Оқушы сұрақтарын оқу
Сабақтың тақырыбы
Тоқтар — тұңғыш ғарышкер (Е. Өтетілеуов)
Сабақтың мақсаты (білімділік)
Өлең мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты (дамытушылық)
Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға және дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.
Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)
Ғалам құпияларын тануға қызықтыру, елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Қима қағаздар
- Флипчарт
- Тірек сызбалар
- Қосымша материалдар
Сабақтың форматы
- Түрі: жаңа сабақ
- Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық және ұжымдық жұмыс
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.
Топқа бөлу
- 1Ай тобы
- 2Күн тобы
- 3Жұлдыз тобы
Қызығушылықты ояту: жұмбақ шешу
1-топ
Самұрық құс самғады, көктен өтіп.
Айға жетіп, жеңілдеді салмағы.
Жауабы: Ғарыш кемесі
2-топ
Аспанда бір алып құс, ызыңдап ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып, соңында із қалады.
Жауабы: Зымыран
3-топ
Құстан аумайды,
Көкте зулайды.
Жауабы: Ұшақ
Ендеше, балалар, «ғарыш кемесіне» мініп, аспан әлеміне саяхатқа шығайық. Сапар барысында «планеталардың тапсырмаларын» орындаймыз.
Плутон туралы дерек
Плутон — Күн жүйесіндегі ең кішкентай денелердің бірі. Ол ергежейлі планета ретінде жіктеледі.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Алдын ала ізденіс жоспары
- Аспан денелері туралы білетіндерін айту.
- Ғарышкерлер туралы не білетіндерін бөлісу.
Аспан денелері: қысқа түсініктер
-
Ай (Алтынай)
Ай — Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын аспан денесі.
-
Күн (Кәрімбек)
Күн — қызған газдан тұратын шар, Жерге ең жақын жұлдыз. Ол жақын болғандықтан үлкен болып көрінеді.
-
Жұлдыз (Ақбар)
Жұлдыз — өте қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын, табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денесі.
Сұрақ-жауап: қазақ ғарышкерлері
Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Қазақ ғарышкерлерінің есімдерін атаңдар.
Тоқтар Әубәкіров (Алтынай, Рамазан)
- 1991 жылғы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
- 1991 жылғы 10 қазанда Жерге қонды.
- Ғарышта болған уақыты: 7 күн 22 сағат 13 минут.
- Техника ғылымдарының докторы, профессор; Кеңес Одағының Батыры.
Талғат Мұсабаев (Айдын, Ақбар)
- Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша ғарышта 2 рет болды: 1994 және 1998.
- Тоқтар Әубәкіровтің ізін жалғаған қазақ ғарышкері.
- 12 сәуір — ғарышкерлер күні, Қазақстанда кеңінен аталып өтеді.
Уран туралы дерек
Урандағы бір жыл Жердегі шамамен 84 жылға тең.
III. Жаңа сабақ
Негізгі бағыт
Бүгінгі сабақта Е. Өтетілеуовтың «Тоқтар — тұңғыш ғарышкер» өлеңімен танысамыз.
Марс туралы дерек
Марсты «Қызыл жұлдыз» деп те атайды. Зерттеулер бойынша Марстағы бір жыл Жердегіден шамамен екі есе ұзақ.
Автор туралы
Өтетілеуов Ермек (Е. Өтетілеуов) 1938 жылдың 1 қаңтарында Ақмола қаласында (қазіргі Астана) дүниеге келген. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне оқуға түсіп, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алған.
Байқоңыр: негізгі мәлімет
- Байқоңыр — ғарыш айлағы, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.
- Іргесі 1955 жылы қаланған.
- Ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылады.
- 1957 жылғы 4 қазанда тұңғыш ғарыш зымыраны сәтті ұшырылды.
- 1961 жылғы 12 сәуірде Ю. А. Гагарин «Восток» кемесімен ғарышқа ұшты.
Т. Әубәкіров: қысқаша дерек
- 1946 жылғы 27 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
- Ұлты — қазақ.
- Техника ғылымдарының докторы, профессор.
- 1965–1969 жж. Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесінде оқыған (ұшқыш-инженер).
- 1991 жылғы 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен Александр Волков және Франц Фибонмен бірге ғарышқа ұшты.
- Бір апта бойы «Мир» орбиталық кешенінде жұмыс істеді.
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Әр шумақтың мағынасын талдау.
Меркурий туралы дерек
Меркурий — Күнге ең жақын планета. Оны бақылау қиын; радиобақылаулар оның өте баяу айналатынын көрсеткен.
Шолпан туралы дерек
Шолпанды тұтас ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, оны бақылау күрделірек.
Сергіту сәті
Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп.
Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.
Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа.
Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.
Сөздік жұмыс
- Құрық
- Асау жылқыны ұстауға арналған, ұшында ілмегі бар ұзын сырық.
- Бұғалық
- Асау атты ұстауға арналған мықты қыл арқан.
- Тұңғыш
- Ең алғашқы, бірінші.
Сатурн туралы дерек
Сатурнды қоршаған сақиналардың қалыңдығы бірнеше километрге дейін жетеді.
Нептун туралы дерек
Нептун 1846 жылы телескоп көмегімен, ғалымдар болжаған нүктеге жақын аймақтан табылған.
Бекіту: тест тапсырмалары
Сұрақтар
-
1. Ғарышқа ұшудың мақсаты қандай?
а) аспанды аралап қайту
ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ әрі түсініксіз қырларын тану
б) әр ғарышкер өз күшін көрсету
-
2. Ғарыш айлағы қалай аталады?
а) Астана
ә) Байқоңыр
б) Арал
-
3. Тоқтар ағаның ізін басқан ғарышкер кім?
а) Талғат
ә) Гагарин
б) Фибон
-
4. Ғарышкерлер күні қашан аталып өтеді?
а) 22 наурыз
ә) 9 мамыр
б) 12 сәуір
-
5. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
а) 1962
ә) 1991
б) 1992
Дұрыс жауаптар
- 1ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ әрі түсініксіз қырларын тану
- 2ә) Байқоңыр
- 3а) Талғат
- 4б) 12 сәуір
- 5ә) 1991
Юпитер туралы дерек
Юпитер — көлемі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы жағынан шамамен 300 есе үлкен алып планета.
Салыстыру: Венн диаграммасы (ой-толғау)
Ғарышқа ұшу мен ұшаққа отырып ұшудың айырмашылықтары қандай? Ортақ және ерекше белгілерін анықтаңдар.
Сұхбат: сұрақ құрастыру
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ағамызға қандай сұрақ қояр едіңдер? Оқушылар өз сұрақтарын оқиды.
Қосымша: сүйікті «Айгөлек» журналына өз сауалдарыңды жолдауға болады.
Шығармашылық бөлім және қорытынды
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өз «ғарыш кемесінің» суретін салып, оған атау береді және жұмысын қорғайды.
Ай туралы еске салу
- Ай — Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын аспан денесі.
- 1966 жылы алғашқы ғарыш аппараты Айға қонды.
Жер туралы түйін
Жер — Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз планета.
Үй тапсырмасы
- Өзіңе ұнаған өлең шумағын жаттау.
- Ғарышкер ағаларға арналған өлең шығару.
Бағалау
Бағалау парағы арқылы оқушылардың жұмысы бағаланып, топтық нәтиже шығарылады.