Түпкі сана

Свободный орта мектебі

Мұғалім: Мұсатай Т. Ә.

Сынып: 6

Құжат

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысының тақырыбы

Жалпы адамзаттық құндылықтар — отбасылық тәрбиенің негізі

Мақсаты

Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсінікті кеңейтіп, отбасы тәрбиенің берік негізі екенін ұғындыру.

Ресурстар

  • Интерактивті тақта
  • Слайд
  • Бейнефильм

Міндеттері

  • Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімді кеңейту.
  • Мейірімділік пен сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбие үдерісінде дамыту.
  • Құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.

Жиналыс жоспары

  1. 1 Ата-аналармен тренинг.
  2. 2 Топқа бөлу.
  3. 3 Сауалнама таратып, ата-аналарға толтырту.
  4. 4 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.
  5. 5 «Өзін-өзі тану» бағдарламасының аксиологиялық негіздері (слайд).
  6. 6 Балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі (қыз тәрбиесі, ұл тәрбиесі): дәйексөз, топтық жұмыс.
  7. 7 Балалардың ата-аналарына тілектері (алдын ала дайындалған бейнебаян).
  8. 8 Ата-аналардың балаларына тілектері.
  9. 9 Хормен ән айту: «Мейірімді болайық».
  10. 10 Үй тапсырмасы және қорытынды.

Жиналыс форматы және күтілетін әрекеттер

Ата-аналар

  • Баяндаманы тыңдап, пікір алмасады.
  • Жағдаяттарды талдап, шешім ұсынады.
  • Бейнебаянды қарап, ой қорытындылайды.
  • Хормен ән айтады.

Қол қою

Мұғалім _____________________
Директор _____________________

Сценарий

1

Амандасу тренингі

Нұсқау: баспен амандасамыз; құлақпен амандасамыз; қолмен амандасамыз. Қатысушылар дене мүшелері арқылы амандасу тәсілдерін орындайды.

2

Топқа бөлу

Ата-аналарға гүлдер таратылады. Гүлдердің түсіне қарай екі топқа бөлінеді.

3

Сауалнама

Жиналыс басталғанға дейін ата-аналарға сауалнама таратылып, толтырылады.

4

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі туралы ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» деген сөз бар. Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі, рухани азығы мол азамат болып өсуін қалайды.

Қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі — жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Баланың саналы азамат болып қалыптасуында ата-ана мен мұғалімнің рөлі ерекше. Бұл істе асығыс шешімге, жалған әдіске немесе қатып қалған тәсілге сүйенуге болмайды. Тәрбие ең алдымен баланың сезімін оятып, әсерленгіштігін дамытуға бағытталуы тиіс.

Дәйексөз

«Бала үйде не көрсе, соны үйренеді. Ата-ана — соған үлгі.» (Себастьян Брант)

Сұрақ: Егер ата-ана баласына бұдан былай жағымсыз үлгі көрсеткісі келмесе, зиянды әдеттен бас тартуға қандай қадамдар көмектеседі? Қалай ойлайсыздар?

5

Баяндама: рухани-адамгершілік негіздер

Ежелгі грек ойшылдары: «Өзіңді-өзің таны, сонда бүкіл әлемді танисың!» — деп шақырған. Өзіңді танысаң, өзгені де танисың. Адамгершілік руханилықпен үздіксіз байланысты: егер адам өзінің мәңгілік рухани негізінен ажыраса, ол тұрақсыз болады. Тәрбиеден рухани негізді алып тастау құмға немқұрайды тұрғызылған үйге ұқсайды. Руханилықсыз адамгершілік — осал, бос әрі уақыт сынағына төтеп бере алмайды.

Руханилықтың белгілері

  • Ақиқатты тануға ұмтылу
  • Шыдамдылық, сабырлық
  • Қайырымдылық, сүйіспеншілік
  • Қиянат жасамауға ұмтылу

Негізгі ой

Адамгершіліктің қайнар көзі — руханилық, ал адамгершілік — оның сыртқы көрінісі. Рухани-адамгершілік қасиеттерге ізгі ниет, құрмет, жанашырлық, сенім, кеңпейілділік және өзгелердің мүддесі үшін әрекет ету жатады.

6

Сана туралы түсінік: құрылымы және үдерістері

Сананың құрылымы — психологиядағы өзекті мәселелердің бірі. Сана арқылы оқытуда ойлау мен түсіну үдерістері бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүзеге асады. Солардың ішінде көру мен есту — ақпарат алудың ең маңызды жолдары.

Түпкі сана

Сезім, эмоция, темперамент түпкі санада орнығып, жинала береді. Сыртқы әлемнен келген ақпарат сезім мүшелері арқылы түпкі санаға түсіп, психоэмоционалдық реңк алады. Ашу-ыза, тойымсыздық, өшпенділік, қорқыныш, қызғаныш сияқты эмоциялар өткен тәжірибемен байланысты болады.

Жоғарғы сана

Жоғарғы сана — жеке тұлғаға ықпал ететін маңызды фактор. Ол ар-ұжданды түсінуге бағыт беріп, жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі. Ақпарат интуиция мен ар-ұждан дауысы арқылы жетеді.

Маңызды тұжырым

Эмоциялық реакциялар күшейіп кетпеуі үшін сананы бақылау дағдысын қалыптастыру қажет. Эмоцияларды «жою» емес, олармен сауатты өмір сүруді үйрену маңызды.

7

Сананы тазарту жолдары (күнделікті тәжірибе)

  1. 1.Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолдану (сананы тыныштандыру және бақылау үшін).
  2. 2.Күні бойы адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыну.
  3. 3.Ұйықтар алдында күні бойғы әрекеттерді бірнеше минут еске түсіріп, қорытынды жасау.
  4. 4.Ашу-ызаны бақылау: ренжіткен адам сабырды үйренуге мүмкіндік беретінін есте ұстау.
  5. 5.Өзіңізді тыныштандыратын ізгі, жұбату сөздерді дауыстап айту.
  6. 6.Жүрекке жылу беретін, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ән айту.
  7. 7.Жақсы орта мен қолдайтын қауым табу.
  8. 8.Басқаларға тыныштық сыйлауға, қызмет етуге және жұбатуға үйрену.
  9. 9.Тыныштықты сақтауға дағдылану.
  10. 10.Тыныс алуды бақылау.
  11. 11.Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылу.
8

Көрініс арқылы ой: «қара нүкте» мысалы

Көру — ақпарат алудың маңызды арнасы: жарық көзге еніп, жүйке талшықтары арқылы импульске айналып, миға жетеді. Осы сәтте сана көз алдындағы бейнені қабылдайды.

Көп жағдайда адамдар суреттен тек «кішкентай қара нүктені» байқайды. Ал шын мәнінде сурет — үлкен ақ кеңістік және оның ортасындағы кішкентай ғана нүкте.

Бұл біз кейде өзгеден немесе өмірден тек кемшілікті көріп, жақсылықтың мол екенін байқамай қалатынымызды еске салады. Қиындықтар да бізді шыңдап, өсіруге қызмет етуі мүмкін. Сондықтан әрдайым, әр жерде жақсылықты көре білуге үйрену қажет.

9

Жалпы адамзаттық құндылықтар

Құндылықтар — адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер және жай-күйлер. Ал жалпы адамзаттық құндылықтар — белгілі бір топқа ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ мәні бар құндылықтар.

Ақиқат

Дұрыс әрекет

Сүйіспеншілік

Ішкі тыныштық

Қиянат жасамау

10

Қорытынды бөлім

Бейнебаян

Балалардың ата-аналарына арналған тілектері көрсетіледі (алдын ала дайындалған жұмыс).

Жауап сөз

Ата-аналар өз балаларына тілектерін айтып, қолдау мен сенім білдіреді.

Ортақ әрекет

Хормен ән айту: «Мейірімді болайық».