Суретті басу
Пән туралы ақпарат
Пән мұғалімі
Информатика пәні мұғалімі: Тугельбаева Н.К.
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Оқыту әдістері
- Сөздік
- Көрнекі
- Практикалық
Көрнекіліктер
Компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары және т.б.
Оқыту формалары
Жеке, топтық және ұжымдық
Тақырыптар тізімі
Төменде информатика курсы бойынша қарастырылатын негізгі тақырыптар берілген.
- 1.Кіріспе. ТҚЕ
- 2.Ақпарат: мазмұны, түрлері және қасиеттері
- 3.Ақпаратты өңдеу тәсілдері
- 4.Ақпарат көлемі және өлшем бірліктері
- 5.Компьютер — әмбебап есептеуіш машина
- 6.Компьютердің құрылымы
- 7.Компьютердің қосымша құрылғылары
- 8.Программалық жабдықтама: сыныптамасы және жалпы сипаттамасы
- 9.Операциялық жүйе ұғымы
- 10.Терезелер
- 11.Файлдар, бумалар және жарлықтар
- 12.Нысандармен жұмыс істеу
- 13.Ақпаратты іздеу, жазу және оқу
- 14.Практикалық жұмыс
- 15.Бақылау жұмысы
- 16.PAINT графикалық редакторы
- 17.Графикалық редактордың сурет салу құралдары
- 18.Сурет бөліктерімен жұмыс істеу
- 19.Масштаб. Суреттің трансформациясы
- 20.Суретті басуға дайындау. Суретті басу
- 21.WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
- 22.Мәтінді теру және түзету ережелері
- 23.Мәтін бөліктерін ерекшелеу
- 24.Мәтінді пішімдеу: әріптер
- 25.Мәтінді пішімдеу: абзац
- 26.Практикум: мәтінмен жұмыс
- 27.Мәтінмен жұмыс істеу
- 28.Практикалық жұмыс: аралас құжат құру
- 29.Блокнот. Калькулятор
- 30.Калькулятор жады
- 31.Дыбыстық ақпаратты өңдеу
- 32.Практикалық жұмыс: дыбыс жазу
- 33.Бақылау жұмысы
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. ТҚЕ (техникалық қауіпсіздік ережелері).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша білімін кеңейту және нақтылау.
Тәрбиелік
Әр оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, нақтылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, ынтасы мен қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
Қоңырау соғылғаннан кейін оқушыларды ұйымдастырып, сабақтың мақсатымен таныстырамын.
- а)Ұйымдастыру кезеңі
- б)Сабақ сұрау
- в)Бағалау
- г)Жаңа сабақ
- д)Бекіту
- е)Үйге тапсырма
- ж)Қорытынды
Жаңа материалдың мазмұны
Жұмыс орындарында компьютердің негізгі құрамдас бөліктері орналасады: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Монитордың ішінде жоғары кернеумен жұмыс істейтін бөліктер болуы мүмкін, сондықтан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.
I. Тыйым салынатын әрекеттер
- Кабельдер қосылған орындарға қол тигізуге болмайды.
- Компьютер жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитордың және пернетақтаның артқы бөлігіне қол тигізуге болмайды.
- Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураны ток көзіне қосуға немесе ажыратуға болмайды.
- Кітап, дәптер және басқа артық заттарды монитордың немесе пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
- Сулы киіммен немесе су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.
II. Жұмыс тәртібі
- Экраннан 60–70 см қашықтықта, тік отырып жұмыс істеу керек (еңкеймей, шалқаймай).
- Көзілдірік тағатын оқушылар компьютер алдында міндетті түрде көзілдірікпен отыруы тиіс.
- Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң 5 минут демалу қажет.
III. Жұмыс кезінде
- Аппаратураның жұмысын бақылаңдар: ақау байқалса, тосын дыбыс шықса немесе құрылғы өздігінен өшсе, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыға хабарлаңдар.
- Пернелерді қатты тақылдатпай, жай басыңдар.
- Пернетақтамен жұмыс істегенде қол таза болуы керек.
- Құрылғы ақауын өз бетіңмен жөндеуге тырыспаңдар.
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғыдан тұрады. Солардың ішінде ең негізгі үшеуі — монитор, жүйелік блок және пернетақта — өйткені компьютер осы құрылғыларсыз жұмыс істей алмайды.
Жаңа сабақты бекіту
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойып, негізгі ұғымдарды қайталаймын.
Үйге тапсырма
Есептегіш техника кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауды қайталау және орындау.
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімін талдау және бағалау.