Сәйкестікті анықта
Сабақ тақырыбы
Палетканы пайдаланып фигураның ауданын есептеу
Бұл сабақта оқушылар палеткамен жұмыс істеуді меңгеріп, фигуралардың ауданын квадрат бірліктер арқылы есептеуді үйренеді.
Сабақтың мақсаты
Палетка туралы түсінік беру.
Сабақтың типі
Жаңа сабақ.
Әдістер
Б. Блум таксономиясы, ойын технологиясы, АКТ.
Көрнекіліктер
Палетка, геометриялық фигуралар, заттық суреттер, слайдтар.
Сабақ міндеттері
-
1
Палетканы пайдалануды үйрету.
-
2
Ой-өрісін және логикалық ойлауын дамыту.
-
3
Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Бастау- Сабақтың мақсатын хабарлау.
- Психологиялық дайындық.
Жаттығу өлеңі
Талпын жақсы болуға, Күндей сәуле шашатын. Білім іздеп, өнер тап, Түнді күндей ашатын.
II. Негізгі бөлім
Оқу әрекеті1) Білім
Мақсаты: Өтілген материал бойынша алған білімдерін пысықтау. Жаңа сабақты меңгеру үшін нені білуіміз керек?
Тапсырмалар
- Аудан бірлігін ата.
- Тік төртбұрыштың ауданының формуласын жаз.
- Шаршының ауданы қалай табылады?
2) Түсінік
Мақсаты: Фигураның ауданын палетканың көмегімен анықтау тәсілімен таныстыру.
Сұрақ
Бірнеше фигураның суреті беріледі. Қай фигураның ауданын таба аламыз?
Анықтама
Палетка — тең шаршыларға бөлінген мөлдір пластина (немесе қағаз). Палеткамен өлшенген аудан квадрат бірліктермен есептеледі.
Есептеу ережесі
- Суреттегі палетканың әрбір шаршысының ауданы — 1 см².
- Фигураның ішінде толық жататын шаршыларды сана.
- Фигура контуры өтетін шаршыларды сана.
- Контур өтетін шаршылар санын екіге бөліп, толық шаршылар санына қос.
Мысал
S = 6 + 16 : 2 = 14 см²
Тапсырма
Берілген фигураның ауданын тап.
3) Қолдану
Мақсаты: Палетканы іс жүзінде қолданып, фигураның ауданын табу.
Тапсырма
Палетканы пайдаланып суреттегі заттың ауданын есепте.
4) Талдау
Мақсаты: Палетканы пайдаланып фигуралардың ауданын салыстыру.
Тапсырма
Қай жақтағы жапырақтың ауданы үлкен? Есептеп дәлелде.
5) Жинақтау
Мақсаты: Алған білімдерін жинақтау.
Тапсырма
Сәйкестікті анықта:
S = 3 + 10 : 2
Нәтижесі: 8 см²
S = 3 + 12 : 2
Нәтижесі: 9 см²
6) Бағалау
Мақсаты: Алған білімдерін қорытындылау және бағалау.
Сабақ картасы (оқушының өзіндік бақылауы)
| Деңгей | Мақсаты | Тапсырмалар |
|---|---|---|
| Білім | Өтілген материал бойынша алған білімдерін пысықтау |
|
| Түсінік | Фигураның ауданын палетка көмегімен анықтау тәсілімен таныстыру | Слайдта көрсетілген фигураның ауданын палетканың көмегімен есептеп тап. |
| Қолдану | Палетканы іс жүзінде қолданып фигураның ауданын табу | Палетканы пайдаланып суреттегі заттың ауданын тап. |
| Талдау | Палетканы пайдаланып фигуралардың ауданын салыстыру | Қай жақтағы жапырақтың ауданы үлкен? Есептеп тап. |
| Жинақтау | Алған білімдерін жинақтау |
S = 3 + 10 : 2 = 8 см² S = 3 + 12 : 2 = 9 см² |
| Бағалау | Алған білімдерін қорытындылау және бағалау | Сабақ нәтижесі бойынша кері байланыс және бағалау. |