Оқушылардың сыныптан тыс сабақтары арқылы пәнге қызығушылығын арттыру

Пән мұғалімі

Искакова Э. К. ұйымдастырған сыныптан тыс іс-шара: «Бақытты сәт» математикалық ойыны.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың сыныптан тыс жұмыс арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Математикалық ой-өрісін дамыту, алған білімдерін бекіту.

  • Оқу процесінде ақыл-ойды дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Сабақ түрі

Сайыс сабақ

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

1-оқушы

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Нақты ғылымға қызығушылар, естігенін есте тұтып, оқығанын миға тоқушылар!

2-оқушы

Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойымыз тұспалды. Сіз оқытқан оқушылар — сәті келді сыналар!

1-оқушы

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз, арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойландырар сұрақ та, қиын сұрақ та бар, әзіл есеп те кездеседі.

2-оқушы

Олай болса, оқушыларды ортаға шақырып, топқа бөлейік.

1-оқушы

Шақырамыз, келіңіздер жарысуға — күш, өнер, білімменен сынасуға! Бар өнерді салайық ортамызға, кәне, кім шығады сайысуға?

Сабақ жоспары

1) «Қас-қағым сәт ішінде»

Жылдам сұрақ-жауап туры.

2) «Кім алғыр?»

Сиқырлы фигуралармен берілген есептер.

3) «1001 мақал, 101 жұмбақ»

Жұмбақ шешу және сан кездесетін мақалдар сайысы.

4) Қазақтың байырғы есептері

Логикалық және тұрмыстық мазмұнды есептер.

5) «Сен маған, мен саған»

Топтардың бір-біріне сұрақ қоюы.

2-оқушы

Оқушыларды ойын жоспарынымен таныстырдық. Енді әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1-оқушы

Олай болса, кешімізді бастайық. Әділ баға беретін әділқазыларды қоштайық!

2-оқушы

Шын жүйрік шабысынан танылады, нақты білім терең оймен сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда — сіздерге құрметпен қол соғылады!

1-тур: «Қас-қағым сәт ішінде»

Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Жауап жылдам берілуі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 2 балл қойылады.

1-топ сұрақтары

  1. Екі вектор тең болады, егер…
  2. Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы.
  3. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неше градусқа тең?
  4. 300-дің 25%-ы нешеге тең?
  5. 60° бұрышының тангенсі.
  6. Мектепте оқытылатын «Геометрия» пәнінің негізін салушы кім?
  7. Қарама-қарсы вектор дегеніміз не?
  8. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
  9. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең?
  10. Бағытталған кесінді.

2-топ сұрақтары

  1. Коллинеар вектор дегеніміз не?
  2. 30° бұрышының косинусының мәні.
  3. Орталығы координаталық жазықтықтың бас нүктесінде жатқан шеңбердің теңдеуі.
  4. Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі кім?
  5. Ең кіші натурал сан.
  6. Үшбұрыштың қабырғаларына параллель және оның жартысына тең болатын не?
  7. Квадраттық функцияның графигі.
  8. «К» әрпінен басталатын математикалық сөздерді ата.
  9. Қандай фигура трапеция деп аталады?
  10. Екі вектордың арасындағы бұрыштың формуласы.

2-тур: «Кім алғыр?»

Өткізу мазмұны

Бұл бөлімде сиқырлы фигуралармен берілген есептер шығарылады. Топтар жылдамдық пен дәлдікке жұмыс істейді.

Өлең жолдары (жүргізуші)

Қиын пәнді бәріміз меңгереміз, қосу менен басқаны теңгереміз. Көбейтуді жаттамай жүрген жалқау оқушыны бәріміз жек көреміз.
Сандардың біз сырына үңілеміз, үйренбеген достардан түңілеміз. Білгеніңді бұл пәннен жасырмаңдар — бүгін, достар, әрине, жеңілеміз!

3-тур: «1001 мақал, 101 жұмбақ»

Бұл бөлімде әр топқа жұмбақтар қойылады. Жауабын тапқан соң, топтар кезекпен құрамында сан кездесетін мақал айтып жарысады. Бір топ тоқтап қалғанша жалғасады.

Жұмбақтар

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.
  2. «Біліміңді байқап көр» — математикалық таңба ол. Білімің болса ашасың, теріс сан болса астында, мағынасы жоқ деп қашасың.
  3. Алдымыз-артымыз шексіз де, жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді шыққан тегін білсе де.
  4. Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады. Егер оны ықшамдасаң, қандай атау болады?
  5. Бүтін сан, бөлшек сандар — барлығы да бар онда. Бұл қандай сан, айтыңдаршы: оң, теріс сан — бәрі осында.
  6. Нәрселерді санағанда керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы, бұл қандай сан, жан-жағыңа қарамай.

4-тур: Қазақтың байырғы есептері

Бұл кезеңде ең қиыны келіп, мықтылардың білімі сыналады: тез ойлап, нақты жауап беру маңызды.

Есеп 1

Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: «Қанша асық ұттың?» — дейді. Екіншісі: «Онша көп ұттыра қоймаппын, 8 асығым қалыпты», — деді. Сонда үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып: «Сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен», — дейді. Бірінші бала мұңайып: «Ең көп асықтан ұтылған мен болдым», — дейді. Ойыннан кейін кімде неше асық қалды?

Есеп 2

Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне 2 км алға жүріп, 1 км кейін қайтады. Қырсық жолаушы бұл арақашықтықты неше күнде өтеді?

Есеп 3

«Екі сегіз — он алты, және сегіз, және алты, жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»

5-тур: «Сен маған, мен саған»

Топтар бір-біріне алдын ала дайындап келген сұрақтарын қояды. Мақсат — қарсы топты ойландырып, дәлелді жауап алуға жетелеу.

Қорытынды

Кеш соңында әділқазылар алқасына сөз беріледі: ұпайлар жарияланып, қорытынды шығарылып, топтар марапатталады.