Заттың атаулары
Сан есім: қайталау және қолдану
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт негізгі мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі — Каликина Үміт Қадірқызы.
Тақырыбы
Сан есім
Көрнекілігі
- Презентация
- Тест жұмысы
- Үлестірмелі таратпалар
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Сан есім тақырыбын қайталау, алған білімді пысықтау.
2) Дамытушылық
Сан есімнің түрлерін білу дағдыларын жетілдіру, өз пікірін еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Бір-бірін тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Нені білу керек
- 1 Сан есімнің түрлері
- 2 Оларды ажырата білу
- 3 Сөйлем құрастыра білу
Не істей білу керек
Көркем шығарманы оқу барысында сан есімнің түрлерін тану және өз ойын жеткізу кезінде сан есімдерді орынды қолдану.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Негізгі кезең
Өткенді қайталау, мәтінмен жұмыс, жазылым және шығармашылық тапсырмалар арқылы сан есімді бекіту.
1) Өткенді қайталау: тест жұмысы
Тест сұрақтарын орындап, нәтижесін бірден тексеру.
-
1. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- A) Қашан? Қайда?
- Ә) Неше? Нешінші?
- Б) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
-
2. Зат есім дегеніміз не?
- A) Заттың атын білдіретін сөздер.
- Ә) Заттың қимылын білдіретін сөздер.
- Б) Заттың сынын білдіретін сөздер.
-
3. «Ұшқыш» сөзі қандай сұраққа жауап береді?
- A) Не?
- Ә) Кім?
- Б) Кімдер?
-
4. Жануарлар мен заттарға қандай сұрақ қойылады?
- A) Не? Нелер?
- Ә) Кім? Кімдер?
- Б) Неше? Қанша?
-
5. Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қойылады?
- A) Кім? Кімдер?
- Ә) Не? Нелер?
- Б) Не істеді? Не қылды?
-
6. «Дәрі» сөзі қандай сұраққа жауап береді?
- A) Кім?
- Ә) Нелер?
- Б) Не?
-
7. Жалқы есімді белгіле.
- A) өзен
- Ә) Тобыл
- Б) балалар
-
8. Көптік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле.
- A) әже
- Ә) әкелер
- Б) анашым
-
9. Жалпы есімді белгіле.
- A) Қостанай
- Ә) Тобыл
- Б) қарағай
-
10. Жалқы есім дегеніміз не?
- A) Кісі аттары, жер-су атаулары, жан-жануарларға қойылған атаулар.
- Ә) Заттың атаулары.
- Б) Көптік жалғауы жалғанған сөздер.
2) Оқулықпен жұмыс
Мәтін
Суыққа ең шыдамды құс — үйрек пен қаз. Олар 110 градус суыққа төзе алады. Ал итбалықтар 80 градус суықта ғана тоңа бастайды.
Тапсырма: мәтіннен сан есімдерді табу.
Дәптермен жұмыс
Сан есімдерге -ыншы / -інші жұрнақтарының тиістісін жалғап, өзгертіп жаз. Сұрақ қой.
Үлгі: сегіз → сегізінші
Суреттермен жұмыс
Суреттер бойынша сан есімдерді қатыстырып, шағын әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы зейінді қайта шоғырландыру.
Сұрақпен жұмыс
- ? Ең ұзақ өмір сүретін құс қайсы?
- ? Ең жеңіл құс қайсы?
- ? Ең ауыр құс қайсы?
Сәйкестікті тап
Қарлығаш
балшықтан ұя салады
Бұлбұл
әнші құс
Аққу
киелі құс
Сауысқан
көктем жаршысы
Құстардың дауысын анықта
Дыбыстарды тыңдап, қай құсқа тән екенін ажырату (аудио/мұғалімнің дауыстауы арқылы).
Шығармашылық тапсырма
Адамзат табиғаттан үлгі алған: балыққа қарап — кеме, ұяға қарап — үй, құсқа қарап — ұшақ жасаған.
Тапсырма: жасалу жолын қысқаша түсіндір.
Тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыр
Қорытынды
- 1 Не білдік?
- 2 Қандай жаңа мағлұмат алдық?
- 3 Өзіңді бағалап көр.
Үй тапсырмасы
«Құстар — біздің досымыз» тақырыбында әңгіме-эссе жазу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.