Кедергі жолақтар
Қызылорда облысы • Қазалы ауданы • Әйтеке би кенті
Дене шынықтыру жетекшісі: Исмамбетов Берік
Білім саласы: Денсаулық • Бөлімі: Дене тәрбиесі
Іс-шара форматы
«Ойна да ойлан» тапқырлар ойын-сауығы
Мақсаты
Таным мен логика
- Балалардың танымдық білімдерін жүйелеу және бекіту.
- Ойын арқылы логикалық ойлауын, зеректігін дамыту.
Қозғалыс дағдылары
- Спорттық қимыл-қозғалыстарын жетілдіру.
- Жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Тұлғалық қасиеттер
- Өзін-өзі бақылау арқылы белсенділік пен сенімділікті қалыптастыру.
- Қайсарлық, батылдық және ұйымшылдыққа баулу.
Әдеп пен әділдік
- Ойын барысында әділдікке, жолдастық сезімге тәрбиелеу.
- Командалық рухты күшейтіп, ойынды бірлесе жетілдіруге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар
Барысы
1) Кіріспе сөз
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, тәрбиешілер және бүлдіршіндер! Бүгінгі «Ойна да ойлан» тапқырлар ойын-сауығы атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайыстың негізгі мақсаты — жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ ұстап, дені сау, келешекте өз елінің және қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта бүгін зерек топ балалары арасында сайыс өткіземіз.
Жүргізуші:
«Ал, құрметті халайық, жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы, әділ баға беріңдер!»
Әділқазылар алқасы
- Балабақша меңгерушісі
- Балабақша әдіскері
- Балабақша психологі
Әр кезең 5 балдық жүйемен бағаланады.
Қатысушылар
Жарысқа «Жауқазын» және «Балапан» ортаңғы топ балалары қатысады. Олар екі командаға бөлініп, бақ сынайды: «Жас қыран» және «Жұлдыз».
«Жас қыран» тобы
Оң иықпен оңға бұрыл! Алға бас.
«Жұлдыз» тобы
Сол иықпен солға бұрыл! Алға бас.
Жарыс барысында қай команданың күші басым, қайсысы епті әрі жылдам екенін бірге байқаймыз.
Сайыс шарттары
- 1Кедергі жолақтары
- 2«Сылдыр, сылдыр, сылдыр су»
- 3«Кенгуру»
- 4«Кім жылдам?»
- 5«Тәтті жұптар»
- 6Газетпен жүгіру
- 7Арқан тартыс
Ендеше, ойын шарттарымен таныстық — сайысымызды бастаймыз.
Жүргізушінің ұраны
Денсаулық — шексіз бақыт.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
Денсаулық — терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
1-ойын: «Кедергі жолақтары» эстафетасы
Шарты
- Гимнастикалық орындықтың үстімен ішімен еңбектеп өту.
- Сақинадан өту.
- Жалауға дейін жүгіріп бару.
Танымдық сұрақтар
Ойын арасында қысқа сұрақтар қойылады:
- 1Қыс мезгілінде неше ай бар? (Үш)
- 2Төртбұрышта неше бұрыш бар? (Төрт)
- 3Бір аптада неше күн бар? (Жеті)
- 4Бір жылда неше мезгіл бар? (Төрт)
- 58 бен 10-ның арасында қандай сан бар? (Тоғыз)
- 65 пен 7-нің арасында қандай сан бар? (Алты)