Қыздардың тапсырмасы. Сөздерге сұрақ қой
Сабақтың мақсаты
- Сөз таптары туралы түсінік беру, соның ішінде зат есім туралы ұғым қалыптастыру.
- Зат есімнің сұрақтарын меңгерту: кім? кімдер? не? нелер?
- Сөйлемнен сұрақ қою арқылы зат есімдерді табуға үйрету.
- Оқушылардың білімін, сауаттылығын және сөздік қорын дамыту.
- Ұқыптылыққа, әдептілікке және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Амандасу.
- Түгендеу.
- Оқушының зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы оқыту, талдау және сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеріледі.
III. Жаңа сабақ
Топқа бөлу
Түрлі-түсті шариктерді таңдау арқылы оқушылар топқа бөлініп, сол түстер бойынша орындарына отырады.
1) Қызығушылықты ояту: «Тез есепте!» ойыны
Оқушыларға мысалдар жазылған карточкалар беріледі. Дұрыс жауап тапқан сайын әріптер шығып, сол әріптер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
| Мысалдар | Тақырып |
|---|---|
| 8×5, 6×0, 9×5, 80×2, 60×3, 20×5, 30×3 | Зат есім |
2) Мағынаны тану: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша
Сұрақ: Мақта қыздың қатығын тауып беру үшін кімге көмектесеміз?
Жауап: Мысыққа.
1-тапсырма: Сиырдың тапсырмасы
Берілген сөздер: жаңбыр, шегіртке, шыбын, тасқын, сатушы, шелек, мұғалім, қоңыз, кесе, бұршақ, жүргізуші, боран, ара, есепші, найзағай, тәрелке.
1-топ
Табиғат құбылыстарының атауларын теріп жазады.
2-топ
Мамандық атауларын теріп жазады.
3-топ
Жәндік атауларын теріп жазады.
4-топ
Ыдыс-аяқ атауларын теріп жазады.
Сұраққа жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.
2-тапсырма: Ағаштың тапсырмасы
Оқушылар ережені өздері қорытындылайды:
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Кім? кімдер?
Адамның аты-жөні, мамандық, атақ-дәреже, туыстық атаулар.
Не? нелер?
Құстар, аңдар, төлдер, жемістер, заттар және табиғат құбылыстары.
IV. Оқулықпен жұмыс
3-тапсырма: Қыздардың тапсырмасы (1-жаттығу)
Суреттерге қара. Егер суреттегі құстың атын білмесең, оны анықтау үшін қандай сұрақ қоясың?
1-топ (1-сурет)
«Бұл не?» — Қарлығаш (дыбыстық талдау).
2-топ (2-сурет)
Сауысқан (морфологиялық талдау).
3-топ (3-сурет)
Қарға (фонологиялық талдау).
4-топ
«Кім?» сұрағына жауап беретін сөздерді айтады, бір сөзді сөз құрамына талдайды.
4-тапсырма: Дүкеншінің тапсырмасы
Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
- Лаура кітапханаға келді.
- Ауылдан атам келді.
- Жүннен жіп иірді.
- Балықшылар көлге жақындады.
V. Сергіту сәті
Электронды оқулықтан Мұқағали Мақатаевтың жанды дауысын тыңдатып, кімнің дауысы екенін тапқызу. Оқушыларға ақын өлеңдерінен үзіндіні мәнерлеп оқыту.
5-тапсырма: Тауықтың тапсырмасы (4-жаттығу)
Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.
1-топ — Төрт түлік
Сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.
2-топ — Аңдар
Арыстан, түлкі, қасқыр, қоян.
3-топ — Құстар
Қарлығаш, қараторғай, бұлбұл, сауысқан.
4-топ — Отбасы мүшелері
Ата, апа, әке, ана, бала, қыз.
5-жаттығу
Оқы. Әр қатардағы сөздерді жинақтап, бір сөзбен ата. Сөздерге сұрақ қой.
1-топ: Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі — төрт түлік.
2-топ: Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған — ыдыстар.
3-топ: Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз — көкөністер.
Венн диаграммасы бойынша салыстыру
Ұқсастығы
Екеуі де тірі ағза: қоректенеді, өседі, өледі; жарық пен жылуды қажет етеді.
Айырмашылығы
Төрт түлік — жануарларға жатады, ал көкөністер — өсімдіктерге жатады.
VI. Сабақты бекіту
6-тапсырма: Тышқанның тапсырмасы
Семантикалық картаны толтыр.
| Сөздер | Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік |
|---|---|---|---|---|
| Көйлек | + | |||
| Оқыды | + | |||
| Бесінші | + | |||
| Суық | + |
VII. Қорытынды
«Бәйге» ойыны бойынша ұяшықтардағы сұрақтарға ауызша жауап беріледі.
VIII. Үй тапсырмасы
6-жаттығу: Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімдердің үстіне «з. е.» деп белгіле. Мәтінде қай сөз көп кездеседі? Ол кім? бе, әлде не? ме? Соңында «таразыға салып» өзіндік тексеру жаса.
IX. Бағалау
Жиналған жұлдызшалар санына қарай оқушылардың бағасы хабарланады.
Автор туралы
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Мақсұтбай Индира Ерсанқызы.