Бізде бүгін қуаныш, бізде бүгін тойдағы, Мендегі қыз көңілге шаттық келіп жайлады

Бізде бүгін қуаныш, бізде бүгін тойдағы,
Мендегі қыз көңілге шаттық келіп жайлады.
Жан ағам, сендегі бар бақыттың ақ нөсер боп төгерін,
Сезе алды жырға лайық қарындастық әлемім.

Сондықтан да жүрегім шалқып айтты бір әнді,
Мына менің жан дүнием жанарыңды ұға алды..
Ағатайым, аласұрмас Алатаудай кеудеңнен
Мәңгілікке қиындыққа қайыспайтын үлгі алдым.

Дей алмаймын өзіңді көпшіліктің бірісің,
Көз алдымда ағажан беделдісің, ірісің.
Сен мендегі нәзіктікке толы ғаламға,
Жанұяңның қорған болар ұжданды ұлысың.

Бүгін сенде бақытты күн, сәтті күн,
Ғұмырыңда бал татыған тәтті күн.
Қуанышы мен толқынысы қатар кеп,
Мен үшін де қобалжитын сәт бүгін.

Жеңгетайым, қыз дәуренмен қоштасып, ақ босаға аттадың
Ағамменен қол ұстасып, ашылсыншы бақтарың.
Айдын көлдің аққуындай жазылмасын жұптарың,
Бір - біріңе сезіміңді сөндірмегін, құртпағын.

Жалғап міне, екі елдің арасын,
Өз халқыңның ақ тілегін аласың.
Батаменен ел көгерер дейді ғой,
Қабыл алғай қарттарымның батасын.

Төрлеріңнен естілсінші сәбидің шат күлкісі,
Шаңырағың шайқалмай, қонақтасын бақ құсы.
Аман болсын жақындарым, Әкем - Анам қос тірегім,
Аға - жеңге осы менің сіздерге айтар тілегім.



Ұқсас жұмыстар

Фариза Оңғарсынованың лирикасы
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Жұмекен Нәжімеденовпен интервью
Мектепке дейінгі балалардың геометриялық түсініктері
Ақындық даралық Ж. Әбдірашев, Т. Медетбек лирикалары негізінде
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны
Көңілді балалар әні
Эмоция мен сезім
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Екінші деңгейлі банк клиенттеріне есеп-кассалық қызмет көрсетулер
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Фирманың маркетинг қызметіндегі баға және баға саясаты ЖШС «Adramit Akros» мысалында
ТАСТАНБЕКҚЫЗЫ САРА
Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту