Шүкірбаев Ернұр, Исабай Ләйлә - Балдырған тобы

Байқаудың жүргізілу барысы

Құрметті тәрбиешілер мен демалушылар! Бүгінгі «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауға қош келдіңіздер. Алдағы сәтте кімнің өнері өрге жүзетінін, кімнің білімі мен тапқырлығы дараланатынын бірге тамашалаймыз.

Сайысқа қатысушылар

  • Балдырған тобы

    Шүкірбаев Ернұр, Исабай Ләйлә

  • Жас қыран тобы

    Тағанбаев Ерасыл, Жарылғасқызы Айжан

  • Шағала тобы

    Жаңбырбаев Думан, Базарбаева Альбина

  • Достық тобы

    Ерғалиев Бағжан, Жеңісбекова Назира

Байқау шарттары: 5 тур

Қайсысы әнші, кім биші — талабын байқап, зеректік пен жылдамдықты сынаймыз. Байқау 5 турдан тұрады:

  1. 1-тур

    «Сәлем — сөздің анасы» (таныстыру)

    Қатысушылар өзін таныстырып, сахна мәдениеті мен сөйлеу мәнерін көрсетеді.

    Таныстыру
  2. 2-тур

    «Жүйрік болсаң тауып көр» (білім сайысы)

    Сұрақ-жауап арқылы білім, тапқырлық және жылдам ойлау қабілеті бағаланады.

    Білім
  3. 3-тур

    «Өнерлі өрге жүзер» (өнер көрсету)

    Ханзадалар мен ханшайымдар өз өнерін ортаға салады. Тур арасында көрерменге арналған шағын концерттік номерлер ұсынылады.

    • Ән: Бораш Айтбек
    • Би: Еділова Әйгерім
    Өнер
  4. 4-тур

    «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)

    Сәнді киім үлгісі, жинақылық пен талғам, сахнада өзін ұстау мәдениеті бағаланады.

    Көркем сөз: Сембаева Құралай

    Сән
  5. 5-тур

    Үй тапсырмасы

    Қатысушылар алдын ала дайындап келген бұйымын немесе жұмысын таныстырып, мағынасын түсіндіреді.

    Жоба

Қорытынды және марапаттау

Әділқазылар алқасы әр тур бойынша ұпайларды саралап, нәтижені жариялайды. Жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдіріледі.

Қорытынды кештің әуені

Ән: Серікқызы Альбина

Жүргізушінің түйін сөзі

Бойларыңда от бар екенін байқадым, көздеріңде шоқ бар екенін байқадым. Әрқашан осы жігерді өшірмей, жалындатып, биіктей беріңдер.

Осымен «Қазақтың ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Өнерлі өрге жүзер Сұлулықтың сыры Үй тапсырмасы Жеңімпаздарды марапаттау