

Көрініс: Соғысқа аттандыру (Жамбыл Жабаев)

Атаңнан бата ал, балам, Арғымақ атқа мін, балам! Ақ сақалым желбіреп, Арыдан қарап мен қалам. Құлағыңа құйылып, Даусым жүрсін жырланған. Алғадайым арлы едің, Ата сөзін сыйлаған. Перзентімнің алды едің, Көңілімді қимаған. Аттандырдым майданға, Аман-есен жүр, балам! Абыройға ие бол, Ағат баспа бір қадам! Ел қадірін біл, балам, Сынға түскен бұл заман. Саған айтқан сөзімнен Сабақ алсын тыңдаған. Айтылған сөз деп ұқсын Аңғарлы жан «бұл заман». Хош, хош, балам, хош, балам!

Ән: «Әке» (орындайтын: Тоқын Ердинар)

Көрініс: Мәншүк — ерлік сабағы

Аласапыран соғыс кезі. Мәншүкпен қатар оқ жаудырып жатқан командирдің пулеметі кенет аунап түседі. Мәншүк жаралы командирдің басын таңып, үш пулеметті қатарлап орналастырады, оқ-дәріні жинап алады. Жау таянғанда оның «максимі» үн қатып, фашистер құлап жатады.

Жау гранатасы оның аяғын жаралайды. Ол жарасына топырақ сеуіп, таңып, қайтадан пулеметке жабысады. Жасанған жауды жалғыз өзі үш сағат бөгейді… Ақыры зұлым оқ оны мерт қылады.

Есіңде ме, туған қалам, сен деп неше жан қиылды… Есіңде ме Мәншүк деген қазақтың жас батыр қызы.
Қазақтың қос жұлдызы — Мәншүк пен Әлия. Ерліктері өшпейді, ел жүрегінде мәңгі жаңғырады.

Рәсім: Ескерткішке гүл шоқтарын қою

Ән: «Әлия» (Ә. Тәжібаев, С. Байтереков)

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейнебір баласындай, Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен. Қайырмасы: Әлия — ару қызы сен халқымның, Әлия — батыр қызы сен даламның, Ерке құсы сен халқымның! Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан, Саған күнде қызыққан мөлдір аспан. Саған күнде жазылған көркем дастан, Саған күнде құшағын көктем ашқан. Қайырмасы: Әлия — ару қызы сен халқымның, Әлия — батыр қызы сен даламның, Ерке құсы сен халқымның! Шолпан жұлдыз — өзіңсің шоқтай жарық, Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып. Туған жердің төсінде мәңгілікке Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып. Қайырмасы: Әлия — ару қызы сен халқымның, Әлия — батыр қызы сен даламның, Ерке құсы сен халқымның!

Би: «Катюша» (бишілер тобы)

Хор: «Соғыстан қайтқан солдаттар» (көрінісімен)

Әдеби монтаж: құрмет туралы үндеу

Елім деп соққан жүрегі, іске ассын көптің тілегі. Достық пен бейбітшіліктің қазақ елі — тірегі.
Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым?! Ол ақшаға сатпаған — тізеден кесілген аяғын. Кеше елге қатер төнгенде жауға қарсы шапты, ажалды өр кеудесімен қақты. Денесін оқ пәршелесе де, ел намысын қорғап қалды. Сенің келешегің үшін ол азаттық жолында аяғын берді!
Соғыс салған жарақаттан жазыла алмай кеткендер көп. Ардақтаймыз ардагерді, бүгінге аман жеткендерді.
Отан үшін отқа төсеп өр кеудесін, жап-жас ғұмыр. Қан майданды төсек қылған майдангерлер — бір-бір тұғыр.

Би: «Ақ көгершін»

Ән: «Ана туралы жыр» (орындайтын: Ердинар)

Финалға жақын: «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»

  • Екі қолмен шоқ көсіп ойнағандар, кеудесін оққа төсеп лаулағандар. Бір сәтке сол ерлерді еске алайық — Жеңіс тойын тойлағандар!
  • Жеңістің мерейтойын тойлайтындар 100 жасқа жете берсін, ардагерлер аман болсын.
  • Қанша жыл өтсе де, ананың көкірегінде үлкен мұң бар. Бірақ зұлымдық әділдіктен аса алмады.
  • Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас. Мәңгілік от — жүректерде.
  • Бүгінгі ұрпақ атынан Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Би: «Шашу»

Хор: «Кептерлер» (сыйлықтар табыс етіледі)

Қорытынды: алғыс пен аманат

Құттықтау

Құрметті қонақтар және соғыс ардагерлері! Баршаңызды мерейтоймен, Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгідей шуақты мерекеде сіздерге мықты денсаулық, ұзақ әрі бақытты ғұмыр, отбасыңызға құт-береке тілейміз.

Ұлы Жеңістің қандай қиындықпен келгенін білеміз. Сол үшін сіздерге мың алғыс!

Тақпақ: «Енді соғыс болмасын!»

Ашық тәрбие сағатының жабылуында бейбіт өмірдің қадірін ұқтыратын өлең оқылады.

Финал әні: «День Победы»

Майдангердің ұлымын, Көрмесем де соғыстың алапат құйынын, Жақсы білем мен оның сұрапылын, қиынын. Өйткені мен сол жылғы аналардың жырымын, Аман қайтқан сойқаннан майдангердің ұлымын. Майдангердің ұлымын, куә болған талайға, Қатысым бар желбіреп тұрған анау жалауда. Бауырластар зираты — қаруласы әкемнің, Басымды ием тік тұрып мәңгі өшпейтін алауға. Әлі тасқа соғылып көрмесе де маңдайым, Мен білемін соғыстың сұрапылы қандайын. Әжем марқұм айтатын жарты ауылдың адамы Жарты шелек талқанмен жібітті деп таңдайын. Рас-рас, жау шетте қалқан болып ер тұрды, Бірақ соғыс талайға кесепатын келтірді. Алғы шепте атылған снаряд пен бомбалар Алдымен ауылда шал-кемпірді өлтірді. Келіні: «Бұдан гөрі аппақ ұн керек...» Ұлы: «Құрт не керек, неге тыныш жатпадың?» Тәубә айтып анашым күбірлейтін оңаша: «О, Жасаған, кесепат кесіріңнен сақтағын!»

«Ана туралы баллада» (А. Шамкенов, Ж. Сейілов)

1. Әлі есімде, біледі жұрт, біледі, Ел басына қатер төнген жыл еді. Қимастарын қан майданға ұзатып, Қарсы айрылған аналардың жүрегі. Қайырмасы: О, аналар, осындайсың бәрің де, Осындайсың жасыңдағы, кәрің де. Сыйынатын болса өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге. 2. Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін, Соғыс бұзды қуанышын, реңін. Тұрды ана күйеуінен айырылып, Тұрды құшып тек қана оның күрегін. 3. Тағы да үміт — шек қоя ма арманға? Өмірге ынтық ана шөлі қанған ба? Ана — үміт, ана — жігер, ана — азамат, Одан берік, одан нәзік жан бар ма?