Түйе жырын жаттау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мектеп және мұғалім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Айгүл Кокогова.
Сабақтың тақырыбы
Түйе
Сабақтың мақсаты
- «Түйе туралы жырды» түсініп оқып, сипаттап айту; түйенің шудасы, төлі, жүрісі туралы мағлұмат беру.
- Мақал-мәтел мен жұмбақ арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту.
- Төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
Құрал-жабдықтар
Түрлі-түсті үлестірме қағаздар, бағалау бетшесі, қайшы, маркер, өшіргіш, желім, A3 және A4 парақтары.
Оқу материалдары
Слайд, тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар.
Әдіс-тәсілдер және модульдер
Сабақтың әдістері
- Диалог
- СТО (сыни тұрғыдан ойлау элементтері)
Қолданылатын модульдер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- АКТ қолдану
- Талантты және дарынды балаларды оқыту
- Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Ынтымақтастық атмосферасын құру
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
2) Өткенді еске түсіру
- «Сиыр» туралы жырды жатқа айту.
- Топтық жұмыс арқылы төрт түлік туралы білімді бекіту.
Топтық жұмыс тақырыптары
1-топ: Зеңгі баба
Сиыр шаруашылығы және оның негізгі бағыттары.
2-топ: Қамбар ата
Жылқы шаруашылығы және оның салалары.
3-топ: Шопан ата
Қой шаруашылығы.
3) Жаңа сабақтың тақырыбын ашу (жұмбақ)
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер — тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
Жауабы: Түйе
II. Тұсаукесер
Қызығушылықты ояту мақсатында түйе туралы қызықты деректер ұсынылады. Түйе қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін шамамен 5000 жыл болғаны айтылады. Содан бері ол шөлейт өңірлерде өмір сүретін халық үшін ең қолайлы көлікке айналған.
Түйе туралы деректер
- Түйенің шыққан жері ретінде Солтүстік Америка аталады.
- Шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы.
- Жүнінің 85%-ы — таза, бағалы түбіт.
Түрлері және ерекшелігі
- Екі түрі бар: қос өркешті түйенің таза қандысы — бактриан, нардың таза қандысы — дромедар.
- Қос өркешті түйе — інген, жалғыз (сыңар) өркешті түйе — нар деп аталады.
- Жақсы күтім көрген түйе қыстық азығын денесі мен өркешіне май түрінде жинайды; ұзақ уақыт шөп жемей, су ішпей де сол қорымен күнелте алады.
III. Негізгі бөлім
Жырмен жұмыс
- «Түйе» туралы жырды алғашқы рет оқу.
- Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
- Өлең жолдарын талдау: ұйқасын табу, мағынасын ашу.
Ой қозғау
- Мақал-мәтелдерді оқу.
- Мағынасын түсіндіру және әңгімелеу.
Топтық жұмыс: өнімдер мен бұйымдар
1-топ
Түйе жүнінен жасалатын бұйымдар.
2-топ
Түйе сүтінен жасалатын өнімдер.
3-топ
Түйе терісінен жасалатын бұйымдар.
IV. Қорытынды бөлім
Қайталау сұрақтары
- Бүгінгі сабақта қандай үй жануарымен таныстық?
- Түйенің төлін қалай атайды?
- Түйе жүрісі жырда қалай суреттелген?
- Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
Бағалау және кері байланыс
Бағалау бетшелеріндегі ұпай санына қарай жиынтық бағалау жүргізіледі. Сабақ соңында кері байланыс төмендегі сұрақтар арқылы орындалады:
- Нені білдім?
- Нені үйрендім?
- Нені түсіндім?
Үй тапсырмасы
- «Түйе» жырын жаттау.
- «Түйенің пайдасы» тақырыбына шағын реферат жазу.