Шалқан ертегісі

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей

Бастауыш сынып мұғалімі: Матышева Гульмира Айдархановна

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / Сынып
Математика, 1-сынып
Тақырып
5 санын қосу және азайту
Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың тегі
Ертегі сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс
Сауат ашу
Көрнекіліктер
Слайдтар, карточкалар, суреттер

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушыларды 5 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру.

  • Дамытушылық

    Сандар құрамы, қосу мен азайтудың өзара байланысы туралы білімдерін жетілдіру.

  • Тәрбиелік

    Ұқыптылыққа, үнемі ізденуге және мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Амандасу рәсімі

Слайд 1

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Слайд 2

Сылдырады қоңырау,

Көп күттірген.

Балаларды сабаққа

Бәрі күткен!

Дайынсың ба бастауға сен сабақты?

Қане, досым, тексеріп шық бар жабдықты.

Өз орнында тұр ма екен ретімен:

Кітап, дәптер, қаламың — барлығы да?

Барлығы дұрыс па?

Зейінің маған ауған ба?

Ынтаң жоғары ма?

Әркім бүгін “5” алуға талпынсын!

Бүгінгі сабағымызға қонақ апайлар келіп отыр. Математикадан алған білімімізді көрсетейік. Сабақты санамақ арқылы бастап, бүгінгі тақырыпты анықтаймыз.

Тақырыпты анықтау

Слайд 3

Бас бармағым — әкем,

Балан үйрек — анам,

Ортан терек — ағам,

Шылдыр шүмек — әпкем,

Кішкене бөбек — сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Сұрақ-жауап

  • Оң қолымызда неше саусақ бар?
  • Сол қолымызда ше?
  • Жақсы оқитын балалар қандай баға алады?

Слайд 4

Бүгінгі ұранымыз:

“5” болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім — көп оқып,

Өсе берсін санамыз.

Сонымен, бүгінгі тақырыбымыз анықталды: 5 санын қосу және азайту. Сабақ барысында “Ертегілер әлемі” әнін тыңдап, ертегі желісімен тапсырмалар орындаймыз.

Ертегі желісімен оқу: «Шалқан»

Баяғыда ата мен әже болыпты. Ата шалқан егіп, жаз бойы суарып, баптап күтеді. Бір күні келсе, шалқаны дәу болып өсіпті. Ата шалқанды жұлып алмақ болады: әрі тартады, бері тартады — шалқан шықпайды.

1-тапсырма: Өткенді қайталау

10-ға дейін тура және кері бағытта санау. Кім дұрыс санаса, сол атаға көмектеседі.

Ата енді көмекке әжені шақырады. Екеуі бірге тартса да, шалқан жұлынбайды.

2-тапсырма: Жоғалған сандарды тап

Сандар қатарындағы missing сандарды толықтыру.

Ата мен әже көмекке немере қызын шақырады. Үшеуі жабылып тартса да, шалқан шықпайды.

3-тапсырма: Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс: 111-бет, №4 тапсырма (сөзді есеп).

Немере қыз көмекке күшікті шақырады. Бәрі бірге тартса да, шалқан жұлынбайды.

4-тапсырма: Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Екі қолды жинасам,

Болады сонда он саусақ.

(Қимылмен көрсету)

Күшік көмекке мысықты шақырады. Мияулап мысық келеді. Бәрі жабылып тартса да, шалқан әлі жұлынбайды.

Келесі қадам

Енді мысықтың тапсырмасын орындауға кірісеміз.