Апам үшін сөзі
Әдеби-сазды кештің көрінісі
(Залға тәрбиешілер мен балалар жарты шеңбер болып тұрады.)
Жүргізуші
Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар! Талантты ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Қазақ әнінің қадыры» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Дарын туралы Қадыр ойы
Қадыр Мырза Әли дарын мен ақындықтың қалыптасуы ең алдымен адамның өз ауылы, өз үйі, өз қара шаңырағынан басталатынын айтады. Өйткені ақын да — кәдімгі бала. Ата-ана да, тіпті өмірлік серігі де оның болашақта қандай ірі тұлғаға айналарын бірден аңғара бермейді; елден естіп, кездесулерден көрсе де, «өтпелі дүние» деп қабылдауы мүмкін.
Ал талантты алдымен танитын да, қадірлейтін де — оқырман қауым, қалың ел. Бұл — ақын түйіндеген үлкен шындық. Қадырдың қадірін де халық бірден түсінді: өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын іздеп оқыды, талантына табынды.
Ұсыныс
Халқымыздың әнұранына айналған сүйікті әндердің бірі — «Атамекен» әнін бәріміз бірге айтып, кешіміздің шымылдығын ашайық.
Құттықтау және қысқаша таныстыру
І жүргізуші
Құттықтау сөзі №35 «Шұғыла» бөбекжайының директорына беріледі.
Дерек
Қадыр Мырза Әли 1935 жылғы 5 қаңтарда Орал облысының Сырым өңірінде дүниеге келген. Ол — Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының иегері.
Тілі шыққан баладан бастап, дана қарияға дейін — Қадыр есімі қадірлі.
Жүргізуші
Шұғыланың шуағы бөлеп нұрға, ән мен жырға тербеліңіз шын наздана. «Шұғыла» бөбекжайының киелі шаңырағында Қадыр ағаны ұлықтаған оқулар өтпек. Әрдайым Қадыр ағаның өлеңдерін оқыған сайын қанаттанып, рухтанып, жігерленеміз: бірде бала, бірде дана боламыз. Халқымыздың болмысы көз алдымызға келіп, ұлттық асыл қасиеттермен қаруланамыз.
Ана, әже және отбасылық мейірім тақырыбы
Балалардың оқылымдары
1-бала
Менің атам Жүзі жарқын, жаны ізгі, Жан бар ма екен атамдай! Бірақ бала тәрізді, Тұрады әкем бата алмай.
Қазақ әлеміндегі біртуар азаматтың сүйіспеншілігіне бөленген Мағыраш апа — екі дүниеде де арманы жоқ бақытты ана. Ақын анасынан жырақта жүрген сәттерін қайта-қайта толғанып, анаға деген ыстық ықыласы мен махаббатын өлеңмен жеткізеді.
Арулана
«Асыл әжем» әнін тамашалаңыздар.
2-бала
Менің әжем Менің әжем — ақ әжем, Ұл мен қыздың бағы әжем. Ертегі айтып бер десем, Айтып берер тағы әжем. Менің әжем — гүл әжем, Алтын әжем, күн әжем. Апам үшін, мен үшін Нағыз ана тілі әжем.
3-бала (Арман)
Анамның мен баяғы Жаратпаймын тарлығын. Шкафқа сап қояды Қант-шекердің барлығын. Балалық тез-тез өтсе екен, Шығар едім ұшпаққа. Бойым өсіп жетсе екен, Ең болмаса шкафқа.
4-бала
Апам неге жылады? Көзі түсті апамның Көзіндегі жасына. Белгісі ме қапаның? Деп келдім мен қасына.
5-бала
6-бала
Тамылжыған сыршыл әннен сан қырлы Кең даламның жұпар иісі аңқиды. Қуат алам сырға толы әуеннен, Жан дүниеге шуақ төккен әуелден.
Жүргізуші
№35 «Шұғыла» бөбекжайының музыка жетекшісінің орындауында «Қазақ осы» әнін қабыл алыңыздар.
7-бала
Ұнатамын халық әнін сарынды, Биіктеткен ой-санамды, арымды. Ізгілікті әндерінен Қадырдың Парасаттың шұғыласы тарады.
Қадыр поэзиясының әнмен үндесуі
Қадыр Мырза Әли 200-ге жуық ән мәтінін жазған. Оның өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев секілді дарынды композиторлар ән жазып, халық арасына кең таратты. Сондай-ақ Қадыр — Қазақстан Республикасының әнұраны авторларының бірі.
Ақынның мектеп жасына дейінгі балаларға арналған өлеңдері, жұмбақтары, санамақтары, мақал-мәтелдері мен әзіл-сықақ туындылары да мол.
Балаларға арналған өлеңдерден үзінділер
8-бала
Асып-сасып Бүгін қатты ұйықтаппын, Бір кез шошып ояндым. Сағат сегіз боп қалыпты, Қар басыпты үй алдын. Асып-сасып киіндім, Біздің одан үй алыс. Аптығыппын мен текке, Жетіп келсем — демалыс.
9-бала
Бәріміз үшін бәрі де Алғыс алды бірінші — Не істер еді тігінші? Етікші етік тігеді, Наубайшының нанын жеп, Наубай пешке күйеді. Етікшінің қамын жеп... Олай болса, бәріміз Ел қажетін өтейік. Жасымыз бен кәріміз Жұмыла еңбек етейік!
10-бала
Тігіншінің қолындай Еркін ұстап инені, Тірі жанға жалынбай Еркін ұстаймын инені. Кір жуамын, ілемін — Оған әжем күлмейді. Мен тоқи да білемін, Оны кей қыз білмейді.
11-бала
Дұрыс па, бұрыс па? Сағат бірден асыпты, Апам іске асықты. Бұрын мұндай болмаған: «От жақ!» — деді ол маған. Кеуіп жатқан қу қидың Үстіне әкеп су құйдым. Көріп қалып бұл істі Апам маған ұрысты: — Күлдірген-ау, күлдірген, Мынауың не бүлдірген? Тез жансын деп мұндайда Көмірге су құя ма?
12-бала
Досым екеуміз Шекіссек те екеуміз, Үйге жылап қайтпаймыз. Сөзімізге бекембіз, Апамызға айтпаймыз. Естімесе өздері, Айтып қанша қажеті? Біліп қойса біздерді, Ойнатпайды бір жеті!
13-бала
Сыр Түніменен ауырды Түбі босап тістерім. Тауыстым бар сабырды, Білмеді апам не істерін. Айтып жатты атама: «Не болды екен?» — дегенін. Белгісіз-ау апама Тәттіні көп жегенім.
14-бала
Тазалық Сыпырғыш ап сыбанып, Шаң-тозаңды қудым кеп. Шүберек ап, су алып, Сырлы еденді жудым кеп. Бір жалған жоқ сөзімде — Еден айна сияқты. Үйге енді өзім де Сүртіп кірем аяқты.
Қорытынды және алғыс
Қадыр Мырза Әлидей қадау талантқа берілер бағаның салмағын ешбір сөзбен толық жеткізу қиын. Қадырды әріп танымаған бүлдіршіннен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейін — бәрі біледі. Өзін білмесе де, сөзін таниды. Мұндай даусыз даңқтың сыры — Қадыр талантының қарапайымдылығы мен шынайылығында.
Бұл апта біз үшін үлкен сабақ болды: алдымызға жаңа мақсаттар қойдық. Сол үшін педагогтерге алғыс білдіре отырып, қонақтарды ортаға шақырамыз.
Қорытынды ән
Қадыр елі, Қадыр жері — Қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз! Әдеби-сазды кешімізді Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен бірге аяқтайық. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Арман — арман, «Шұғыланың» нұры арман. «Шұғылаға» әу бастан-ақ ақ бақыт қонған. Сіздерге де тілейміз қуанышты «Шұғыланың» сиқырлы сыр сандығынан.